Химик болғысы келетіндерге арналған Алхимик ойыны туралы бірер сөз...
Әлемде заттың үш күйі болады: Қатты, сұйық, газ!- деп мектепте оқытқаны әлі күнге дейін есімде. Сабақты оның ішінде физика мен химияны жақсы оқығанмын десем, сіздерді алдағаным болар. Жарытып оқи алмадым. Бірақ мен мына сайтты сабақ үрдісінде қолданып, қызықтырып оқытса менің сабақты түсініп, оқуға деген қызығушылығым артып кететін ба еді? Интернетті аралап жүріп мына сайтқа тап болдым. Алхимия атты қарапайым ойыны. Өте қызықты ойын. Сіздерге Жер, От, Су және Ауа осы 4 элементті береді. Осы элементтерді қосу арқылы, басқа да элементтерді шығаруға болады. Ойынның шарты қарапайым. Элементтерді ұстап алып қоса береміз, шыққан элементтерді де қосып жаңа элемент түрін шығарамыз. Жалпы сіздерге 278 элемент түрі ұсынылған. Мен 15 элемент түрін шығара алдым. Ары қарай ұйқаспай кетті. Сіздер де ойынды ойнап жарысып көріңіздер. Мүмкін сіз сол 278 элемент түрін шығаратын боларсыз. Іске сәт. Ал ойынт туралы қысқаша түсінікті мен видео арқылы түсіндіріп көрейін. Рахмет! :)
p.s. Сіздер де сурет арқылы қанша элемент тапқандығыңыз туралы жазсаңыздар болады.
18 пікір
Ербол?! ЕееРбооол?!
Ербол?! ЕееРбооол?!
Ербол?! ЕееРбооол?!
Ербол?! ЕееРбооол?!
тапкан эоементтерім (адский огонь+бог+болотный голем+болото+взрыв+вода+воздух+вулкан+грязь+земля+камень+лава+магия+небо+огонь+озеро+пар+песок+порох+пустыня+пыль+серебро+солнце+философский камень+энергия)