Рамазан айында құран жаттайық.Құран кәрім сайты

Құрметті Айтаберліктер ораза қабыл болсын!

Өздеріңіз білетіндей Рамазан айы-айлардың сұлтаны, патшасы дейміз.Өйткені бұл ай құран түскен ай.Сондықтан мұсылман болғандықтан осы айда құранға қатты мән беруіміз керек.Ең болмаса құраннан 1 сүре жаттасақ соның өзі үлкен сауап.Тіпті ғалымдардың өзі осы айда сабақтарын тоқтатып тек құранмен байланған.Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадис-шарифте:«Сіздердің ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендеріңіз»- деген.Сондықтан Рамазан айында құран білетініміз болса қайталап, білмейтініміз болса жаттайық, білмегенге үйретйік..Әрине әр адамның үйінде құран тұрмауы мүмкін, арабшасы болса қазақшасы тұрмауы мүмкін.Сондықтан сіздерге керемет сайтты айтқым кеп отыр, біреулеріңіз білерсіздер, біреулеріңіз білмейтін шығарсыздар.
kitap.kuran.kz
Құран кәрім сайты- бұл сайтта біз Құран кәрімді арабшамен қоса қазақшада оқи аламыз.Егер арабша білмесеңіздер транскрипциясы да бар.Және бір аятты қосқан соң астындағы арнайы плеррмен құранды тыңдауға да болады.Құран Халифа Алтайтын аудармасымен жазылған.Әрине әзірше құранды қазақшаға аударған осы кісі ғана.
Сайтқа кіріңіздер сүрелерді жаттаңыздар, тіпті 1 аятты жаттасаңыз оның өзі үлкен сауап.Рамазанның қалған күнін осы құранды жаттаумен өткізейік.
Құран жайлы бір хадис жазып кетейін.Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с): Бір үйде Құран оқылса, аспаннан періштелер енеді. Шайтандар қашады. Үй-ішіне жақсылық, тыныштық енеді, жақсылық көп, жамандық аз болады. Бір үйде Құран оқылмаса, ол жерге шайтандар келеді, періштелер кірмейді, үй-ішіне тынышсыздық келеді, жақсылық азайып, жамандық көбейеді»,-деген.
Сайтқа өту-kitap.kuran.kz

1 пікір

zhanibek
Алла разы болсын бауырым
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.