mail.ru-дан gmail.com-ға...

Интернет қолданушы үшін /
Сәлем, айтаберліктер! Бүгін гуглдың gmail.com пошта қызметі жайлы бөліскім келіп еді. Бұл жазбаға Жако ағайдың посты түрткі болды.



Gmail.com деген не?

Gmail -американдық google компаниясының тегін пошта қызметі. Аталған пошта 2004 жылы 1-сәуірде іске қосылған.

Басты беті:



Мейл.рудан артықшылықтары:

— Жады 7,6 гигабайт; (күн сайын ұлғайып отырады)

— Спамдар мазаламайды; (арнайы спам папкасына түсіп отырады)

— Қазақ әріптерін таниды; ( қорқпай ә, і, ң, ғ, ү, ұ, қ, ө әріптерін қолдана бересіз)

— Ұялы телефон арқылы поштаны тексеруге болады; ( мейлруда да тексеруге болады негізі).

Функциялары:



— Хаттарды әртүрлі папкаға бөлу;
— Чат;
— Документ;
— “Reader”;
— google-translation;
— Күнтізбе;
— Google allert;


Жеке тоқталсақ...
Сізге келген хаттар былай бөлінеді:



Мейл.ру мен фейсбуктағы сияқты мұнда да чат бар.



«Документті» бірнеше адам біруақытта пайдаланады. «Документ» ашқан пайдаланушы керек достарына шақырту жібереді. Мысалы, әр қаладағы айтаберліктер жиналып, бір жазба әзірлеуге болады.



Gmail-дың “Reader” функциясы
“Reader” — уақытыңызды үнемдейді. Күнделікті кіретін сайттарыңызды риддерге енгізіп қойсыңыз, пошта арқылы тікелей енгізген сайттарыңызға өтуіңізге болады.



Google-translation



Күнтізбе

Кездесулер мен жұмыстарыңызды күнтізбеге белгілесеңіз, алдын ала поштаңызға ескертулер келеді.



Google allert

Өзіңізді қызықтыратын тақырыпты гугл аллертке енгізіп қойсаңыз, сол тақырып жайлы интернеттегі материалдар поштаңызға хат түріндегі сілтемелер келіп тұрады. Интернеттен іздеп әуре болмайсыз.

Хат жіберу:



Чатты сөндіріп қоюыңызға болады.
Спамдар папкасы



Назарларыңызға мына видеоны ұсынамын. (Түсіргеніме бір жыл болады екен жақында)



P.S: google арнайы тапсырыспен жаздырған жоқ, жарнама емес, өте ыңғайлы пошта болғандықтан, сіздермен бөлісейін дедім.

Суреттер googleкз сайтынан алынды(екеуі), қалғандарына Сағыныш көмектесті. Үлкен рахмет) Сіздерге түсінікті болу үшін, өз поштамды пайдаландым.

36 пікір

qyrmyzy
сұрақтарыңыз болса, жауап беруге дайынмын!
Yasin
Қырмызы маған gmail адресіңді жеке поштама жиберші
beko
Сұрақ деймісіз? Жарайды мінекей

Әр бір хатқа өзіндік ярлык ретінде бөліп және оған түс беруге болады екен.
Енді сұрақ: Мысалы айтаберден хат келді делік, сол хаттар арнайы қызыл түспен белгіленіп, aitaber.kz деп автоматты түрде жазылып тұруына болады ма? Егер болса, қалай іске асыруға болады?
qyrmyzy
біледі екенсің, сұрағаның нес?!
beko
Жауабы табылды!
Қырмызы сізге рақмет уақытыңызды бөлгеніңізге!
Демек егер айтаберден келген хаттар автоматты түрде мынадай болуы үшін
Яғни ярлыкта (папка сияқты бөлек) автоматты түрде кіргізіліп, соған қатысты түсіпен және сөзімен ерекшеленіп тұруы.

Бұл айтабердін орнына кез-келгенді адреске қоюларыңызға әбден болады…
Демек фильтр арқылы жасаймыз.
1-қадам. Ол үшін керекті адресті көшіріп аламыз.

2,3-қадам. Іздеу ге сол адресті тастап батырманы басамыз яғни іздеуге жібереміз.
4-қадам. Іздеу параметрін басамыз.


5-қадам. Фильтр құрамыз.

