Жеті қазынаның бірі...

Журфак /
Жеті қазынаның бірі…


«Ит – жеті қазынаның бірі» дейтін қазақ ежелден төрт аяқты ит тұқымын қатты сыйлап, қадір тұтқан. Күні төрт түлік малға қараған қазаққа ит малды қасқырдан сақтайтын күзетші, одан қалды аң аулауға үйретілген тазылар аңшылықта таптырмас көмекші болған.


1994 жылы қазақтың сері жігіті Бекет Есентаев Алматы қаласында өтіп жатқан иттердің көрмесіне барады.Ол сол жерде көрмеге алып келген үлкен иттерге таң қала қарап, иесінен мынау қазақтың төбетіме?-деп сұрайды.Сонда иттең иесі бұл иттерді Ауғанстаннан, Кавказдан алып келеді, ал қазақтың төбеті өткен ғасырдың басында жойылып кеткен,-деп жауап беріпті.Содан сері жігіттің намысы ұстап,қаны қайнап туған жеріне тартып отырады.Малшы ауылға барып, таныс жігіттерінен қасқыр алған төбеттерді сұрап алып, Алматыға алып келе бастайды.Содан қазақтың төбетін мойындатамыз деп, ақпарат құралдары арқылы насихаттап, көпшілікке таныстырады.1995 жылы сәуір айында өткен көрме де туған жерінен алып келген Байтөбет атты төбетті қатыстырып бүкіл Орта Азия бойынша 1 орынды алады.Бүкіл ит тұқымдарының ішінен Бас жүлдені жеңіп алады. Осылайша қазақтың төбетін мойындатқан сері жігіт 7 қазынаның бірін дәріптеді.Қазақтың төбетінің басқалардан ерекшелігі сол,қазақтың кең даласын да еркін өскендіктен табиғатпен үндес болуы.Сөйтіп,өзгелермен терезесі тең тұрсын деп жалпақ даланың итін де көтерді аңшы жігіт.Бүгін де төбет деген не?-деп сұрайтындар төбет өсіруге құмартып отыр.
Қазіргі таңда қазақтың төбетімен айналысып жүрген жастарымыз көп-деп өз ойымен бөліспекші болған осы салада өз жұмысын атқарып жүрген, біздің сұхбатқа өз келісімін берген Жан Өтемұрат.Ол кісінің қазақтың төбетімен айналысқанына 13 жыл болыпты.Жан Өтемұраттың итке деген қызықғушылығы сонау 1995 жылы өткен көрмеде ояныпты.Сол жерде Қазақтың төбетін дәріптеп жүрген сері жігітпен танысып, арласып, жақсы дос болғанын айтады.Ал Константин Плахов осы Жан Өтемұраттан бір отырыста естіп, Бекет Есентаевті іздеп сол кісіні тауып, кездесіп, тілдесіп, иттер төбелесін ашыпты.
Ол Иттер төбелесі әр аптаның жексенбі күндері өтіп отырады.Иттер төбелесіне жай иттер емес тұқымды иттер қатыстырылады.Қатысатын итті 1жыл бойы дайындап, иттер төбелесінің басшысына көрсетіп, содан өткен соң ғана ай сайын алып барады.Жеңімпаздар ақшалай сыйлық алады.

10 сынып оқитын баламен сұхбаттасқаным да ит десе жеген асын жерге қоямын деп жауап қатты.Осылайша қазақ жігіті қазақ төбеттерінің мықтылығын танытты.Анасында әңгімеге тартқанымда, мен қарсы емеспін себебі баламның нашаға,ішімдікке салынғаннан гөрі итпен айналысқаны жаксы деп тіл қатты.Табиғатпен үндес өскен халықтың тағы бір артықшылығы, жеті қазынаны дәріптеген сері жігіттің арқасында дәлелденді.Қазіргі таңдағы жас ит асыраушылардың саны көбейіп бара жатыр.
