«Ситуативный казахский» кітабын www.kaspibank.kz сайтынан тегін жүктеп алуға болады

Енді Қанат Тасыбековтың «Ситуативный казахский» кітабының электронды нұсқасын www.kaspibank.kz сайтынан тегін жүктеп алуға болады. Бұл туралы бүгін Ұлттық кітапханада өткен таныстырылым барысында хабарланды.
Электронды нұсқа түрінде таралып, көпшілікке қолжетімді болуы үшін Kaspi Bank қолұшын созған. Банк өкілдерінің айтуынша аталған кітап қазақтың болмасы мен рухани, тұрмыстық тіршілігі туралы айта отырып, тілді үйренуді жаңа қырынан көрсеткен. Сондықтан алғашқы томы шыққан күннен бастап қазақша үйренгісі келгендер арасында сұранысқа ие. Бірақ кітап нұсқасының барлығына жетуі мүмкін емес. Сатып алуға мүмкіндігі жоқтар да бар. Әрі қазір көпшілік онлайн оқығанды жөн көреді. Осы себептерді ескеріп банк басшылығы көпшілікке кітаптың электронды нұсқасын оқуға мүмкіндік бергенді жөн көрген.
20 наурыздан бастап Kaspi Bank-тің әлеуметтік желілердегі парақшалары мен Apple iBookStore, Google Play Books, және Amazon-да қолжетімді болмақ.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.