neke.kz кел қалқатай)))

neke.kz кел калкатай,
Интернетте кыдырып

Жас жок бұл күндері интернет игермеген
Жас отауға берер кенестерімен
Қарсы аламыз, некеге кел қалқатай
Танысу бұрышы бар сен білмеген

А-хау, құшағыма сені алып
Би билейін қуанып
Некеге кел, қалқатай
Достарыңды шақырып


Біраз уақыттан бері, блог жазудан қол үзіп, айтабер сайтына бас сұқпай кетіппін. Енді міне бүгін соның ыңғайы келіп тұр. Сіздерге өзіміздің ашқан жаңа сайтымыздың таныстыруын ала келдім.Өзіміз деп отырғаным мен және Айкона. Сайтымыз-отбасын құруды жоспарлап жүрген және жас отбасыларға арналған. Той десе қу басы домалайтын қазақпыз ғой, той жасағалы жүрген достарыңыз бен сіздердің бір кәделеріңізге жарайтын сайт деп ойлаймын.
Жалпы сайттың бағдары:
Жаңалықтар -->Елде-->Әлемде-->ҚазНет-->Тарих-->Романтика
Салт-дәстүр-->Үйлену-->Қыз ұзату-->Той әндері-->Құттықтау
Әсемділік-->Сән-->Той киімі-->Той әшекейі-->Денсаулық
Шымылдық-->Екеудің құпиясы-->Сыр сандық-->Өзара түсіністік
Ас үй-->Ас мәзірі-->Кеңес
Neke.kz ұсынады-->Асаба-->Фотограф-->Салон-->Ресторан-->Той жабдықтары-->Көлік сәні-->Шақыру қағаздары


Сонымен қатар бізде танысу бұрышы бар. Ол жерде арнайы анкетаны толтырып, өз жұптарыңызды табуларыңызға болады.Бәлкім сіз іздеген ақ бозатты ханшайым мен ханзада сізді сол жақта күтіп отырған болар.
Сайтымыздағы соңғы жаңалықтармен бөлісе отырайын.
Қазақ интернетіне танымал екі блогердің отау құрып жатқанынан хабардарсыз ба? хабардар болмасаңыз міне олардың кімдер екенін біліңіз.

Осыдан бірнеше күн бұрын қыздар арасында Айкона сауалнама алып "ҚазНеттің сұраныстағы 10 күйеу жігітіті" анықтады, олардың кім екенін өз көзіңізбен көріп қайтыңыз. Олардың ішінде осы сайтың админдері Садық пен Ербол деген мырзалар бар.

Сайтты сіздердің көңілдеріңізден шығу үшін дайынбыз, сіздерге біздің үйдің есігі әрдайым ашық!

15 пікір

MSHERIMBEK
тамаша сайт :) күніне кіріп тұрамыз :)
Zhanat
келіп тұр қалқатай))) (өткендегі уәдеңді ұмытпадың ба бауырым)
MSHERIMBEK
әрине ұмытпадым.
Madi
Қарасақал, маған берген уәде? :)
yesbolat83
Құтты болсын! Жұртына пайдасы тиіп, алғысына бөленер сайт болсын!
Jako
Садық пен Ерболдың топ ондыққа қосылғаны жақсы болды, жас жағынан келсек мен бас құда болармын қыздары бізге келін болған сайттарға))))
pari
Жақсы жоба! Өрге жүзсін сайтыңыз! Бәрекелді)
AL-ASTER
Иә, үнемі кіріп тұрамын. Маған бұл сайт ұнайды.
Korkem
Олардың ішінде осы сайтың админдері Садық пен Ербол деген мырзалар бар.
Jako
Жанат, топ он қызымызды да шығарып қойсаңдар болар ма еді деген ой ғой.
mairosh
Сайт шынымен керемет-ақ. Жарайсыз ағатай:)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.