Виртуалдағы жасөспірімдерге бір ауыз әңгіме
Эх, виртуал өтерсің-ау бір күні© Жаңа заман поэзиясынан
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні.
Иә, интернет күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Тіпті, туалетке кіргенде ноутбук құшақтап кететін кездерім есімде. Жақсы жерлері көп қой, бірақ зияны оңбай жатыр да эээ:)
Әсіресе, жасөспірімдерге интернеттің қалай әсер ететінін сізбен біз анық білеміз. Ерте есейгені былай тұрсын, Клава батыр болып шыға келеді. Әрине, үлкен жастағы қолданушыны сыйлау, дұрыс сөйлеу деген қарапайым этиканың бөлімдері жөнінде айтпасам да болатын шығар.
Енді не қалды? Мойындау қалды! "Құдай-ау нені?", — деген сұрақ жарқ еткен болса айтайын. Біз өскелең жастарды интернеттен, интернетті қоя тұрып жай ғана компьютерден ажыратып ала алмаймыз. Ол енді мүмкін де емес. Ендеше, виртуалда жастарымызға тәрбие мен тәлімнің, өмірдің не екенін түсіндіру ғана қалды-ау, шамасы.
Тыңдаңдар, інілерім!
1) Интернеттің өмірден бөлек түгі де жоқ! Интернетте жас маңызды емес, не істесем де өзім білем дейтіндер бар! Жепті! Күнделікті өмірде ақыли орындайтын нәрселеріңді мұнда жасай аласың. Демек, интернетте жүрдім деп, жасы үлкендерге, қоғамдық мәртебесі өзіңнен жоғары адамдарға беталды тіл тигізуге болмайды. Интернетте айтылған бір ауыз қыңыр сөзің үшін айдалып кетуің мүмкін. Жассың ба, жассың. Ендеше, өз орныңды білу! Ал сенің намысыңа тисе, басқа әңгіме. Тілге абай болу керек!
2) Күнделікті өміріңді бос өткізбе, інім! Әлі жассың, интернетте уақытыңды өлтірмей, спорт секцияларына қатыс! Виртуалда біреу саған тиіссе, ауызға ерік берсең де ақыңды алып алатын шығарсың. Бірақ, шын өмірде біреу тиіссе, сенің виртуал күшін бір тиын болып қалады. 2 сағаттан соң есіңді жинасаң, мойның гипстелген болуы сөз емес. Мен күреспен шұғылдансам да, компьютерде отырғанда зиянын айқын сезінемін. Бұл мен. Ал сенің өсіп келе жатқан тәніңе оның қалай әсер ететінін ойлай бер, енді. 20 жасыңда денең салбырап кетсе, өзіңнің шашыңды жұлудан басқа амалың да жоқ:)
3) Интернетті пайдалы нәрсеге қолдан. Әсіресе, ойындармен өзіңді байлама! Иә, қазір сен мектепте немесе колледжде оқитын боларсыңдар. Басың жақсы қабылдайтын уақытта оқу орныңның сабақтарын дұрыстап оқы. Ертең ол сенің үлкен өмірге жолың екенін ұмытпа! «Апайлар сондай, түсіндіре алмайды», «Мектептегі сабақтардың өмірде керегі де жоқ қой», деген сияқты құлақты шіріткен әңгімелерді доғар. Менің қазіргі ең өкінетінім — мүмкіндігім барда мектепте тарих пен математиканы жақсылап оқымағаным. Тегін кезде оқымағандықтан, жоғарғы математикадан репетитор жалдап оқуға мәжбүр болып жүрмін. Қарапайым мысал алатын болсақ, Айтаберде сауатты жазғың келсе, бәрібір қазақ тілі грамматикасы мен синтаксисін білуің керек болады дегендей да:)
4) Максимализм қажет емес. Әр нәрсеге бір секіре берме. Компьютер сен ойлағандай оңай емес. Оның қыр-сырын үйренуге уақыт керек. Және ол уақыттың болашақта болатын уәде беріп айта аламын. Ощм, үлгересіңдер! Ал, дәл қазір өз алдарыңдағы маңызды мәселелерді жасау керек. Әрине, сендердің жағдайларың өздеріңнің басқа да интернетті тек қана агент, Майл.ру аккаунтын сайт деп ойлайтын достарыңнан әлдеқайда жақсы. Бірақ, көшеге шығып, қу, әңгіме айт, күл! Өйткені интернет бір күні бұл адамдарды сөйлеуден қалдыра ма деп қорқам:)
Қанша өкінішті болса да, мектепте оқып жүрген кездерім өтіп кетті. Енді қайтара алмаймыз. Ал, сендер оны біреуі екіншісіне ұқсаған егіз-сыңар күндер қылып емес, ең қызықты да бақытты қылып өткізіңдер:)
P.S. Көп сөйлеп қойдым ба:) Назар аударғандарға рахмет! Ал, оқып сәл де болса, әрекет жасап жатқандар болса, оларға АРБ:)
23 пікір
үйдіңқаланың балалары болып ролик тебуге,мультиккекиноға, анда мында шығып көңіл көтеруге болатын сияқты. Кейін виртуалда тағы көңіл көтергенде бұдан да жақсы болар ма еді.бірақ қойды өздерің әкелесіңдер!