Шахмат ойынына шолу жасау #1

Шахмат || Дойбы әлемі /


Құрметті қолданущылар мен қонақтар! Шахмат ойынына шолу жасау #1 атты жаңа видеосабақты қабыл алыңыздар! Сіздерге ұнайтынына кәміл сенеміз! Сабақта:
1) Шахмат тақтасы
2) Фигуралармен танысу
3) Фигураларды орналастыру

23 пікір

Korkem
ооооооо жақсы болды, қашанғыдан қызығып жүр едім… +1
басқа сабақтарды қалай алуға болады
Arhun
Cәке, жарадың… ойын ережесін білемін дегеннің өзінде, керекті нәрселерді тоқыдым…
Ферзьді — ханзада деп атағаныңа қызығып отырмын
Этимологиясына жүгінетін болсақ былай дейді
Заимствовано из тур. färz, тур. färzi от перс. فرز «полководец, ферзь» (ferz), а то из перс. فرز «великий, мудрый» (farz). На Востоке главной фигурой в шахматах наряду с королем считался визирь. Использованы данные словаря М. Фасмера; см. Список литературы.
Ферзьді — Уәзір деп атасақ та болады екен, онда
Cөздікте тіпті түсініксіз
ферзь
муж. шахм. ферзь (шахмат ойынындағы ең күшті фигура)
размен ферзей → ферзьдерді айырбастау
Қазақша атаулары мені қатты қызықтырады, қысқасы =)))
MSHERIMBEK
Қолбасшы-ханзада болса да жаман емес сияқты =)))
Korkem
Жалғасын табар деп үміттенем
MSHERIMBEK
Сіз үшін әрине:))))))))))))
Korkem
кән жалғасы?
4o4
1 жыл бұрын сөз болып қалған жалғасы))) шахматты үйтіп бүйтіп өзің де уйреніп журсің ғой казір)))
VVVWWW
Қолбасшы немесе Әскербасы деген қалай
konvict
Бетім-ай, ық-ық. Елестетіп отырмын:
Шахматтан Қазақстан чемпионатын Аламан.кз-ның жігіттері жүргізіп отыр. Конви мырзадан ұтылып жатқан Көгілдірсақал амалсыз ладьясын кері шегіндіруге тура келді. Сол сәтте оны коментатор былай айтыватр: «Көгілдірсақал амалсыз Е69 торкөзінде тұрған мұнарадағы әскерлерін(!) кері шегіндірді»
Муахахахаха
MSHERIMBEK
Бірақ бұл шегіну арнайы стратегия бойынша болып жатқаның Конфликт(!) (бұттан кеттім) білмеген күйі Ханзадасын алға қарай төндірді. Бірақ ол, дәл осымен Ханның артын (!) ашып бергенін ұмытқан еді. Ап, «Шах» және «Мат»!
Чемпионат аяқталды адамдар жан-жаққа тарай бастады. Бірақ Конфликт (!) ойсырай жеңілген күйінен айыға алмай, шахмат үстелінің бір бұрышында басын төмен салып темекісін бір тартып қойып отырды. Көзінен аққан мөлдір тамшы жастары едемге тамып, өксігі залдағы өлі тыныштықты бір сәтке бұзғандай еді.
© ҚараСақал. «Менің жеңісім» романынан
konvict
Scheschesse!!! Атқылап жатыр бәрінен. «Менің жеңісім» романын менің көмегім болмағанда жарыққа шығара алмас едің ғой, әбіл-ау. Ол кезде Мадлен сені тастап кетіп, араққа салынып салқам-салқам болып жүргеніңде осы кітап арқылы шіріген жеріңнен қайта адам қалпына түсіргенімді қалай мұттың
konvict
Мен мынандай атау ұсынғым келеді:
Перзі-Ханзада болып қала бергені дұрыс секілД
Кәрөл-Патша немесе Хан
Слон немесе Офицер — Піл
Ат(Конь) — ат
Турка немесе ладия — уәзір деп осыны атаған дұрыс секілді. Өйткені уәзір бірнеше болады ғой. Әрі, қызмет ету аясы да сай келед кен.
Пешкі — жауынгер немесе пыросты әскер дей салса…
hunter94
шахмат менің сүйікті ойыным жақында жарысқа шығам шахматтан содан орын алсам айтаберліктермен 1х1 ойнаймын
Жарыска барып, орын алдынызба? сизбен ойнап кору керек екен
qyrmyzy
таныс дауыс, таныс… күнде ән айтатын… Рахмет, Садкооооо!!! Дым қақпайтын ем, қыста д/ш-да үйреткен ағайымыз.
Шашкиден жарысқа баратын болып, мені шашки ойнатқызып қойып, қалған оқушыларға шахмат үйреткен еді, ай ішім күйген-ді сол кезде. Кегімді қайтардың
QaraSaqal осы сіздін бір сайтыңыз бар едіғо, сайт ашу жайлы видеолар бар ше, 1 жыл бурын коргем, даусыныздап танып калдым
Karakulov
Жақсы болды. Маған да мектеп оқушыларын шахметқа үйрету тапсырылды осы жылдан бастап. Әдістемелік нұсқаулары болса осында орналастырсаңыз қуанып қалушы едім.
ereke_enu
Аттың фигурасы ат кен)
4o4
Қызық болсын бір бірімізбен онлайн режимде ойнап көреміз бе?)
mairosh
Күні кеше ғана осы шахматтан ұтылып едім :) Енді ұтатын боламын:)
4o4
хм)) ойын бастала салып менің 4ші журісімнен кейін слоның мен атың, оның артынша ладьян кеткен бірінен соң бірі))) утам дейсің еще)))
mairosh
Түүүуу бұл жерде айтпасаңызшыАйттым ғүә комп. дұрыс істемей қалды деп:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.