Жігіттерге арналған пост,ал үйленгендер болса қыздарға да оқуға болады

Пайдалы кеңестер /
-Бұл неге жігіттерге арналған пост?
-Неге үйленгендер болса қыздарға неге арналған?
,-деп ойланып, таңырқап жатырсаңыз,қандай пост, неге жігіттерге арналғанын,үйленгендер болса қыздарға да арналғанын ашып, тарқатып айтамын.Бүгін біз галстук тағуды үйренетін боламыз.Мүмкін көбісі білетін болар, білмейтіндерге пайдалы пост.Ал үйленгендер болса қыздарға да арналған дегенім:«Күйеуі жұмысқа барарда таңертең күйеуінің галстугын тағып, жайдары көңілмен күйеуін жұмысқа шығарып салатындар болса, галстук тағуды білмейтін қыздар үйренсін дегенім.Келесі де күйеулерінің галстуктарын тағып беретін болады».Ал постқа назар аударайық:)


1. Көйлектің жағасы көтеріліп, жағадан галстук өткізіліп, бас жағын ұзынырақ етіп
алып, Х формасында солдан оңға қарай біріктіріледі.


2. Галстуктың бас жағы астынан өтіп, жоғарыдан сыртқа қарай қайырылады.


3. Ішкі жақтан шыққан галстуктың бас жағы түйіннің оң жағынан солға қарай астынан
өткізіледі.


4. Галстуктың бас жағын солдан оңға қарай бос күйінде орап, астынан жоғары қарай
шығарамыз.


5. Галстуктың бас жағын әкеліп сыртына оралған бос түйіннің астынан өткізіп,
нығайтамыз.


6. Галстугыңыз тағылды.

П\С:Бұл қарапайым жолы.Келесіде күрделі түрлерін үйрететін боламын.Барға қанағат. 5-6 суреттер ығысып кетіпті айып етпеңіздер:)

37 пікір

Korkem
Жігіттерге арналған пост, ал үйленгендер болса қыздарға да оқуға болады
Үбәй, ағам мен інімнің галстугін мен істеп беруші едім ылғииии
qyrmyzy
хмм, тақырыбына қарап, жазған адамға қарап ойланып қап ем..қызық үшін ашып ем… Не ғо, мен де кейде галстук тағам:)
pari
иә тақырыбын дұрыстап оқып нақышына келтіріп оқып қарап ем шынында ойландырады екен:)))
pari
қызық үшін ашып ем
? барлық жазбаны қызық үшін ашасыз ба апатай?
qyrmyzy
енд күйеуге шыққандар ғана оқысын деп шектеу қойылған соң. Иә, посттарды қызық үшін қараймын! А шо?
Ais_97
Рахмет жазбаңа!!!
pari
пайдасы тиді ма?
qyrmyzy
не ғо, қыз сынып тұр, әрекет өзіңнен:)
Manas
:)иа сынып тұр, жастар бақытты болсын)
qyrmyzy
иә, жолымызды береміз енД, бір бұрышта шапалақтаааап тұруға да не жетсін???
Manas
шіркін-ай дешиш.Мына галстуктың өзінде бір сыр бар-ау дейм, айсара мән беріп оқып шықшы
qyrmyzy
сол, сол, жүктеріңді жинаңдар, тойға кеттік, чеч!
pari
айсара мән беріп оқып шықшы
у ішіпватырм
pari
Ұжс не болып жатыр мында
Ais_97
Сіздер не айтып кеттіңіздер?
followme_alik
білмегендей болмаш)

;D
Ais_97
Білем бірақ Сағынышқа ғашықпын деп кім айтты мені, ол менің досым ғана!!!
followme_alik
Досыңды ғашығыңа айналдырып, сенсация жарияламақ ойымыз енД )) Бізге де әңгіме-арқау-флудқа уақиға керек қо _нысан — екеуің болдың )))
qyrmyzy
Кидым, сыртқа шығып баратырмын, ана сұрағыңа сосын жауап берейінші:)
followme_alik
Абылай жауап берді. Рахмет ниетіңе =)
pari
Сағынышқа ғашықпын
дейсің бе? шын ба? ана сөзді жеке оқып қараш қызық иә...?
Ais_97
Сағынышпен доспын деймін, Сағынышқа ғашықпын деп айтқан жоқ едім дегенімғо!!!
pari
иә иә жаным түсінемғо…
Ais_97
Түсінсең болды жан досым!!!
Ais_97
Бізден басқа адам барғоо, неге досымды ғашығыңа айналдырамыз дейсің, бұның жөн емес!!!
followme_alik
жөн, жөн емессс… папарацидан сұрамайды)_ жарайД. ұмыттық. Доссыңдар! )
MSHERIMBEK
Галстук тағудың 5 түрін білемін:) Макс деген досым 7 түрін біледі:) Жатақханада жататын кезде жұрттың бәрі соған байлатқызатын)
pari
Макс… Макс өнерлі жігіт пе?әлде сондайға қызыға ма? 7 түріін білетініне қарағанда мықты біреу шығар сірә?
MSHERIMBEK
Суретші. Қазір Архитертураны бітіргелі жатыр. Өте сауатты жігіт)
pari
Өте сауатты жігіт)
иә, галстук байлаудың 7 түрін байлайтын жігіт сауатты болмауы мүмкін емес, жарайды
m170785
сол галстукты таққым ақ келмейді зығырданыңды шығарады. амал жоқ тағасың
aibol
итакта билем муны
pari
білсең оқыма!
alikona
үйленгендер болса қыздарға да оқуға болады
қыздар тек күйеуге шығады!
alikona
осыны үйрене алмадым ақыры, суретін көрсем де басыма симай жатыр
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.