Маңғыстау облысында облыстық жұмысшы жастар форумы өткізілді
Бүгін яғни 04 желтоқсан күні Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас Отан» Жастар Қанаты Маңғыстау облыстық филиалы, облыстық кәсіподақтар орталығы және «Келешек» кәсіподақ жастар қанаты бірлесе ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының 1-нші жұмысшы жастар форумы өтті.
«Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз Мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету – оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді. Алдымызда аса күрделі қиын кезең күтіп тұр. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз». – Бұл кешегі Елбасының сөзі. 30 – ншы қараша күні Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты дәстүрлі жолдауында барлық жасалып жатқан дүниелер сіздер үшін, жастар үшін деп баса айтты. Форум жолдау жолдаған бағыт бағдарды жеткізуден басталады.
Шара мақсатының тағы бір тұсы: Мемлекеттік жастар саясатының жұмысшы жастары арасында жүргізілуін арттыру, білікті жас мамандардың қоғамдағы рөлін насихаттап, олар арқылы кәсіпорындарда идеологиялық жұмыстарды жүргізіп, еңбек дауларының алдын алуға жағдай жасау.
Форум 2 бөлімге бөлінді.
1. Бірінші бөлімнің күн тәртібіндегі мәселелер:
Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты жолдауын және «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жастар арасында насихаттау;
Маңғыстау облысында жұмысшы жастармен атқарылып жатқан жұмыстар;
Кәсіпорын ұйымдарының еңбек қатынастарында алатын орны мен маңызы, кәсіподақтардың жастармен атқаратын жұмыс бағыттары;
«Келешек» кәсіподақ жастар қанатының қоғамдағы рөлі;
Жаңа «Жас мамандар кеңесінің» ашылуын жариялау;
Биылғы үздік жұмысшы жастарды марапаттау;
2. Форумның екінші бөлімі тек қана жастарға арналған «Жаңа еңбек кодексі – жаңа мүмкіндіктер» атты семинары.
Шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Рақымбек Маршалұлы Әміржанов, «Нұр Отан» партиясы МОФ – ның сайлау алды тұғырнаманы жүзеге асыру және бақылау бөлімінің басшысы Гүлнәр Сейтқазықызы Нұрахметханова арнайы қонақ ретінде қатысты. Басқа да аудандық, қалалық «Жас Отан» ЖҚ бөлімше басшылары, «Келешек» кәсіподақ жастар қанатының мүшелері, Жастар ұйымдарының басшылары қатысты.
Өз кезегінде Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Орынбайұлы, Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Жанабеков Қайрат Құттыбайұлы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Себасов Марат Бақбергенұлы сөз сөйлеп, маңызды әңгімелермен ақпараттандырды.
Форум барысында Ақтау қаласында орналасқан ең ірі екі мекеме жанынан жас мамандар кеңесінің тұсауы кесіліп, төрағалары тағайындалды. Олар: «Каспий Битум» ЖШС жанынан құрылған жас мамандар кеңесінің төрағасы Абзал Садуақасұлы Нұржанов, «Ақтау магистралды газ құбырлары басқармасы Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы жанынан жас мамандар кеңесінің төрайымы Сұлтанова Айжан Абайқызы тағайындалды.
2 сағатқа созылған форумда үздік жұмысшы жастар марапатталып, ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссия мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры – Е.Н.Нұрғалиеваның жастарға арнаған семинар тренингімен жалғасты.

0 пікір