Әкенің ұлына айтқан 10 ауыз сөзі

Пайдалы кеңестер /
Әкенің ұлына айтқан 10 ауыз сөзі


1. Ұлым, сұлу әйелге сүйсінем деп жанарыңды жоғары көтерме, өзіңдікі емес сұлуға сұқтана қарау жараспайды. Көп адамды әйелдің сұлулығы құртқан, өйткені сұлудың махаббаты күл қылып күйдіріп жіберетін жалын іспетті.
2. Ұлым, ақылдыға ілессең, адаспайсың; ақымаққа ілесіп, ақыл қоспайсың.
3. Ұлым, ағашты бұтағы мен жемісі, ал, тауды қалың орман қалай көркейтсе, еркекті балалары мен әйелі солай көркейтеті. Бауырлары да, әйелі де, ұлдары жоқ адамды жаулары көзге ілмейді. Ол жол айрығына өске ағаш сияқты, әр өткен адам жемісін жұлып әкетеді, әрбір аң даладағы әр қабығын бір тістеп өтеді.
4. Ұлым, тәтті тілмен сөйле, аузыңнан шыққан сөзің жылы болсын. Ит құйрығын бұлаңдатса тамақ жейтінін, абалап үрсе таяқ жейтінін есіңе сақта.
5. Ұлым, кейін кеудемді бассын демесең, жақыныңа аяғыңды бастырма.
6. Ұлым, алыстағы бауырыңнан қасыңдағы досың жақсы. Ажарлы болғаныңнан жақсы атыңның шаққаны артық. Өйткені, жақсы атың мәңгі қалады, ажарың таяды, жоғалады.
7. Ұлым, достарың өзіңнен безіп кетпесін десең әкеңнің достарынан өзің де алыстап кетпе.
8. Ұлым, адамдар өз-өзімен таласып жатқан жерге жолама. Өйткені, талас көп жағдайда кісі өліміне себеп болады.
9. Ұлым, өзіңнен үлкен кісіні көргенде, құрмет қылып орныңнан түрегел.
10. Ұлым, егер сен: «Қайтсем ақылды болам?» деп жүрегіңмен қиналсаң, мынаны біл, аузыңнан жалған сөз шықпайтын болсын, қолыңды ұрлықтан ти, сонда ақыл кіреді.

