Әйел болып, сұлу болмау - қылмыспен тең
Әдемілік, сұлулық — жалпы әйел табиғатына тән нәрсе. Халқымыздың ақиық ақыны Мұхтар Шаханов ағамыз жырлағандай "әйел болып, сұлу болмау — қылмыспен тең". Бұл әсіресе бойжетіп келе жатқан әрбір аруды ойландыратын жәйт. Сондай бойжеткендерге ой салар, бір көмегі болар деген оймен сұлу болудың жолын ұсынып отырмын.:
1. Ернім әдемі болсын деген аруымыз тек жылы сөздер айтуы керек.
2. Көзім әдемі болсын десеңіз — адамдардың жақсы жақтарын көре біліңіз.
3. Сыртқы пішінім сымбатты болсын десеңіз — аш-жалаңаштармен тамағыңызды бөлісіңіз.
4. Шашым әдемі болсын десеңіз — күніне бір рет сәби саусақтарымен сипатыңыз.
5. Өзіңізге сенімді болу үшін мына әлемде өзіңіздің жалғыз емес екеніңізді біліңіз.
6. Адам өзін сергек сезіну үшін өзін өзгелердің кешіргенін, мақтағанын, көтернмелегенін, сүйгенін қалайды. Ендеше сіз де біреуге қажетсіз. Өміріңізден ешкімді «лақтырып тастамаңыз»,
7. Әйел затының әдемілігі оның киген киімінде немесе оның сымбатында һәм шаш үлгісінде де емес. Әйел әдемілігі — оның көздерінде, өйткені көз оның махаббатқа толы жүрегіне апарар бірден бір жол.
8. Жасы ұлғайған сайын әйел адам тек әдемілене түседі.
9. Тағы бір есте ұстайтын жағдай әйелді бояу әдемілемейді, әйел бояуға жан бітіреді.

19 пікір
1.Сұлулығына
2.Байлығына
3.Мансабына яғни жоғары лауазымына
4.Иманына
ол иманды болса сұлу болуы мүмкін, иманды болса бай болуы мүмкін, иманды болса мансапты болуы мүмкін бірақ жігіттер құлақтарыңа алтын сырға олар 4 -уі бірге келмейді төртеуін күтіп бойдақ өтіп кетпеңдер деп еді сол есіме түсіп кетті.
Ол Одри Хепберннің кім екенінде білмейді, ол тұрмақ менде білмеймін, осыған қарағанда Одри, Модрилардың әулиесітіп жазып қалдырған сөздерінің бәрі қазақтардың күнделікті қолданыстағы қарапайым сөздері-ау деймін.Жоғарғы айтылған «Тағы бір есте ұстайтын жағдай әйелді бояу әдемілемейді, әйел бояуға жан бітіреді»-деген сөзге байланысты жазып отырмын.