Қазақы төбет
Қордың негізгі жұмысы – қазақ төбеттерді асырау және оларды көбейту. Отармен айдалада да, тауда да жұмыс істеу сияқты иттің бірегей жұмыс қабілеттерін дамыту питомниктің міндеті болып келеді. Сайлаумен байланысты жұмыстар нақ осы бағытта жүргізіледі, бірақ иттің түрі де осы тектің тарихи бейнесіне сай болу керек.Біздің селекционерлер жануарлардың мінез-қүлқына да үлкен көңіл бөледі. Ол кез келген жағдайда, әсіресе адамға байланысты, тұрақты болу керек.Төбеттің ең басты қасы – бұл қасқыр, көкжал хайуан, лайықты бақталас, итжанды және жетелі жауынгер, өз дұшпанды құрметтейтін де ешқашан … Ит қасқырмен ешқашан кездеспеуі де мүмкін, осыған қарамастан, иттің негізгі міндеті – малды жыртқыштардан қорғау.Төбет, қасқыр сияқты, топ арасында тұратын ит, өз бауырластар ішінде сатылы лауазым сақтай білетін жануар. Қасқыр – кекшіл жануар екенін ұмытпау керек. Кәрілердің айтуынша абайсыз болғандықтан ит құйрығы адамнан кек алған белгі ретінде жер беті үстінен сорайып туруы мүмкін. Сондықтан төл иттер топта өз орнын және атқаратын жұмысын табу үшін әккі иттермен бірге өсуі және тәрбиеленуі керек.
Қазақы иттің қасиеті қандай?
Ертеде қазақ малшылары Төбеттерді тамақтандыратын ағаш итаяқтарды жасат¬қанда, ішкі өңіріне қасқыр терісін қаптатады екен. Бұл, Төбет иттің тағам иісі мен қасқырдың иісін де қатар алып, өз қасиетін ұштай түсуіне баулиды.
Күздің салқын күндерімен бірге аңшылық пен саятшылық өнерге құмар адамдардың да арқасы қоза түсетіні белгілі. Мұндайда олардың бірден-бір сенімді серігі таза тұқымды құмай тазы немесе қазақы ит екені де рас. Сондай-ақ енді біраз күнде ит тө¬белесі де басталғалы тұр. Ал ондай сайыс небір азулы төбеттерсіз өте қоймас, сірә.
Төбеттің киелісі бола ма?
Жалпы, көптеген аңыздарда бағзы замандардан адамның серігі ретінде танылып келген тіршілік иелері таңғажайып жануарлар туралы мәліметтер көп сақталған. Біз әрқашан қиял қанатына мініп, арман әлемін ізде¬генде қасымыздан табылып, көмек көрсететін ғажайып тіршілік иелерін: самұрық, айдаһар, жылан мен барыс, Жерді үс¬тіне қондырған алып тасбақа мен мемле¬кеттерді сақтап қалған бөрілерді еске аламыз. Ал ХХІ-ші ғасырдың басында Қазақстанда өткізіліп жатқан көрмелерінің бірінде Марко Поло еңбектерін зерттеп жүрген француз ғалым-этнографы, қарапайым қарғы бау тағылған алып та маң¬ғаз итті ұстап тұрған ақсақалдың алдына барып қаққан қазықтай қатады да қалады. Итті бастан-аяқ қараған күйі жануардың алдына жүгіне отыра кете, өзіне таңдана қараған жүздеген адамның көзінше аузынан жалын шашқан айдаһарды көрген адамға тән сезіммен сөйлей бастады.
«Бұл нағыз төбет емес пе? – деген ға¬лымның даусы дірілдей шықты. – Нақ өзі ме? Көшпенділер өркениетінің сақшысы бол¬ған айтулы ит пе?!». Бұл сөздер маңындағыларға қатты әсер еткені соншалық, әлгі итке онша назар салмаған көрермендер енді оған асқан қызығушылықпен қарап, қоршап алып тамашалап жатты
Төбет иттердің шығу тегі жайындағы мәлімет көздері сонау 1121 жылдардан бас¬талады. Тіпті қазақы төбет иттің қаңқалары Шығыс Еуропадан Қиыр Шығысқа дейінгі мұздақ дәуірі алдындағы климаттық зоналы өлкелерден табылған.
