Көңіл күйді қалпына келтірудің 10 амалы.

Пайдалы кеңестер /
1. Орынсыз сөйлеп қойсаңыз, орныңыздан тұрып кетіңіз. Сыртқа шығып, таза ауамен біраз дем алыңыз. Таза ауа, табиғат көріністері, көңіліңізді қайтадан орнына түсіреді.

2. Үйіңізде бөлмн гүлдерін өсіретін болсаңыз, солармен сөйлесіңіз. Сырласыңызға айналдырыңыз.

3, Қарсыласыңыздың немесе ұрысып отырған адамыңыздың сөзіне мән бермей, іштей 100ге дейін санаңыз. Психологтар 17 ге дейін санағаннан кейін, адам тынышталады деген ой бар.

4. Көп жерже үнсіз қалуға тырысыңыз. Қарсы келген жан ашулы болса ешнәрсені түсінбейді. Яғни сізден жеңіледі деген тұжырым.

5 Салқын су ішіп, мұздай балмұздақ жеңіз.

6 Құрбыларыңызға, достарыңызға қоңырау шалып, болмаса жақын орналасқан жерде тұратын болса, барып қайтыңыз.

7. Оңаша қалып, кітаптар, музыка, газет журналдар оқыңыз.

8. Дене жаттығуларын жасаңыз. Салқын сумен жазда ғана шомылып жүріңіз.

9. Әсем әндер мен күйлер көңіл күйді жасқартуына әсер ететінін естен шығармаңыз. Баяу ғана ән тыңдаңыз.

10. Кемінде 10 минут ренжіскен адамыңызбен бетпе бет келуден қашқақтаңыз. Ал егерде сізді көрсе, түк білмегендей бетіне қарап күле сөйлеңіз. Ол жылы қабақ танытса, оқиғаны болмағандай етіп өткізіңіз. Тоңтеріс жүрсе, әңгімеге тартып, талқыға салыңыз. Сіздікі қате болса, сол арада кешірім сұраңыз

16 пікір

qyrmyzy
Маған керек ақпарат, дәл уақытында салдыңыз, АРБ!
Құрбыларыңызға, достарыңызға қоңырау шалып, болмаса жақын орналасқан жерде тұратын болса, барып қайтыңыз.
Бірлігім болмай тұрғаны…
Қалған ешқайсысы дәл қазір жарамайды екен:(
ZevsKO
Арамыздың 3000 км болғаны өкінішті
qyrmyzy
… сағынкеттім ғҮӘ:(
Ais_97
6. Құрбыларыңызға, достарыңызға қоңырау шалып, болмаса жақын орналасқан жерде тұратын болса, барып қайтыңыз.

7.Оңаша қалып, кітаптар, музыка, газет журналдар оқыңыз.

9. Әсем әндер мен күйлер көңіл күйді жасқартуына әсер ететінін естен шығармаңыз. Баяу ғана ән тыңдаңыз.

10. Кемінде 10 минут ренжіскен адамыңызбен бетпе бет келуден қашқақтаңыз. Ал егерде сізді көрсе, түк білмегендей бетіне қарап күле сөйлеңіз. Ол жылы қабақ танытса, оқиғаны болмағандай етіп өткізіңіз. Тоңтеріс жүрсе, әңгімеге тартып, талқыға салыңыз. Сіздікі қате болса, сол арада кешірім сұраңыз

Осы кеңестерге толықтай келісемін, маған бұл пайдалы кеңестеріңіз жағымды көңіл-күй білдірді, жалпы айтқанда кешірімшіл болған жөн! Рахмет сізге!
Karakulov
Мен көңіл күйім күрт өзгерген сайын жүгіріп қайтамын. Қайғырсам да, қуансам да, қобалжысам да, құтыра бастасам да дереу жүгірудің қамына кірісемін. Жақын жанға көңілім қалса, махаббатта шешімі қиындау жағдай туындаса жүгіру, турник-бруся деген ең жақын, әрқашан қол ұшын беруге дайын достарым бар! Адамнан да достарым аз емес, Аллахқа шүкір, тек ұл бала болғасын шер-мұңмен бөліскен ұят сияқты.
ZevsKO
маған ұқсайды екенсіз. қатты ашулансам далаға барып айғайлап, жүгіріп немесе секіріп қайтамын. соңғы кезде пайда болған әдет
pana
көп жерде үнсіз қалған үнемі жақсы емес, іштей жегідей жеп болады сосын
Korkem
Салқын сумен жазда ғана шомылып жүріңіз.
мынаған келіскім келмейді. Қыста да айырылмаймын салқын судан)))
followme_alik
морж )
Korkem
о ноооу, ақ аю)))
followme_alik
пингвин демейқояйын енД ) __үйреналмай жүрм қыста шомылуды_ БрРррррррр
Korkem
ық-ық ашығыңыз, ол үйретеді
AKA
Бір жазбаңызда қыста жалаң аяқ қар үстінде жүремін дегеніңіз есімде…
ZevsKO
қыстың қақаған суында бассейнге түссең ұйқың кем дегенде үш күнге ашылып кетеді
Manas
1 амал, маған тән екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.