Көз гигиенасы

Пайдалы кеңестер /
Көз — оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз. Сондықтан көз адамның ең маңызды дене мүшесі саналады.
Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу керек. Сондықтан төмендегі талаптарды біле жүргенің жөн.

1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу керек.

2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру; ол тым шаңқиған жарық немесе тым көмескі, әлсіз болмауы керек.

3. Үстелге қоятын шамның жарығын сол жақтан түсіру.

4. Кітапты оқығанда, іс тіккенде көзден 30-35 см қашықтықта ұстау.

5. Теледидарды ұзақ қарамау, 2,5-3 м қашықтықтан көру.

6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу.

7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.

8. Темекі тартпау, ішімдік ішпеу.

9. Кітапты көлікте, жатып оқымау.

10. Серуендегенде, орман-тоғай аралағанда көзді бұтақ тиюден сақтау.

11. Көзге бөгде заттардың тиюі өте зиян, мұндайда көзге ақ түседі. Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем егер көзге бөгде зат түссе, дереу кайнатылған жылы сумен көзді сыртынан ішіне қарай жуу; көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе, суды ағызып қойып жуу; көзді еш уақытта қолмен уқалауға, сүртуге болмайды; тек таза, жұмсақ шүберекпен сүртеді.
Мәлімет БАЛАПАН сайтынан алынды.http://balapan.kaztrk.kz/telekanal/senblesinbe/detail.php?page=51110

11 пікір

followme_alik
Пайдалы мәлімет :)
Beibaris
рахмет
followme_alik
Beibaris
мен ол постқа дауыс беріп қойғанмын
3. Қуанышты… позитивті көңіл — күйдемін… Хех
followme_alik
рахмет. Сұрақ қойғанмын тағы...)
AKA
3. Үстелге қоятын шамның жарығын сол жақтан түсіру.
Дұрыс жасап жүр екем.
Nursultan2002
Пайдасы жоқ! Мұны бәрі білет!
beko
Жаман емес, ішінен қолмен уқалау дегені мен үшін жаңа нәрсе болды.
Korkem
"Ішің ауырса аузыңды тый, көзің ауырса қолыңды тый" © қазақпайский тема мақал
beko
Охоо, қазір қазір, жазып алайыншы… Керемет сөздер.
Karakulov
Қандай өткір көз болса да жарық сәулесі жоқ жерде ешнәрсені көре алмайды. Типа, жарық маңызды фактор екен деген түрім ғой, 2 пунктті қоштап)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.