Көшпенділер өмірі дәстүрлі түрде жылқы малымен тығыз байланысты. Марко Поло ХІІІ-ші ғасырдағы қазақтар туралы жазбаларында ойға сыймайтын алып денелі, ерекше күшті иттер жайында былай деп жазып кеткен: «Тайыншадай биік денелі иттер – тағы аңдарды аулауда, күзетте және ауыр жұмыстарда тамаша серік».
Бүгінгі күнде Қазақстанда таза қанды Төбеттер аз қалды. Егер де Алматы облысындағы тасқа қашалған ит суреттеріне негізделген деректерге сүйенсек, онда бұл иттердің осы өлкеде өмір сүріп жатқан кезеңін 4 мың жылдан астам деп қарап, қазіргі Төбеттің – бүкіл қазақ халқы бастан кешкен дәуірлердің куәгері болған асыл тұқымның шынайы ұрпағы екенін батыл айтуға болады.
Төбет – көшпенді өмір тарихының құнды жәдігері, отырықшы мәдениет тұсында жоғалып кету қаупі төнген алып үй жануары, яғни, өзін сомдаған уақытқа қалтқысыз қызмет еткен шынайы перзент. Енді бұл иттердің көшпенділер өмірінен салынған бір де бір суреттен бой көрсетпеуі жөнінде сұрақ туары сөзсіз. «Бөрінің тәңірісі болса, иттің иесі бар» деп бағалаған халық, Төбет – жеті қазынаның бірі, яғни дала көшпенділері оны өздерінің құндылығы ретінде тіл-көзден сақтауға тырысқан. Ал құпия тек аманат ретінде ғана беріледі емес пе? Төбет – адам қабағын баққан жай серік, немесе айбат берер көрік, ұлтқа тән ортаның көрсеткіші емес, сайын даланың ғасырлар көшімен жалғасқан тұтас өркениетін қорғау міндетін мойнына жүктеген метафизикалық күш, киеге ие хайуан. Ал кие мен қасиет деген ұғымды жарқыратып көрсете бермей, жасырын ұстап, ерекше қастерлейтін көшпенділер бұл дәстүрге әркез берік.
Олар неліктен төбет аталған?
«Төбет» атауының шығуы да осыған байланысты болар, сірә? Төрт түлік көшпен¬ділердің басты байлығы екені белгілі. Бұл байлыққа көз тіккен басты жау – дала тағылары, қасқырлар. Қасқырды жалаң қолмен алған ерлер болса да, кейде көшпенділердің жауынгерлік қабілеттері, табиғат жыртқыштарының шабуылынан қорғап қала алмайтын тұстар да кездесетін. Айтпай келетін апат саналған қасқырларға қайыспай, қаймықпай қарсы тұратын тосқауыл тек табиғатынан осы қасиетке ие Төбеттер ғана еді.
Ертеде қазақ малшылары Төбеттерді тамақтандыратын ағаш итаяқтарды жасат¬қанда, ішкі өңіріне қасқыр терісін қаптатады екен. Бұл, Төбет иттің тағам иісі мен қасқырдың иісін де қатар алып, өз қасиетін ұштай түсуіне баулиды. Бүгінгі күнде қазақстандық малшылардың миллиондаған шығынға ұшырауының басты себептерінің бірі – малдың ит-құсқа жем болуы. Жергілікті орындарда қасқырды ату бағасын 10-нан 40 долларға дейін бағалайды. Мамандар бұдан гөрі тиімді әдіс, мықты қорғаныш Тө-бет ит ұстау қажеттігін көлденең тартуда.¬
Көшпенді дәуір кезіндегі көштің көркі – байыптылық пен қырағылық таныта білген Төбеттер. Көш тоқтаған мезетте қырат басынан табылатын алапат күш иесі салқынқандылықпен өз міндетін атқаратын. Көш¬пенділер дәстүрі тоқтап, ұмытыла бастағанда табиғаттың бірегей туындысы Төбет те тарих тереңіне, уақыт тұманына кіріп адасқандай күй кешті. Адамдардың қат-қабат тағдырымен Төбеттің аңызға бергісіз тарихының осындай байланысы бар еді.