22 пікір

dimash
меніңше кейде дұрыс жолдан ауырқыған да артық болмайды, тек барлығын ойланып жасаса…
Togzhan
Тамаша сөздер, бірақ өмірде бәрін орындап жүру мүмкін емес қой:
Ұлым, алыстағы бауырыңнан қасыңдағы досың жақсы.
мына сөзді жиі естігенмен, орындай алмайтын секілдіміз, бауыр етің бауырың, қанша алыста болса да тартып тұрасың ғой…
vkm
жағдайға байланысты ғой, бірақ әкенің неден үйрен, неден жирен деп, жалпы бағыт бергені керемет сияқты! Мен ұл болсам,қолданатын едім
akmaral
қыздардың да кейбір жерлерді түртіп алуына болатын сиякты меніңше))
иа баурың кашанда бауырың
Baha_07
Меніңше бұл жерде еңбек ету және туысыңды силау,ұмытпау туралы пункт қосу керек сияқты… бұл екеуі біздің өмірдегі маңызды және ең қажет нарсе ғо...әке өсиетін тыңдап өскен жігіт жаман болмайд!
beko
Негізінде қосуға болатын өсиеттер бар, ооны кейін әке болғанымда қоса жатармын… Хе Хе (әзіл)
Ал негізінде бұл жерде ең басты 10 өсиет жазылған. Көп те емес аз да емес.
Айта кетерім,
Әкелік парызын орындап жүргендерге осы мақалаға өз қосар өсиеті болса, әрдайым қосуға дайынмын. Хат жазуды ұмытпайық.
Қазақ мұсылман ұрпағымызға өсиет қалдыруға бірге жұмыла ат салысайық…
Baha_07
Хе хе… мен әлі ондай дәрежеде емеспін)))дегенмен бауырларыма айт жүрсем болад.
beko
Баке, бұл жерге менің де ойыма келгенді жұртшылық назарына қоюыма болмайды, сіз секілді. Біздің өміріміз алда. Бізде ол деңгейге жетерміз әлі-ақ, құдай қаласа. Сонда ғана мен өз балдарыма не өсиет қалдырғым келсе, соны бүкіл қазақ ұрпақтарына бөлісуге ат салысармын құдай қаласа…
Baha_07
Әмин… сонда сіз нені айтып отырсыз сіз секілді дегенде? Мен артық ештене айтпаған секілдімін, еңбек пен туысқанмен сыйласу, жақсы қарыс қатынаста болу туралы қосу маңызды меніңше…
beko
Біз екеумізде әрине қәзіргі уақытта әке емеспіз, алда ғой енді ол құдай қаласа, нәсіп етсе (жымиған смайлик). Меніңде сіз сияқты ойыма келген, дұрыс ау, қосуға болады ау деген ой болған. Кейннен ойландым, тек үлкендердікін жазған дұрыс болар деп… Сол ойымды жеткізгім келген еді…
Сіздің жазғаныңыз өте дұрыс, себебі егер сіздің пікіріңізге жақсы дауыс беріліп жатса, оны да жариялаймыз…
Baha_07
Келісем келісем...әкелер сөйлесін! Біз жазып отырайқ блокнотқа)))
Jako
Бұл менімше Қейкауыс патшаның ұлы Гиланшахқа айтқан өсиеттері ғой. Қейқауыс қартайғанда: -«Менің бұл өмірдегі жиған-терген ең асыл қазынам — саған арнап жазған өсиет-насихат кітабым» — деген екен.
beko
Патша туралы әнгімеңізді мен бірінші мәрте естуім, бұдан бұрын естімеппін. Қазір іздесем мына сілтемеде rudocs.exdat.com... былайша жазылған екен
Бүкіл әлемнің зиялыларына белгілі Қайқауыстың өзінің ұлы Гиланшахқа арнап 1082-83 жазған «Кабуснама» атты еңбегінің былай деп аталатын тарауында, яғни «Падишалықтың шарттары мен әдеті туралы» бөлімін оқығанда мынандай зор даналықпен айтылған қағидаларды кездестіреміз: «Ей, перзентім, егер падиша болсаң, өзіңді жаман істерден аулақ ұстай білген. Жан дүниең таза болсың. Әр істі бастасан ақылдың бұйрығына сүйеніп баста, ақылға сыймайтын іске қол ұрма. Падишаның ақылшылары – уәзірлері олармен ойласып жұмыс істе. Көңілің істі ұнатса, жұмысты қалай аяқтауды ойлағын!».
Сондықтан мені осындай керемет сөздерді оқуыма себепкер болғаныңызға алғысымды білдіремін!
Jako
Жарайсың, мен саған тәнтімін, айтып бітпей жатып бәрін тауып аласың, осыны үйренсем ғой, шіркін. Сол Кабуснаманың қазақша аудармасы бар, соны тауып оқысаң,өкінбейсің, пайдасы зор.
beko
Толығын әлі таппадым ғой ағасы. Тағы іздестірудемін…
beko
Ол жайында вики мұндағы сілтемеде...
Қабуснама деген кітаптың қазақша толық нұсқасын табу әлегіндемін. жартысы мұнда екен.
Жарайды, бүгін кеш болды, ертең жалғастырайын…
Jako
Беко, оқып шықсаң уақытым бос кетті демейсің.
Jako
Беко, мынандай салмақты постқа Баб-байдың суретін салып қойғаның жараспайтын сияқты.
beko
ұсынысыңыз қандай?
Jako
Бір салмақты сурет қойсаңшы.
Кейде түсіндіргің келмейтің кездер де болады, осыған байланысты видео, бұрын көріп едім, әрең тауып алдым. Бүгін көріп ертең естен шығып кетпестей миға тоқып алған артық етпейді айтберліктер.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.