Шымкентте «Жас Отан» ЖҚ Кубогы үшін футбол турнирі өтті.


«Нұр Отан» футбол командасы «Жас Отан» ЖҚ Кубогына арналған жастар ұйымдары, университет спорт клубтары, қоғамдық бірлестіктері арасында өткен футбол турнирінің жеңімпазы атанды.
Финалдық ойыннан кейін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтіп, үздіктер мен әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Турнир қорытындысы бойынша «Нұр Отан» командасы 1-ші орынды, «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» құрамасы 2-ші орынды, «Самал» командасы 3-ші орынды иеленді.
Жекелей номинацияларда:
Үздік қақпашы – Ахметов Сулеймен («Самал» футбол командасы), үздік қорғаушы – Естемиров Қынанбек «ОҚМУ» футбол командасы), үздік жартылай қорғаушы – Сулейменов Асхан («ОҚМУ» футбол командасы), үздік шабуылдаушы (7 доп) – Айымбетов Дархан («Нұр Отан» футбол командасы) атанды.


Есжан Талгат, «Жас Отан» ЖҚ Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі бастауыш бөлімшесінің басшысы:
— Менің ойымша, ойында жеңу немесе ұтылу маңызды емес. Маңыздысы, жастардың бірлігін ынтымағын нығайту.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.