Өзімізден бастайық...
Мен ЕҰУ-да оқимын. Мұнда келген адамға ең алдымен екі сұрақ қойылады: "Қай жақтан боласың?" және «Ол қай жерде?». Павлодарданмын десем болды, маған менісінбей қарап: "Қазақша білесің бе өзі?" деп сұрайды. Намысыма тиетіні-ай!
Біз негізі біреудің мінін өзіміздікінен әлдеқайда жақсы байқаймыз. Қанша тілге шорқақ қазақтарға «шалақазақ» деп айдар тағып қойдық. Көмек қолын созудың орнына!.. Біреудің кемшілігін айта бергенше, өз тіліміздің тазалығын қадағалайық, «паразит» сөздерден құтылайық дегім келеді!
Қайда жүрсек те, алдымызда тұрған адам қазақ болсын, орыс болсын — қазақша сөйлейік. Жауап беруге қиналады, бара-бара үйренедіамалы қалмаған соң!
Қазақша сөйлеген клиентке қызмет көрсетуден бас тартқан сатушыларды талай көрдім. Жасыратыны жоқ, Керекуде ондай жағдай жиі кездеседі… Сондай жағдайға тап болғанда кетіп қалыңыз! Қасыңыздағы достарыңызды да осылай істеуге үгіттеңіз! Келесі дүкен қаншалықты алыс болса да, уақытыңыз қанша тығыз болса да, кетіп қалыңыз! Сатушы сізді түсінбегендіктен қызмет көрсетуден бас тартты деп ойлайсыз ба? Жоқ. Неше жыл ҚАЗАҚСТАНДА тұрып «нан беріңізші» деген сөзді білмеу мүмкін емес нәрсе! Көбі қасақана түсінбеген болады! Ендеше, біз де қайтпайық! Уақыт өте клиенттерінің азая бастағанын көрген олардың тілді үйренбеске амалы қалмайды. Қоғамдық орындардың барлығында бізге қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап етейік! Не көнсін, не кетсін ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРІНЕН!!!
Біз негізі біреудің мінін өзіміздікінен әлдеқайда жақсы байқаймыз. Қанша тілге шорқақ қазақтарға «шалақазақ» деп айдар тағып қойдық. Көмек қолын созудың орнына!.. Біреудің кемшілігін айта бергенше, өз тіліміздің тазалығын
Қайда жүрсек те, алдымызда тұрған адам қазақ болсын, орыс болсын — қазақша сөйлейік. Жауап беруге қиналады, бара-бара үйренеді

9 пікір