Бал (мёд)
Бал — бұл жай тәтті өнім ғана емес. Оның керемет дәрілік қасиеті бар. Жүрек-қантамыр жолдарын емдегенде қолдануға кеңес беріледі. Бауыр, бүйрек, асқазанды емдеу кездерінде қолданылады. Ертеде Авиценна таңертеңгілік анар, түсте пияз қосылған тағам, ұйқы алдында бал жеймін, қанның тазалануын қамтамасыз етеді деп айтқан екен. Ежелгі Грекияда және Римде тыныштандырушы дәрі ретінде қолданылыпты. Балды ұйқысыздық кезінде жеуге кеңес береді.
Бал құрамындағы микро элементтер түрлі дертпен және зат айналымы бұзылуымен ауыратындарға шипа береді. Мысалы, марганец пен темір асқорытылу процесін жылдамдатады. Калий мен магний (олардың жетіспеуі ерте қартаюға алып келеді) организм үшін өмір нәрі деп айтсақ та болады.
Бал құрамында аскорбин және никотин қышқылы, биотин, провитамин А — каротин, В дәрумендері (В2, В6) және т.б. кездеседі. Олар орталық жүйке жүйесін сақтап күшейтеді, қан айналымын жақсартады, инфекцияға қарсы тұруға мүмкіндік береді. Каротин, аскорбин қышқылдары және тиамин көздің көру қабілетін жетілдіреді.
Балдағы 90% көмірсутектерді глюкоза мен фруктоза құрайды. Олар жеңіл сіңіріледі, қосалқы энергия көзі ретінде қолданылады. Фруктоза мен глюкозаның бал құрамында болуының өзі оны инфекциялық гепатит бауыр циррозасын емдеген кезде қайталанбас өнім етеді.
Балды емдік мақсатта қолдану кезінде шырын, жеміс-жидектермен бірге қолданған дұрыс. Ересектердің диетасына 60-100 г бал енгізуге болады (жасөспірімдер үшін екі есе аз). Қолдану керек: таңертеңгілік 30 г, түсте — 40 г, кешке — 30 г. Ас ішерден 2 сағат бұрын немесе астан кейін 3 сағаттан кейін қолдану керек.
Пайдасы:
жүрек-қантамыр жодарын емдегенде;
бауыр, бүйрек, асқазанды емдегенде;
микроэлементтерге бай;
көздің сауығуына;
организмнің зат алмасуын реттейді;
күйіктер мен жарақат көздерін емдеу кезінде;
гастрит, язваны емдегенде;
тынысалу органдарынын жұмысын қалпына келтіреді;
инфекциялық ауру түрлерінін алдын алуға септігін тигізеді; т.б.
Пы/сы: Пы/сы: Ақпарат bugin.kz сайтынан алынды.Достар ауырмаңыздар,әрқашан дендерің сау болып жүре беріңдер!

31 пікір
жауапсыз қалмасын деп қоя салдым енД))