«Асылдың қын түбінде жатпайтыны» сияқты Төбет иттердің даңқы да тынымсыз адамзатқа тынышсыздық сыйлауда. Біреу¬лері алыптың аңызын бүгінгі күннің шындығына айналдырғысы келсе (жоғарыда айтылғандай, аңшылық іске), енді бірі күнкөріс қажеттілігінің сұраныс көзіне (ит төбелесі) айналдырып пайда табуды көздеу¬де. Ең өкініштісі, кейбіреулер қасқыр иісімен малданбаған, өзге қанмен қосылған, кейде ай¬дала¬дан ұстаған құр ірі денелі итті «нағыз Тө¬бет» деп көрсетіп, жарнамасын жүргізіп, тұқым көбейтіп сату ісін жалғастыруда. Бұл – таза қанды тұқымның жоғалуына ғана емес, қанмен берілер қа¬сиеттердің түп-тамырына балта шабу. Сосын сатып алушылар тарапынан қасқыр иісін сезгеннен ауланың түкпіріне тығылатын ит пен ақталмаған баға мен уәде туралы таусылмас дау басталады.
Әбден дұрыс. Өткені таза қанды Төбет қасқырдан тайсалмайды. Екі жасар Төбеттің төрт қасқырмен бір мезетте алысқан айқасы туралы да мәліметтер бар. Мұндай күш пен қуаттың кез-келген жануарға беріле бермейтіні анық. Қасқыр алатын итті өсірушілер пір тұтатын қазақ даласының айбыны – төбеттер туралы аңыздар осылай қалыптасқан еді.
Өткен ғасыр соңында топтастыра жүйелеу барысында мамандар Төбеттерді «ортаазиялық овчаркалар» тобына енгізді. Бұл тұқым сонымен бірге түркімен алабайлары – түптеп келгенде қоспа қанды төбеттер. Нағыз қазақы Төбет үшін Батыс мамандары он мыңдаған евро беруге дайын. Бірақ «нағыздың нағызы» табиғатта саусақпен санарлық деңгейде бой көрсетеді. Тіпті бір отар қойды бағуға бір Төбет жеткілікті. Оның «алп» еткен үнін естіген соң жанкешті болмаса қасқырлар бата қоймайды. Олар өзін жеңер күштің мысын сөзіне қояр қабілетке ие. Үйірлі қасқырдың өзі бір Төбетпен шайқасқанда қаншалықты шығынға ұшырарын тағыға туа біткен түйсікпен сезінеді.
Мұндай иттер бір-бірін сыйлап құрметтеу¬ге үйренген. Иесіне деген осындай құрмет бұл ит тұқымының қанына сіңген қасиет. Осындай сенімді серігі бар адамдардың айтуынша, төбеттің ақыл-парасаты, сезім түйсігінің ерекше дамығандығы соншалық, ол иесінің ойын ишарасынан таныған. Артық-ауыс сөзді қажет етпейтін кемеңгерлер сияқты, төбеттер де нені болмасын, ісімен дәлелдеген.
Алабай деген сөз тұқымның атауы емес, тұрмыста қарапайым иттерге байланысты айтыла салатын сөз екенін көптің бәрі біле бермеуі мүмкін. Ал төбет сөзінің этимологиясы осы кемеңгер иттің болмысына сай. Яғни «төбеде жатқан ит, бас күзетші» деген мағынаны береді. Төбеттің ең сүйікті орны – көш орныққан жердегі ең биік төбе.
Ертеде, тіпті қазіргі уақытқа дейін дала тағысы қасқырға қасқая қарсы тұрар бірден бір жануар осы төбеттер. Төбет табиғатынан қасқырдан қаймықпаған. Ол тек даусын шығарып, бір үрсе болғаны, сол түн малға қасқыр шаппайды деген сөз.

3 пікір

Достар салем! Бұл материал өте көлемді болғандықтан көп жерлерін қысқартуыма тура келді.Сол себепті сүрақтарыңыз болса,өзімнен сұраңыздар.
maulen
Жақсы жазылған екен… Соңына дейін оқып шықтым. Бекет Есентаев халыққа белгілі еңбек сіңірген қайретқер болғандыңқтан, ендігі сондай асқар таудай әкенің еңбегін халыққа танытып, жеткізу сенің қолыңда…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.