6,7-қадам. Тиісті ярлыкті таңдаймыз, егер жоқ болса онда жаңасын жетінші қадамның жоғарғы жағында орналасқан создать арқыты құрамыз

8-қадам. Таңбаны қоюды ұмытпайық, бұл бізге сол адреске тиесілінің бәрін таңдауға көмек береді.
9-қадам. Фильтр құру батырмасын бассақ болғаны.


qyrmyzy
дұрыс бопты, «дайын асқа тік қасық» жасамай-ақ ізденуге болады екен! РАХМЕТ!
EREIMEN
Осылардың барлығын ерінбей жазып шыққаныңызға рахмет, бұдан бұрын Гуглдың аудару қызметін пайдаланып көрмеппін, енді есімде жүретін болды,
qyrmyzy
гуглдың аудару қызметінде қазақ тілі жоқ, ағылшын тілін үйренем деушілерге пайдасы тиеді. Осы қырғыздар тілдерін гугл транслейшнға енгіземіз деп еді, не болды екен???
AL-ASTER
гугл транслейт аудармасы қазақша аудару үшін, қазақша энциклопедия типтес жобалар талапқа сай аударылуы тиіс. Мәселен, гугл транслейт аударма жұмысын википедияға сүйеніп аударады-мыс. Ал, бізде википедиядағы материалдар көп емес, арасында дұрыс аударылмағаны бар.
qyrmyzy
иә, естігенім бар. Қазақ тілінің интернетте сөздік қоры болуы тиіс деген. Уикипедияшылар жиналысына қатысқан кім бар екен? Осы мәселені көтереміз деп еді Е_Жалғас өткенде
beko
Cөздік қоры қәзірдің өзінде бар ғой.(sozdik.kz) Ал енді сөйлемді толық, мәнді сапалы аударатын аудармашы қажеті анық.
qyrmyzy

Қызылмен боялған батырманы басып, поштаңыздың интерфейсін өзгертуіңізге болады. Дизайнын да өзгерте аласыз!
Bagashar
маған пайдалануду үйретесің ау дейм
qyrmyzy
әрине!
Bagashar
ертең барам онда. жанымда Арман болатын шығар.
qyrmyzy
ертерек айтарсыңдар, үймде болмай қалсам тағы…
AL-ASTER
Қызықты пост! Мен хотмайлды көптен бері қолданып жүрмін, майлр.рудан да бар әрине. Джимелге көшемін-ау осы )

Мына сілтеме осыған шақырып тұр :)
qyrmyzy
түйіншегіңді түйіп кел:)
Korkem
Не ғой, сенің де почеркің мәз емес екен)))) уахахахах ақталма
qyrmyzy
иә, жазуым реалда да жәмән, бірнеше посттарымда айтып өткем ол жайлы
pari
неғой Қыпмыызы почтаға келген хат қалай хабарланып тұрады мыс: агент қосылып тұрғанда жаңа хат болып кееледі.ал л гмайлда қалай? оғанда агент керек песол турасында түсіндіріп кетсең?
qyrmyzy
тура моймир сияқты, қазір
qyrmyzy
pari
мен сенен қалай ашады деп сұраған жоқпын итакта ашып қойдым сенен хат калай хабарланып келіп тұрады деп сұрап тұрмын сұрғаыма толық жауап бер!
qyrmyzy
сенің сұрағыңды түсінбедім. Ашқан болсаң, енді кірсеңші поштаңа! Сосын дұрыстап сөйлес!
pari
ой бір ,,, мыс: Айтаберден жазба жария болса, комптың астына агнет қосулы тұрғканда клеедліғой агенттің почтасы арқылы мына дмайлдан қалай келеді деймін!!!
qyrmyzy
айтаберге тіркелген кезде мейлрудағы поштаңды көрсеттің ғой, енді профиліңе барып, джимейл поштаңа ауыстыру керексің. Сонда ғана хат келетін болады.

Ол үшін сайттарға тіркелген кезіңде джимейл поштаңмен тіркелу керексің:)
pari
вот осылай айтпайсың ба жаңадан бері)))
qyrmyzy
өзің дұрыстап сұрасаң, дұрыстап жауап жазамыз:)
Arhun
Cұрақ, поштаңызда уорлдпрестің уведомл көріп қалдым… уорлдпрес істейді ме сонда?
Arhun
Содан кейін құжаттарда /документтерде/ жүктерлген суерттерім көргім келген жағдайда, көре алмаймын, сіздерде қалай екен?
qyrmyzy
документтерде сурет жоқ екен менде((
qyrmyzy
негізі уордпресс ашық тұр дейді, Ұшқын оқып отырмын деп туиттерге жазған болатын. Поштамдағылар уорпресс пен казжурдан келген спамдар
Turekhan
Өзіме mail.ru ыңғайлы.
duman
Қазақстан қашан өзінің өзгеден ерекше өте ыңғайлы, тегін ұлттық әлеументтік желісін қашан шығарып,Gmail.com,Facebook, Mail.ru мен бәсекелесе алады екен?
qyrmyzy
Мынау қазақ тіліндегі әлеуметтік желі. Моңғолиядағы қандастарымыздың еңбегі.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.