«Размен беріңізші» немесе тұтынушыға керек 10 қағида

Пайдалы кеңестер /
Шіркін дүкееен! Дүкен болған жақсы ғой. Қонақ келсе ең алдымен сасқалақтап, тапырақтап дүкенге жүгіреміз, ішіміз пысса да сонда барып қомағай көзді тойдыруға тырысамыз. Керекті де сүйікті нәрселерімізді де сол жерден табамыз. Алайда, кейде дүкеннен қапаланып не болмаса ашуланып шығатын кездеріміз де болып жатады. Өйткені ол жерде көкбет САТУШЫ бар… Ол өте ашушаң, қашан көрсең түнеріп, өміріне өкпелі болып тұрады…


Керекті нәрсеңізді алуға дүкенге бардыңыз делік. Сатушы бетіңе бақшиып қарап «Не керек? Айта беріңіз!» деді. Сіз де сасқалақтап:
— Сүт беріңізші-десеңіз, сатушы тағы да баж етті:
— Әй қазағым-ау қандайы керек? Саған қай сүт ұнайтындығын бетіңе қарап білем ба?- деп дүрс етті. Шыдай алмаған сіз де өз мінезіңізді көрсете бастадыңыз.
— Апай-ау! Немене сонша айғайлайсыз??? Тіпті тауардың түрін көруге де мұрша бермедіңі ғой… Анау да осыны күтіп тұрғандай шыж-быж етті… Ары қарай не болатынын өзіңіз білесіз!
Міне мұндай жағдай орын алмас үшін тұтынушы төмендегі 10 қағиданы есте ұстауы шарт.

1. Дүкенге кірерден бұрын өзіңізге 2 сұрақ қойыңыз. Не үшін барам? Не қажет?
Бұл сауалдарды өзіңізге қойып, оның жауабын толықтай білуіңіз өте маңызды. Себебі, жетер жеріңе жетіп алып не үшін келгеніңді ұмытып қалу сатушының зығырданын қайнатады. Сосын ол айқайламай кім айқайласын??!

2. Сатушының алдына келгеннен кейін ешқашан «шай немесе сок беріңізші» деп айтушы болмаңыз. Олай деген жағдайда ұрыс-керістің болмауына кепілдік жоқ… Былайша айтқанда біткен жерің осы. Неге деген заңды сұрақ туындаса жауаын өзіңіз де шамалап отырған боларсыз. Қазіргі кезде тауардың түрі көп. Орта есеппен алғанда әр дүкенде кемінде 10-15 шайдың түрі бар. Кассаның ар жағындағы адам қаһарына мінбегенін тілесеңіз, керекті тауардың аты мен затын толықтай айтыңыз.

3. Егер еріккенде дүкенге кірген болсаңыз, артық сұрақтармен стаушының мазасын алмаңыз. Сатушының жұмысы бұғалтериядағы көзілдірікті апайларымыздың немесе операция жасайтын хирургтың жұмысынан да ауыр. Сондықтан оларға түсіністікпен қараған жөн.

4. Ақшаңызға ұқыпты болып, алған тауарларыңыздың бағасын ойша есептеп тұрыңыз. Кей жағдайда сатуышылар шатасып қайырымыңызды дұрыс бермей қояды. Мұндай кезде қайтадан қисап жасап, кассадан әрі кетпей ақшаңызды санап алыңыз.

5. Егер тауар ұнамаса немесе бағасын қымбат көрсеңіз үндемей шығып жүре беріңіз. «Мынау неге қымбат?» дейтін болсаңыз, міндеттеі түрде «Ешкім сізді зорлап әкелген жоқ. Арзан жерден барып ала ғой» деген жауапты міндетті түрде еститін боласыз.



6. Бұл жағдай барлығымыздың басымыздан өтті, өтіп жүр, өте береді. «Ақша ауыстыру». Айлық алған кездері, таксиге отырғанда ірі ақша берсек, «ұсағым жоқ, размен бер» дейді. Сасқаныңнан дүңгіршекке жүгіресің. Ол жердегілер «обменный пункт емеспіз» деп тарс еткізеді. Ең ақырында, «ит» болып, сол жердн міндетті түрде бірнәрсе алып, зорға есептесесіз. Мұндай жағдайда сатушыға шама келгенше ашық әрі шынайы түрде жағдайыңызды түсіндіріп, оның миына толықтай жеткізуге тырысыңыз. «Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді» демекші, бәлкім түсініп қол ұшын созар. Шама келгенше төлем қабылдайтын «терминалдар» орналасқан жерге барған дұрыс. Ол жерден майда (ұсақ) ақша табылады.

