Маусымдық косметика

Пайдалы кеңестер /
Біз жаңбыр мен қардан қолшатырдың астында тығылып қалқалана аламыз. Ал қыста қалың киініп, денемізді суықтан сақтасақ, жазғы аптапта жұқа көйлек киіп шығамыз. Жер балшық болса ыңғайлы аяқ киім киеміз. «Нашар ауа райы жоқ, тек соған ыңғайлы киім болмауы мүмкін» деп ағылшындықтар дұрыс айтады. Жылдың төрт мезгілінде біздің денеміздің бір бөлігі ғана қыста аяздан, жазда аптап пен жаңбыр, желден қорғалып жабық тұрмайды, қашан да ашық. Ол — біздің бетіміз.

Сондықтан да бет терісін өте ұқыптылықпен күтіп барлық маусымда — тазалап, қорғап, қоректендіріп ұстау қажет. Соның бәріне қарамастан маусымдық косметиканың өзіндік ерекшеліктері бар.

Жаз айларында табиғаттың өзі керемет мол косметикалық құралдар береді. Олардың ең бастысы — су, ауа, күн. Күн сәулесін дұрыс пайдалана отырып, тері элементтері клеткаларының өмірін ұзартатын процестің қызметін жоғарылатуға болады.

Жаз айларында дастарханда көкөністер, жеміс-жидектер мол болады. Бұлар сонымен қатар косметикалық масканың компоненті бола алады. Жемістің, көкөністің маскалары беттің терісін тазартады, қоректендіреді және зат алмасуын жақсартады. Әсіресе, әжімді, болбыраған бетке өте пайдалы. Бұл маскалар бетке ғана емес, әжім түсе бастаған мойынға да жасалады.

Ондай маскаларды дайындау үшін жеміс пен көкөністерді (қияр, капуста, лимон, қызанақ, апельсин, құлпынай т.б) тазалап жуады да, қабығын аршиды. Жұмсақ болса ағаш немесе күміс қасықпен езеді, ал қаттыларын үккішпен үгіп бетке жағады.
Егер сіздің теріңіз құрғақ болса, жеміс-жижекке жұмыртқаның сарысын, кілегей, бал қосасыз.

Бет теісінде безеу болса сәбізден жасалған маска өте пайдалы. Ал терінің саңылауы үлкейе бастаса қияр жақсы тарылтады. Оған тек жұмыртқаның ағын қосады. Бұл маскаларды жетісіне екі-үш рет жасауға болады.

Құрылыста істейтін, ауыл шаруашылығында еңбек ететін әйелдердің, сондай-ақ шаңғышы, коньки тебуші, хоккейшілердің, тағы басқа мамандардың қыстың аязды күнінде көп уақыттарын далада өткізетіндері белгілі. Бет терілері түлеп, мұрынның үсті, құлақтарының ұшы көгереді. Мұндайда косметикалық құралдар көп көмектесе алмайды. Сондықтан теріні шынықтыру қажет. Қан тамырларына гимнастика жасайды (ыстық сумен, сосын өте суық сумен жуынады). Беттің ашық жерін камфора спиртімен сүртіп, ерінді гигиеналық далаппен бояйды.

Қыстың суық айларында көбіне жастардың көшеде бас киімсіз жргендерін көруге болады. Мұндай сәнқойлық денсаулыққа өте зиянды. Әсіресе, шаштың қоректенуі бұзылады, тамыры тырысып қалады.
Қыс айларында қыздар мен әйелдер шаштарына көп назар аудармайды. Сөйтіп күні бойы баскиімдерін шешпейтіндер де табылады. Қандай құнды тері болмасын ол әдемі шашты ауыстыра алмайды. Ал бөлмеде ұзақ уақыт баскиіммен жүру шаштың негізін, құрылымын бұзады, өңі кетеді. Майланады.

Тері де организмнің басқа мүшелері секілді витаминдерді қажет етеді.

Әрине, сіз қыстыгүні де, жазда да өте әдемі көрінгіңіз келеді. Ең жақсы сұлулық — ол денсаулық.

27 пікір

Korkem
Шашыраңқы шықты-ау…
balgalym
көрінбей кетіп едің, мақалаң қыздарға пайдалы болад-ау, +1
pana
өте түсінікті шыққан!
Ais_97
Жарайсың Көркем, керемет пайдалы кеңестер рахмет!



qyrmyzy
5ит!
followme_alik
5күшік, 5ит
не бұлар? )
qyrmyzy
Оқысаңшы:) сан мен әріпті қоса
followme_alik
))))… анимация мені де 5ит ))) таппайтының жоқ.
qyrmyzy
Басында астарладым, бүгін шет жағасын шығардым, енді түсінбесе, ертең төтесінен қоя саламын.
qyrmyzy
Өткенде бананнан маска жасадық. Кучт боқалды бетіміз) Сәбізден жасап көру керек екен…
banzaika1990
Бананнан кейін бетің сәбізді менсінбей қалатын шығар)))))))))))
qyrmyzy
ық ық, мүмкін. Сәбізді көріп, банааан дейтін шығар:)
banzaika1990
мен бетімді өйтіп Сәбіз, Банан деп еркелетпей тек қана Кір сабын деп қатал түрде тәрбиелеймін. )))))))))))))))))) қалжың, L'oreal-дің скрабы аман болсын
qyrmyzy
хехехе, бетімді ондай қатал жазаға кесе алмаймын:) Сіздің бетті көргім кеватыр, ық ық деп па?
banzaika1990
о о жоқ, көз тиеді деп па)))))))))) көретіндей ештенесі жоқ қалыпты, қатардағы, қарапайым беттердің бірі.
akil_kalta01
Жазбаң тамаша шыққан! Жігіттерге маскадан басқа қандай кеңес бересің?! Бетімнің күтімін жақсартайын деп едім :))
followme_alik
Қыздарға банан, құлпынай, лимон, сәбіз… т.с.с.
Бізге… баклажан, цуккини, балдыркөк, чили, желкек _))
akil_kalta01
Өзіңнің біраз тәжірибең бар-ау, деп қалдым! :))
qyrmyzy
хехехе, дауай-дауай!
Zhassiko
жеміс-көкеністердің бәрін араластырып бетке жақса не болады?
П.С: Жазба тема!
Біз мына посстан бұрылып кете берейік,қыздар оқысын:))))))
MSHERIMBEK
Менің інім жасап жүр бірдеңелерді;) Ну, бізде енД, табиғи сұлулық қо, муахахаха:))
AKA
Өзіңіз қайсысын жасайС?
Korkem
Өзімдікіне өкпем жоқ, түк жасамайм. Өтінішпен жазылған пост.
AKA
Ну, бізде енД, табиғи сұлулық қо
… дейсіз ғой, дұрееес :))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.