«007: Спектр» - 2015 жылы қазақ тілінде дубляждалған 3-ші голливуд фильмі

4 қарашада Алматы мен Астана қалаларында «Болашақ» қауымдастығы «ҰБХ «Байтерек» АҚ-ы компаниясы тобының, Алматы әкімдігінің, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Жастар – Отанға!» жобасының аясында және «MARWIN» компаниясымен бірге «007: Спектр» фильмін алғаш рет қазақ тілінде ұсынып отыр.
Іс-шаралар | Пресс-релиздер: «007: Спектр» - 2015 жылы қазақ тілінде дубляждалған 3-ші голливуд фильмі
«007: Спектр» Джеймс Бонд туралы 24 фильм, 2011 жылы қазақша дубляждалған 12 картина және 2015 жылғы мемлекеттік тілдегі 3 кинопремьера. Дубляждың режиссёрі Айжан Жамшитова, ол «Малефисента», «Жаңа Өрмекші-адам/Новый Человек-паук» «Золушка/Кулбике» фильмдерін де қазақ тіліне дубляждаған.
Дэниел Крейгтің орындауындағы Агент Джеймс Бондты қазақшалаған Ержан Жарылқасынов, оның даусымен Кек Алушылар-2: Альтрон дәуірі/Мстители: Эра Альтрона» фильмдеріндегі Тони Старк та сөйлейді. Атақты Моника Белуччиді қазақша сөйлеткен Күнсулу Шаяхметова, ол да бұрынғы дубляждарға толық қатысқан. Бондтың серіктестері Франц Оберхаузерді, Таннерді дубляждағандар Азамат Қанапия мен Самат Қордабаев.
Азамат Қанапия — голливуд блокбастерлерін қазақшалағанға жиі қатысады, ал Самат Қордабаев «Кек Алушылар-2: Альтрон дәуірі/Мстители: Эра Альтрона» фильмдерінде Халктіі дубляждаған.
Алғаш рет «007: Спектр» фильмін қазақша дубляждау өте қысқа, рекордтық мерзімде аяқталды. Қазақша дыбыстандыру жөніндегі бес жылдық тәжірибе арқасында актерлар мен шығармашылық топ дубляжды жоғары деңгейде жүзеге асырды.
Фильмнің алдын ала көрсетіліміне «Болашак» қауымдастығының құрметті мүшелері Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек, Мағжан Мұратұлы Әуезов, Қаныш Аманбайұлы Тулеушин, фильмнің бас демеушілері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Қазақстанның Тұрғынүйжинаққұрылыс банкі» АҚ, мәдениет, шығармашылық зиялы қауым және Қазақстанның іскер, саяси қауым өкілдері қатысты. Дубляждың алғашқы көрсетіліміне балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, блогерлер, «Болашак» қауымдастығының мүшелері, республикалық жастар ұйымдары, жоба серіктестері, БАҚ өкілдері шақырылды.
5 жыл ішінде 11 голливуд блокбастері қазақшаланды. Соның арқасында «Көліктер — 2/Тачки — 2», «Қара киімділер — 3/Люди в черном — 3», «Батыл жүрек/Храбрая сердцем», «Жаңа Өрмекші адам /Новый Человек паук», «Монстрлар Университеті/Университет Монстров», «Жалғыз рейнджер/Одинокий рейнджер», «Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат/Новый человек-паук: высокое напряжение», «Малефисента», «Галактика сақшылары/ Стражи галактики», «Күлбике/Золушка», «Кек алушылар: Альтрон дәуірі/Мстители: Эра Альтрона» фильмдері отбасылық көруге ұсынылған. Жоба тілдерді дамыту мен «Мәңгілік ел» бағдарламасын жүзеге асыруға, еліміздің халықаралық танымалдылығына ықпал етуде.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.