Қолыңызға зер салыңыз ("Мұсылман күнтізбесі"-нен алынған дерек)

Пайдалы кеңестер /

Сәлем, «Айтабер» қауымы.Барлықтарыңызға денсаулық тілеймін.Бүгінгі пайдалы пост "Қолыңызға зер салыңыз" деп аталады.Бұл деректер сол баяғы «Мұсылман күнтізбесі 2009-2010 » кітапшасынан алынып жазылды.
Қолыңыз қысы-жазы бір жылымайтын болса, онда аяқ-қолдағы қан айналымының бұзылғаны.
Қос алақаныңыз шоққа қақтағандай үнемі лапылдап, қызып жүрсе, бауырдың уытқа қарсы "қайратының" кеми бастағаны.
Алақаныңыз қарадан-қарап тершіп, дымданып, әйтпесе құрғап, бозарып жүрсе, қалқанша без жұмысындағы ақаудың салдары.
Қолыңыздың терісі ақ жарғақтанып, сыдырылып түсе бастаса, тәніңізде А, Д дәрумендері тапшы.
Шынашағыңыз ауық ауық жансызданып қалғандай сезілетін болса, жүрек қан тамырлары жүйеңізде ақау бар.
Ауық-ауық жансыздану үлкен саусақтардан байқалса, тыныс жолындағы кеселдің хабаршысы.
Саусақтың ең төменгі, яғни алақанға ұштасқан тұсындағы буынға терең, көлбеу әжімдер түссе, сусамырға шалдығуыңыз ғажап емес.
Саусақтарыңыздың ұшы қан қызыл түске енсе, ас қорыту жүйеңіздегі ақауды, қоңыр қызыл түске енсе, бауыр мен бүйректегі кеселді аңғартады.
Оң қолдағы сұқ саусақ ұшының екі қапталы дуылдап, қыши берсе, тоқ ішегіңізді бір тексертіп алыңыз.
Сұқ саусақтың ішкі жағы жарғақтанып, терісі түлей берсе, өтқалтасы жұмысының бұзылғаны.
Алақан мен саусақтағы бұл өзгерістер, әрине, ауруыңызды өзіңіз «анықтап», өзіңіз «ем» тағайындауыңыз үшін емес, дәрігерге көрініп, тексерілуіңізге нақты себеп.

9 пікір

Jako
Мади, мынауың бір тамаша пост екен.Көп адамдарға пайдасы тиетініне сенемін.Өз ауруларым дәл келеді екен.
qyrmyzy
алақанда "әжімдер" көп болса ше? сызықтар дей ме, очм
Jako
Ол сызықтардың бәрі өмір жолдары ғой.
qyrmyzy
менде көөөөп сондай сызықтар
тексерілу керек десеңші…
Yasin
Естімеген елде көп деген осы екен ғой мынауың тамаша екен
mairosh
Охо Мади керемет. Шынымен осындай посттарға не жетсің))
Turekhan
Алақан терлегенін жүректен деп жүрсем, зобтікі болғаны ма?
Madi
Саған зоб деп тұрған жоқ, жай ғана қалқанша безіндегі ақау деп тұр, Эндрокинологқа бардың ба.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.