Менің жеке блогым

Интернетте жүргеніме біраз болса да, жеке сайт не блог ашу осы уақытқа дейін тіпті ойыма келмепті. Жеке сайттың не керегі бар маған? Оған оқырман тарту керек, бәрін өзің бақылап отыруың керек, айдалада жалғыз өзіме жеке сайт ашып алып не істеймін, қырт-шырт жұмысы көп дейтінмін. Ия қазір де солай ойлаймын. Бірақ…
Бұрыында интернет, домен, сайт, хостинг дегенді енді түсініп бастағанымда бірден ойыма, осы өзіме abylai.kz деген доменді алып алайыншы деп тексеріп қарағанымда, ол домен бос емес еді. Ол доменді басқа бір Абылай тіркеп алып, ішіне өзінің қызметін жарнамалайтын сайт салып қойған еді (кафель жабыстырады). Ал басқа атпен домен тіркеуге фантазиям жетпеді. Сөйтіп, жыл сайын abylai.kz доменінің уақыты жақындаған сайын (әдетте домен бір жылға беріледі) мүмкін осы жылға ұзартылмайтын шығар деп есек дәмеммен аңдып отыратынмын. Босаған бойда алып аламын ғой деп. Жоооқ, жыл сайын ұзарлытып отырды. Содан не керек, одан бері екі-үш жыл өтті. Домен босайды ғой деген үміт тіпті қалмады. Оны ұмытып та кетіппін…
Осы жылы, өзіммен өзім Ақтөбеде дипломның әлегімен жүгіріп жүрген кезімде yerbol89 хабарласты. Айтады abylai.kz/ деген домен бос тұр ғо, неге тіркеп алмайсың деп. Қоооойш! Не дейд, қуанып кеттім, тексеріп қарап едім, сайт иесі биылға доменнің уақытын ұзартпапты. Сол бойда бастығыма телефон соғып, Өмеке, доменді тіркей қойыңызшы деп өтініп. Әйтеуір доменді тіркеп алдым ау өз атыма (ақшасын әлі төлеген жоқпын :) ). Осы доменді алсам болды, сықи сайт жасап алам деп едім. Енді доменді алғаннан кейін, әне жасаймын, міне қолға аламын деп жүргенде оған да жарты жылдай уақыт өтіп кетіпті.
Енді домен бар, хостингты да Өмеке берді. Бірақ сайт жоқ. Бос тұрмасын деп, ішіне өзімнің жеке блогымды ашып қойдым. Вордпресте. Қарапайым, өзіме жарайды. Осы жерде жазылған соңғы жазбаларымды көшіріп қойдым. Кейін уақыт өте келе ішіне уникалды контент те жиналар :) Жалпы жазатын тақырыптарым сол баяғы, ішкен жегенім, қайда бардым, қайдан келідім. Сосын Айтиге қатысты, сайт жасауға қатысты жазбалар.
Жалпы айтайын дегенім не. Жәәәй өзімнің доменім бар екеніне мақтанайындеп жатырмын. Енді менің [email protected] деген электронды поштам бар :)))) Жазып тұрыңдар. Сосын жеке блогым да бар :))) Кіріп, оқып, пікір қалдырып тұрыңдар :))) Осыыы abylai.kz/



Айтпақшы, менің сайтым, Грант Қазақстан интернет жүлдесінде Жеке сайт номинациясы бойынша байқауға қатысып жатыр, мында тіркеліп, сайтыма дауыс берсеңіздер риззза болып, алғыс айтар едім. www.grant.kz/kz/sites?web=abylai.kz
Рахмет :)

9 пікір

yesbolat83
Ал, інішек, мен саған қолқа салайын. Маған болг ашып берші?!
Білесің ғо, ағаңның ондай нәрсе ашуға білімі жетпейтінін.
Korkem
Негізі жеке сайт, яки блогың болу жақсы дүние. Керекгіңді барып жаза қоятын)))
Korkem
ҚЫРТ-ШЫТР блог
Соңғы өңделген уақыты:
yesbolat83
Негізі осы қырт-шырттың мағынасын көбі түсіне бермейді.
Umarbekov
Менде сатып алғанмын өз аты жөнімді umarbekov.kz. Әзірге сайт ашуға қол тимей жүр.
followme_alik
шрифттерің сәл қысқартпасаң, көзді ояды
aseleka
Кутты болсын!!! Блог аштым гой, азирге жарар деп тагы жылдап созып журмесен болар))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.