Қазақтың ұлттық ойындарының бірі - Ақсүйек ойынының жеке шарттары.

Пайдалы кеңестер /
Ассалаумағалейкумдер!!! Ақсүйек ойынының шартын біреу білсе, біреу біле бермитін шығар. Сондықтан ойын шартын бар білуімше айтуға тырыстым.Назар аударсақ(ат басын бұрсақ)! Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады.Топ басқарушылардан басқа ешкім лақтырылған орында қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, лақтырылған орынға қарай қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма-қол тартып алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары біріне-бірі лақтырылған орынға лақтырып, қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.Міне осылай! Оқығандарыңыз үшін мың алғыс!!!

9 пікір

AL-ASTER
Міне осылай! Оқығандарыңыз үшін мың алғыс!!!

Ақсүйектің идеясы қайда?
Qarabala_95
түсіне алмадым!!!
AL-ASTER
Ақсүйек ойнаймыз деп, небір танысулар, романтикалық оқиғалар болған деседі, ел артындағы аңыз.
Qarabala_95
Йә оны білмедім
pana
ойнайтындардың ішінде ең кішісі менмін, идеясын білмейм)) «бәрі қайда кеткен» деп, сүйек тапқаныма қуанып жүре беретінмін)))
Qarabala_95
хехе енді ойнаған тіпті қызықты болады шартын білесізғой!!!
pana
өскенде түсінеміз үнемі)
qyrmyzy
ахаха, ең негізгісі жазылмағаны қызық… Ақсүйекті типа іздеп, қыз бен жігіт сай саланы жағалап кететін болған. Екі ғашықты оңаша жүздестіру үшін не істемеген аталарымыз:)
qyrmyzy
Егер осында ақсүйек ойналса, кім сүйек іздеп жүреді екен а?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.