Қазақтың салт-дәстүрлері!
ҚҰЙРЫҚ-БАУЫР
Қазақ халқының келін түсіріп, қыз ұзатып құдаласуы барысында орындалатын тәрбиелік мәні зор дәстүрлерінің бірі – құйрық-бауыр. Бұл құдалық кезінде орындалатын рәсім болғанымен, оның ұлтымыздың салт-дәстүрінде алар орны ерекше. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда, оларға арнаулы сый ретінде құйрық-бауыр тартылады. Бұл ерекше тағамды салтанатты жағдайда табаққа салып әкелген әйел: «Бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар», — деп тілек білдіреді. Бұдан соң құдаласқан екі жақтың адамдарының барлығы құйрық-бауырдан ауыз тиеді. Құйрық-бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі – құжаты болып бекітілген. Халқымыздың: «Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе?» деуі сондықтан.
Құдалық кезінде әдет-ғұрыптарды орындау барысында құдалар бір-бірімен әзіл жарастырып, қалжыңдасып, әрбір дәстүрді ойын-сауыққа ұластырып жіберетіндігі белгілі. Сондай-ақ осы «Құйрық-бауыр» салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпа сөздер айтылмай қалмайды. Сондай құйрық-бауыр ұсынылғанда айтылатын өлеңнің бір үлгісі төмендегідей:
Құда, құда дейсің-ау,
Құйрық-бауыр жейсің-ау.
Құйрық-бауыр жемесең,
Несіне құда дейсің-ау.
Үлкен құда, бас құда,
Кіші құда, жас құда.
Құйрық-бауыр әкелдім,
Ауызыңды аш құда.
Үлкен құда ардақты-ай,
Кіші құда салмақты-ай.
Құйрық-бауыр асатам,
Тістеп алма бармақты-ай.
Үлкен құда әнекей,
Кіші құда мінекей.
Құйрық-бауыр асатам,
Кәделерің кәнекей.
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, бұл өлең әр аймақта әр түрлі айтыла береді. Өзіндік әуендері мен ән-жырларының да әрқилы болып келуі табиғи заңдылық.
ҚЫНАМЕНДЕ: ҰРЫН КЕЛУ
Малым – жанымның, жаным арымның садағасы» деген философиялық, мағынасы терең қағиданы бұлжытпай орындап келген қазақ халқы жастарды әдепті отағасы, ибалы келін етіп тәрбиелеуге айрықша мән берген. Қынаменде немесе ұрын келудің де өзіндік тәрбиелік мәні өте зор, әрі бұл дәстүр жастарды өмірге үлкен жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Шығыс халықтарының кейбірінде «қынаменде» кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін жігіт қалыңдықпен бірге болған (келін болып түскен алғашқы күндері) күннің ертеңінде өткізіледі. Кеште ән, күй, би қатар жүргізілетіндіктен «қынамендені» жас жұбайлардың махаббат кеші десе де болады. Ал жалпы жастар мен жеңгелер үшін бұл дәстүр — үлкен той. Болашақ күйеу қыз ауылына өзінше «көрінбеген» болып, қараңғы түсе салтанатты түрде жора-жолдастарын ертіп келеді. Мұны «ұрын келу», кейде «есік көру» деп атайды. Күйеу осы жолы өзінің болашақ жарын көріп, танысып-білісіп, тілдеседі, жақын танысады. «Ұрын той» өткізіліп, күйеу мен еріп келген жолдастарына құрмет көрсетіп, сый тартылып, той аяқталысымен еліне қайтады. Күйеудің қыз ауылына «ұрыннан» бұрын келуге хақысы жоқ. Егер бұл шарт бұзыла қалса, қыздың аға-інілері күйеуді тәртіпсіздігі үшін жазалап, сабап жіберетін заң тағы бар. Демек, құда түсумен бірге оның тәрбиелік ереже-қағидалары мен ғұрыптары әдеп пен тәртіпті талап етеді.
ҚЫЗ ҚАШАР
Күйеудің келуі «ұрын келу» деп аталса, қыздың атастырылған күйеуін көруін «қыз қашар» дейді. Тойдың тараптарын екі түрлі атағаны болмаса, бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Қай-қайсысы да екі жастың бірін-бірі көріп, тілдесуі үшін ұйымдастырылады. Қалыңдық жігітке қыз белгісі – орамалын берсе, оның іні-қарындастарына да түрлі сыйлықтар тарту етеді. Екі тойда да: есік ашар, ентікпе, балдыз көрімдік, күйеу табақ, сүт ақы, ат байлар, босаға аттар, сәукеле байғазы секілді толып жатқан түрлі кәделер жасалады. Күйеу ұрын барғаннан кейін құдалық шарты бұзылатын болса, қазақ заңында өте ауыр іс. Тіпті мұндай істің аяғы бітіспес дау-дамайға ұласып кетуі мүмкін. Күйеу өз қалыңдығынан себепсіз бас тартса, бұрынғы берілген мал қайтарылмайды және айып салынады. Батаны қыз жағы бұзатын болса, жігіт жағы берген қалың мал толық қайтарылады әрі айып төлейді.

44 пікір
Сілтемесі болса)))Кема кегенде білмей отсаң, ятБатыс жақ салтты күшті ұстанады если чемяяяяя, біттім ғҮә ондаЖамим ашыватр саған)))))Айту керек болды ғоОнтүстікі ғой. А. Сосын ғо Қырмыз үшін уаймдаватқан. ))))Жаңаөзендеп қорқытайындаМайрош екеуміз бірге оқимызыхыхыхыххыхы, сәттілік тілеңдер, дұғаларыңда болайынИманымды кәміл ет!
Тозақта жанған оттан сақта,
Қаңғырып тиген оқтан сақта.
Парақор соттан сақта,
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қара жүрек бақылдан сақта.
Көк айыл қатыннан сақта.
Кеудесін керген келіннен сақта.
Мезгілсіз келген өлімнен сақта.
Ұятсыз қызыңнан сақта.
Түнеріп атқан таңнан сақта,
Жаңбырсыз болған жазыңнан сақта.
Қарсыз мұздақ қысыңнан сақта.
Жастарында әдеп жоқ,
Құр айғай, шуыңнан сақта.
Алдыңнан бақытың ашылсын,
Қызыр Ілияс барлық пәлені қашырсын.
Аллаһу акбар!
Ал, жолың болсын сабағыңды «5» ке тапсырғайсың…