Массаж жасап көрейік

Салауатты өмір салты /
Студент кезімде оқып үйренген тақыбыптардың бірі ғой))) Алдымен массаждың тарихына келсек.
Ғалымдардың зертеуіне сүйенер болсақ, массаж б.з.І және ІІ ғ.да халықтық емдеу әдісі ретінде кең қолданылған, ал VІІ ғасырдан бастап ресми түрде шығыстық медицина атанған. Массаж шынында дүние жүзіндегі көптеген елдердің халықтық медицинасының құрамдас бір бөлігі.
Қазіргі кезде массаждың батыстық және шығыстық деп екіге бөліп жүр. Батыстық массажға классикалық және сегментарлық, ал шығыстық массажға нүктелі (бір орынға қадап жасау) және жүйелі (дененің белгілі бір бөлігіне жасау) массаждар жатады.
Массаж терінің жылулық рецепторына да ықпал етеді, сипағанды, уқалағанда тканьде жылу пайда болады, оның денедегі тамырлардың тонусына және зат алмасуына жағымды әсері бар. Массаждан кейін адам рахат күйге бөленіп, Өзің жеңіл әрі сергек сезінуі керек. Массаждың шипалы болуы үшін екі шарт дұрыс орындалуы тиіс және бір-біріне сәйкес келгені жөн. Мәселен емшектегі балалар(немесе мектеп жасына дейінгі балалар) тіпті әлсіз тітіркенудің өзін қатты сезеді, ал 15 жастан 30 жасқа дейінгіадамдар өздеріне күштірек массажды керек етеді, 31-50 жасқа дейінгілер орташа күш түсіретін жеңілдеу массаж жасаған дұрыс. Дене еңбегімен айналысатын адамдарға қарағанда ой еңбегімен шұғылданатын адамдар массажға әлде қайда сезімтал келеді. Сондықтан күш түсіретін массажды ауыр дене еңбегімен айналысатын адамдарға жасаған жөн.
Массаж классикалық және сегментарлық болып бөлінеді Олардың бір-біріне ортақ тұстары біршама баршылық. Дегенмен массаж жасалатын жерге байланысты едәуір айырмашылықтары бар. Классикалық массажда жасаушы адам көбіне бір жерге әсер етсе, сегментарлық массажда нерв жүйесі арқылы ішкі органдармен байланысады. Бұл түріне сипау, үйкелу, жұмсарту тәсілдер жатады.

Нүктелі және жүйелі массаждар (точечный и линейный)денеге әсер етулері жағынан бір-біріне ұқсамайды. Мәселен, нүктелі масасаж кезінде организмнің биологиялық активті нүктелері, яғни ине терапиясын қолданғанда тітіркендіретін нүктелерге әсер етеді. Нүктелі массажды басқаша акупрессура деп те атайды.Жүйелі массаж қанның ағу бағытымен немесе ауырған жердің ұзына бойына әсер ету арқылы жүзеге асырылады.


Қалай массаж жасаймыз?
Массаж жасаудың 4 тәсілі бар: сипау, үйкелу, жұмсарту, дікірлету.
Массажды сипалаудан бастасақ. Бұл міндетті болып табылады. Оны бір-бірінен бөлек екі тәсілдің аралығында және массаждың ең соңында жасайды.
Жеңіл сипалаған кезде денеге аса салмақ салмайды, сипалау арқылы нерв жүйесін тыныштандырады, бұлшық еттерді босаңсытады, теріде зат алмасу процессін жақсартады.
Басты сипалағанда төбеден төмен, желкедегі құлақтың сыртындағы және мойындағы лимфалық түйіндерге бағыттап, артқа қарай сипалаған дұрыс.

Бетке массаж жасағанда оның орта тұсынан жақ астына қарай және иек астына қарай екі бағытта таралатын лимфалық бұлшық еттеріне массажды ет талшықтарының бағытымен жасайды.

Мойынды жоғарыдан төмен қарай сипау. Артқы жағын желкеден төмен қарай және трапеция тәрізді бұлшық еттің жоғарғы жиегімен сыртқа қарата бұғананың үстіңгі және астыңғы түйіндеріне қарай самайдан төмен қарай жылжыта жасайды

Қолдың сыртына және ішкі жағына массаж жасағанда саусақ сүйектерін тырнақтан бастап негізгі сүйекке қарай ұзына бойы сипайды. Алақанның сүйегі мен білектің сыртына және ішкі жағына массаж жасағанда қолды иыққа қарай жылжыта сипайды.

Аяққа масажды қолға жасаған кездегі ретпен жасайды. Аяқтың башпайын тырнақтан бастап, саусақтың негізгі сүйегіне қарай сипайды. Табанға және тұрқына массажды тізеге қарай бағыттап жасайды. Сирақты тобықтан тақымдағы лимфа түйіндеріне қарай, ал жамбас пен санды шаптағы түйінге қарай сипайды.
Сипалаудың көмекші тәсілдеріне қысқышпен ұстағандай шымшу, шөп тырмалаған сияқты тырнау, крест жасап айқастыра сипау және сылау жатады.
Сипауды болдым енді уқалау.
Бұл тәсілді қолданғанда массаж жасаушы адамның саусақтары терінің бетімен жай жылжып қана қоймай, тиісті тканьді орнынан қозғап, созып, оған салмақ түсіреді. Уқалаудың көмекші тәсілдеріне: із тастау (штрихование), үйкелу(строгание), тырма секілді уқалау және тарақ секілді уқалау — ысқылау (пиление) немесе орын ауыстырып отыру, және қысып уқалау. Ысқылай уқалауды блезік қырымен жасайды. Оны бір қолмен не екі қолмен жасайды.
Уқалауды болдым ендіденені жұмсарту Массаж жасаушы адам қолмен бұлшық етті уыстап көтереді, созады, қысады. Бұл тәсілде бұлшық еттерді созады, жұмсартады. Бұны қолданғанда қан айналымы жақсарады, тканьдердің қоректенуі артады.
Дікірлету. Бұл жағжайда массаж жасайтын тканьге қозғалатындай әсер етеді. Дікір үздіксіз және үздік-үздік болып бөлінеді. Үздіксіз дікірлеткенде массаж жасаушы адам қолын тканьнен бір сәтте ажырамайды, ал үздік-үздік дікірлету кезінде денеден бір мезгіл ажырап тынықтырып отырады.
Әйтеуір қысқартып жаздым ау. Түсінікті деп ойлаймын. )))

4 пікір

MSHERIMBEK
Өте мықты тақырып екен:) Тай массажында да осыған ұқсас үлгілерді қолданады:) Керемет қо;)
mairosh
яя рахмет үлкен тақырып. бар қысқартқам түрім ғой. )))))
followme_alik
кеттімжұмысқаорналасуғаАйлықтарыжаманемес

Жақсы жазылған ПооСт.РмТ, Майрош.
дікірлету)))

+1
mairosh
))))) менім жоқытығымды пайдаланып жазыпсыз рахмет )))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.