Интернеттің көмегімен бәрі жүзеге асуда...

Интернет қолданушы үшін /
Жалпы блогер Асхат Еркімбай ағамыздың бізге ұсынып отырған Жаңа медиа: монологтан диалогқа атты кітабын оқып шықтым. Кітапта бұқаралық ақпарат құралдары, ақпаратты калай тарататын орта жайлы сыр шерткен. Бұл кітапта автор тараулар бойынша топтастырған екен. Дәл қазіргі заманда интернет, яғни ғаламтор жүйесі өте жоғарғы деңгейде. Интернеттің көмегімен бәрі жүзеге асуда деп атап отырған себебім, жастардың барлығы дерлік күндіз де, түнде де көзіміздің майы кұрығанша интернетте отыратынымыз белгілі. Жастар неге интернетте көп отырады?.. Ия, бұл сұраққа жауап беретін болсақ, интернеттің көзін пайдалану тиімді болып тұр… өйткені іздегенің бәрі сол ғаламторда. Әрине жаңа технологиялы заманда және онлайн бұқаралық ақпарат құралдарына да жаңашылдық үлес әкелді. Қандай мәлеметті қарастырсақ та, ақпаратты, хабарды таратын құралдарды медиаға жатқызған автор. Мұнымен мен толықтай келісем
1-тарауда Медиа сөзі жайлы анықтама. Жалпы медиа сөзі латынның орта, аралық деген сөзден шыққан. Бұқаралық ақпарат құралдары жататын газеттер, журналдар, теледидарлар бәрі медиаға жататынан хабардар болдым. Джитал медиа мен Онлайн медиа жайлы екеуінің мағынасын түсіндім. Медиа мен қоғам бірінсіз- бірі өмір сүре алмаиды, өйткені медиа қоғамда болып жатқан әрекеттерді, ақпараттарды көрсететін, тарататын көзі болып табылады.
2-тарауда Жаңа медиа және қазақ журналистикасы. бұл тарауда Блогер Асхат Еркімбаймен сұхбаты берілген екен. Блог деген ұғымды алғаш Қазахстанға әкелген Асхат Еркімбай аға екенін осы кітаптан окып танысыстым, Нью-Йоркте тәжірбиден өтіп, калай блогты ашканынан хабардар болдым. Ия расыменде оқырманның барлығы дерлік газет оқымайды, бүгінгі аудитория интернетте калаған саитын жазып керегін оқи алады. Жалпы медиа құрал болып табылады. Медианы дұрыс пайдалана білсен, бізге берер көмегі тиері анық. Ақпаратты газет, радио, телдидар арқылы жеркізумен шектелмей, жаңа медиамен де ұласып келеді.Интернет дамыған сайын Медиа да сөзсіз дами түседі.Оған себеп: Қазақстанда блогшылар саны өсіп келуде, біріншіден ғаламторды паайдаланушылардың көбеюі, екіншіден блог деген сәнге айналып бара жатыр және үшіншіден блог ұғымы әлемдік деңгейге жетіп отыр.


3-тарауда Америкадаға жаңа медианың дамуы. Лекс Александер Солтүстік Каролина штатының Гринсбора қаласының “Ньюс энд рекорд” қоғамдық журналистика газетінің үйлестірушісімен сұхбат жазылған екен. Өте жаксы жазылған. Ғаламторда барлығына мүмкіндік беретін жаңа компьютерлі заманда бұқара халыққа мәлімет таратудың маңызы зор. Жалпы блог дегеніміз не? Блог- әңгімелер. Көптеген үздік блогтар бір- бірінің оқырмандары пікір алмасуға шақырады. Блогты қолданушылар онлайн режимінде өздерінің жұмыстарын жариялау үшін пайдаланатын құрал.Радиодағы жастар үні жалпы аптасына жеті күн жиырма төрт сағат бойы тыңдармандар әуен және жастардың өмірі жайлы хабар тыңдау үшін www.youthradio. org/webradio сайтындағы Веб радионы тыңдай алады.
4- тарауда Жаңа медиа, азаматтық журналистика және блогшылар. Интернетке қосылған компьютер модем және шағын бағдарлама арқылы кез келген адам веблог немесе блог арқылы күллі әлемме өз ойларын бөлісе алады. Көптеген блогтарда қате кеткен ақпаратты түзетіп, жаңалап, көңілі толмаған оқырмандарының пікірлерін де көпшілікке ұсынады. Және блогшылар көбіне лақап атпен шығады. Интернет жаңадан дамып келе жатқан маңызды коммуникациялық технология және журналистер үшін әлі де болса заңға қатысты қайшылықтарға толы. Кәсіби журналистер одағының әдептілік кодексінде бірінші ұстаным “Шындықты іздеп, ол туралы хабарла” деп жазылған.
Жалпы журналист бұқара халыққа қызмет етуі тиіс. Медиаға қарағанда блогшылар лақап атпен немесе бүркеншек атпен ақпарат таратады. Жалпы белгілі блогер Асхат Еркімбай ағаның Жаңа медиа Монологтан диалогқа атты кітабы жас журналисттер үшін өте тиімді болмақ. Жаңа медиаға қатысты терминдерді қалай пайдалану керек, деректемелер мен ақпараттық кеңістіктегі шектеусіз әлеуметтік желілердің өзекті мәселелері барлық жағынан қамтылған.

3 пікір

AL-ASTER
Рахмет. Осы кітапты тауып алып оқу керек екен.
qyrmyzy
Менің үстелімде тұрғанына бір ай болды:)
AL-ASTER
Енді менің үстелімде біраз жата тұрсын онда. Ертең келіп алып кетем)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.