7. Дәлелдей алмасаңыз, жоламаңыз! Егер сусынды бүгін 100 теңгеге алып ертесіне 110 теңгеге сатып алсаңыз, міндетті түрде дәлелдейтіндей ситуация жасап (ұялы телефонның камерасына, диктофонға жазып алып) дүкен иесіне көрсетіңіз. Сіз ұялмай, қызармай қызметкерлердің дұрыс қызмет етпейтінін 100% дәледей аласыз. Бұл сіздің тиын санайтын адам екеніңізді көрсетпейді, барынша әділетті болып келесі адамның қаражатын қалтасында қалдыруға көмектеседі.

8.Этиканы бұзбаңыз. Кей жағдайда дүкенде клиент көп болып жалғыз сатуышыны жағадан алып жатады. Бір тұтынушыға қызмет көрсетіп жатса, екіншісіә жағаласқан сәтте «АС» болады. Бұл дегеніміз- ашулы сатушы. Бір адам 5-6 адамға бір уақытта қызмет көрсете алмағандықтан жүйкесі жұқарып ашуланып, біреуіне тап береді. Бұл сіздің көңіл күйіңізге әср ететін жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан, өз кезегіңізді күтіп, барынша мейірімді болыңыз.

9. Бір тауардың атын айтып тұрып, назарыңызды басқа жаққа аудармаңыз. Сатушының назары көбінесе тұтынуының бет-әлпетіне аударылады. Себебі клиент керек нәрсесіне ғана назар аударады деген қатып қалған қағида бар. Бұл қылығңыз бір жағынан сүйкімсіз көрінуі мүмкін.
10. Бұл қағида ұрыс-керіс орын алған сәтке арналған. Қатты ашуға беріліп жатсаңыз, сатушының ар-абыройына, намысына тиетін сөздерді айтып, ғайбаттап азаматтығыңызды күл талқан етпеңіз. Бұл салиқалы да сауатты адамның жасайтын ісі емес.

Денсаулығыңызды күтіп, айналадағыларға өз көңіл- күйіңіз болмаса бөрідей тиісе бермей, саламатты өмір сүріңіз.
сурет: www.rabochee-mesto.com
карьеристка.рф/2011/09/04/
Бұл жазба «Керекинфо» еркін блог жүйесінде де жарияланған!

11 пікір

dimash
Арасында қалап қойған әріптері болмаса, пайдалылау жазба екен, меніңше.
11. Дүкеннің ішінде тұрып телефоныңызбен сөйлеспеңіз, кейбір сатушылардың жүйкесі тым жұқарып кеткендіктен ондай ұнамайды (өзім сол үшін сөз естіп қалғаным бар)))
alikona
мен де бірде наушник тағып кіріп сөз естіп қалғаным бар)))
Zhassiko
жап-жақсы кеңес екен! Хе, мен де айта кетейін: «Біздің жақта бір сатушы қыз бар, магазинге кірсеңіздер гу-гу гәп, әңгіме дүкен болады… Басыңды алып шыға алмайсың, былайша, әңгімесі қызықты, өзіне жарасымды, әрбір сөзі оқтай! Бірақ, сөз барысында ақшасын есептеп беріп жатқан кезде көп шатасады, кейде екі еседен көп здача беріп жібереді, кейде жеткізбей, жаңылысады… Мен үнемі сол қыздың дүкеніне барған кезде неге келгенімді ұмытып кетемін, әлде де магазин біздің үйге жақын…
ZevsKO
Жіберген қателерім үшін кешірім сұраймын! поступила непрофиссионально ой айта берсең көп қой шектеулер. бірақ соңғы кездері осы мамандықтың расымен де қиын екенін түсіне бастадым… Сіхдер қалай ойлайсыздар?
Zhassiko
«Бұға берсең, сұға береді» деген принциппен жүретін болғаны ғой.
qyrmyzy
ОГО, кімдердің посты???? Қалайсың?
ZevsKO
ооо сәлем! қалайсың? уақытым болмағандықтан айтаберліктерге бас сұға алмай жүрмін. кешірім сұраймын. қайран ғаламтор деп қойып жүрген. болашақта да пост жазып сендерді қызықтыруғым келеді. бағаларыңызға рахмет
pari
Та-ма-ша пост! Жарайсыз!

4. Ақшаңызға ұқыпты болып, алған тауарларыңыздың бағасын ойша есептеп тұрыңыз. Кей жағдайда сатуышылар шатасып қайырымыңызды дұрыс бермей қояды. Мұндай кеде қайтадан қисап жасап, кассадан әрі кетпей ақшаңызды санап алыңыз.
мен осылай 1-2 рет алданып қалдым, бірақ артынан келген жоқ, алданғанымды үйге барып бір білдім,.Сондағы ұтқан ақшалары 50-60 теңге!
AKA
Мұндай жағдайлар үлкен сауда орындарында кездеспепті менде. Жекеменшік шағын дүкен мен базарларда болмаса… Ақшаны бәрібір майдалап бермейтініне көзім жеткен талай, сондықтан әйтеуір бір затын сатып алуға тура келеді.
ZevsKO
үлкен сауда орындарында әрине болмайды! себебі ол жерде электронды касса
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.