Настольгия немесе LTE жабдықтарына шолу

Интернет қолданушы үшін /
2008 жыл. ҚазҰу. 1-курс. Журналистика. 3-қабат.

Компьютер сыныбы
Жарты сағат. Бар болғаны күніне жарты сағат. Ұмытып кеттің бе, бітті. Көңіл-күйің түсіп, 3-қабатқа көтеріліп, компьютер сыныбының есігін сығалай бересің біреу-міреу уақытын ұмытып кетті ме деп…



Компьютер сыныбында 6 компьютер болатын. Оның төртеуі интернетке қосылған, екеуі реферет теру мен ойын ойнауға арналған. 4 интернеті бар компьютердің біреуі сол сыныпқа жауапты студенттікі. Не керек 3 компьютер бүкіл 5 этажды жатақхана студенттеріне кешкі сағат 6-12 аралығындағы қызмет ететін. Арнайы журналға алдымен жазылып қою керексің онда да, бір сағат бұрын емес, бір апта, екі-үш күн бұрын… Кезегің өтіп кетсе…

2009 жыл. ҚазҰу. 2-курс. Журналистика. 4-қабат.
Кабельді интернет сыныбы
Сұмдық жаңалық болды біз үшін. 4-қабатта сары, жасыл, ақ түсті шнурларды ноутбукқа жалғап, интернетке кіре алады екенсің, вуаляяя! Жалпы 15-20 шақты кабель, оның бесеуі міндтті түрде істемейді… Жоғары курс студенттері келсе, үндемей бітпеген жұмысыңды типа бітірген сыңай танытып, таңдап алған әдемі, жақсы, жап-жасыл шнурды қызғанышпен ұстатасың қолына :)

2011 жыл. ҚазҰу. 3-курс. Журналистика. 4-қабат.
Керемет! Тізімі де, кабелі де жайына қалған жыл. Кабельді интернет сыныбы оқу залына, компьютер сыныбы ноутбуктары жоқ 1-курс студенттеріне арналған керемет сынып болды.
Бір кездері армандап көрмеген интернетіміз — уай-фай деген пайда болды. Бөлмеңнен шықпай, тып-тынып интернетте зымырай бересің. Жылдамдығы да жақсы болатын.
________________________________________________________________________________________________

Міне, жылдан жылға технология дамып, жаңа өнімдер, ыңғайлы өнімдер пайда болуда.
Бүгінде ойын-сауық орталықтары, кафе, мейрамханаларда сымсыз тегін/ақылы интернет қосылған. Барлығымыз үшін интернеттің жылдамдығы жоғары болуы маңызды. Әсіресе ірі компаниялар, онлайн-конференция өткізетін мекемелер, жұмысы интернетке қатысты ұйымдар үшін бірінші кезекте интернет, интернет жылдамдығы тұрады!

Енді, міне, LTE келді! Жоғары жылдамдықпен қамтамасыз ететін мобильді интернет желісі. 4G — бұл сымсыз байланыстың жаңа дәуірі, жылдамдық, сапа, жаңа мүмкіндіктер ұсынатын интернет желісі.

LTE технологиясы жоғары жылдамдықпен қалай қамтамасыз етеді?

LTE жабдықтары

LTE барлық жабдықтары пайдаланушының интернетке барынша ыңғайлы және жылдам қосылуы үшін арнайы жасалған. LTE «Mi-Fi» құрылғысымен ерекшеленеді. Дегенмен LTE технологиясы интернетке қосылу үшін жасалған арнайы жабдықтардың мүмкіншілігін арттырып, интернетке қосылу жолын жеңілдеткен.

Сонымен, оқимыз!

Қазақстанда LTE 4G интернетін ALTEL 4G компаниясы ұсынуда. Назарларыңызға ALTEL 4G ұсынатын LTE жабдықтарын ұсынамын.

«Wi-Fi», «Mi-Fi»
O_o???

«Wi-Fi»

«Wi-Fi» («Wireless Fidelity» («беспроводная точность») — алғашында елдің назарын аударту үшін ойлап табылған жарнамалық атау. Уай-фай — бір уақытта бірнеше қолданушыны интернетпен қамтамасыз ететін сымсыз интернет желісі. Уайфайға барлық құрылғылар қосыла алады. Тек кейбір ұялы телефондар мен бірнеше жыл бұрын шыққан смартфондар уайфайға қосыла алмайды.

LTE WI-FI РОУТЕРі



«Mi-Fi» деген не?

MiFi — бұл Wi-Fi hotspot тәрізді жұмыс істейтін шағын сымсыз модем. MiFi — мобильді телефон, планшет, ноутбук, нетбук, смартфондарға желіге қосылуды қамтамасыз ететін құрылғы. Жабдықтың әрекет ету радиусы — шамамен 10 метр. «Mi-Fi» көмегімен 30ға жуық құрылғы бір уақытта желіге қосыла алады (Wi-Fi арқылы).

Деректерге сүйенсек, «Mi-Fi» «мобильді «Wi-Fi» деген мағынаны білдіреді екен. Кейбір ақпарат көздері «Mi-Fi» — «менің Wi-Fi-ым» деп аударыпты.





Модем



Барлық (дерлік) байланыс операторларында желіге қосылу үшін арнайы бағдарлама орнату қажет. Әдетте мұндай бағдарламалар модемде (флешкада) болады. LTE модемі үшін бұндай бағдарлама қажет емес. Қосылу автоматты түрде жүзеге асырылады.

Мысалы, мынадай:
Wimax


LTE ALTEL 4G модемін ноутбук, компьютерге қоссаңыз, автоматты түрде желіге қосылады. Арнайы бағдарлама қажет емес. Веб-парақшадағы интерфейсі:


ALTEL 4G желісіне қосыла алатын құрылғылар:
Samsung Galaxy S III, Samsung Galaxy S II, Apple iPhone 5, Apple iPad mini, iPad 4th generation, HTC
One XL, Huawei Ascend, Huawei MediaPad 10 FHD, Motorola Razr HD, Motorola Razr M, Sony Xperia V.

ALTEL 4G интернет желісіне қосылатын Аpple өнімдері:

•iPad 4 – A1460 моделі;
•iPad mini – A1455моделі.

Ескерту:
• Планшет қорабында қосымша LTE жазуы болу тиіс.
• LTE желісінде жұмыс істеу үшін планшетке «ПО-ның» 6.1 версиясы орнату керек. (6.01 версиясымен шатастырып алмаңыз.

Жабдықтар жайлы толық ақпаратты мына жерден аласыздар. Суреттер http://www.google.kz/, http://altel4g.kz/ сайттарынан алынды

3 пікір

Kan
иа техника дамып жатыр. Қазақтар өзгенің дүниесі мен жаңалығын қолданып мәз. Қашан өзіміз жаңалық ашып, техниканың дамуына өзіндік үлес қоса аламыз
satirik92
Амансыз ба?! Біздің қазақта жаңалық ашылмайды. Себебі бізде өнертапқышқа стандартты жауап бар:
«Бұл — иісі қазаққа тән емес». Кәдімгі жұмысты бастау үшін қаншама адамға ақша тығу керек. Ал жаңалық ашу үшін намыстан тайып Қазақстаннан кету керек. Бірақ қазақтың намысы жібермейді.
korwinin_kyzy
ЫШШШААААА сендерде 2008 жылы анандай мониторлар болыптыго ))) не деген антиквариат ))))ят ят просто еще алматыда))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.