Артық білім...

Пайдалы кеңестер /

Кітап, кітап…
Кітап оқығанды бала кезден ұнатамын. Мектептегі кітапханашы апаймен достасып алған едім, сабақтан соң кітапханаға барып, жаңа кітаптарға мөр басамыз. Сосын кітаптарды шертіп жүріп таңдап, өзімізге ұнағанын таңдап оқушы едік. Ол кезде қазіргідей интернет жоқ, теледидарға онша қызықпадым. Мектептен келе салысымен бос тұрған бөлмеге барып, әкелген кітабымды тезірек оқып, соңы немен аяқталатынын білуге құмар едім. Кейін кітап оқуды сиреттім. Басқа мектепке ауыстым. ҰБТ тапсырдық, сосын интернет дейтін керемет пайда болды. Бірақ, соңғы кезде кітапқа деген махаббатым қайта оянғандай. Жаздық каникулды ешқайда шықпастан үйде өткізіп жатырмын. Жергілікті кітапханаға бір-екі рет барып ем, жабық боп шықты. Қалалық кітапханаға барғым келмеді. Содан не керек, үйдегі кітаптар мен журналдарды қайта оқып шықтым. Кітапты әрбір оқыған сайын әр түрлі әсер аласың деген рас па деймін)
Сөйтіп, мынандай кітаптарды оқып шықтым:
1) Вьетнам жазушысы Нгуен Динь Тхидің «Сөгілген көбе» романы
Роман тілі жеңіл. Қызықты баяндалған. Бұл кітапты осы уақытқа дейін бір түрлі қызықсыз көріп келген едім, бір күні қолыма алсам, қызықтың көкесі осы кітапта екен. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы вьетнам халқының француз, кейін қытай халқының отарлауына ұшыраған ауыр халін баяндайды. Мұндағы жастардың өз елін ауыр халден қорғап қалу үшін жүргізген күресі сипатталады. Қыздарының ұяңдығы, халқының кей қиыншылықтары қазақ тарихына біршама ұқсас болғандықтан ба, жалықтырмады.
2) Әнуар Әлімжанов "Ұстаздың оралуы"
Роман екінші ұстаз атанған ғұлама ғалым Әбу-Насыр әл-Фарабидің сол бір қиын қыстау кезде де ғылым үшін арпалысқан сәтін бейнелейді. Ғалым өз ғұмыры қыл үстінде тұрса да, таптырмас еңбектерді қорғап қалуға барын салады. Роман, ғұламаның сүйіктісі Банумен құштарлық жайында сөз таластыруымен басталады. Әл-Фараби ғылым үшін құштарлық керек, ол әйел мен ер адамның махаббатынан өзгеше құштарлық десе, Бану махаббаттағы құштарлық пен ғылым құштарлығы бірдей нәрсе дегенді алға тартады. Ғалым адам бір мақсатқа ұмтылғанда, бір адамның оны сүйетінін білудің маңызы ерекше деген ойға келеді. Осы сөз таластыру сізді романның аяғына өзі-ақ жетелей түседі.
3) Ілияс Есенберлин "Ғашықтар"
Аты "ғашықтар" деп аталғанымен алғаш оқығанда ешқандай ғашықтықты көрмеген едім. Кейін тағы қолыма алдым, қайтадан зер сала оқыдым. Роман кейіпкерлері мүсінші Жантас, краншы Аяужан, дәрігер Шерубай секілді жандардың ішкі ой арпалыстары беріледі. Шын махаббаттың не екенін түсіну үшін олар бастарынан қилы-қилы жағдайларды өткереді. Роман, шынайы махаббат-тән қалауынан жоғары тұратын ерекше сезім деген оймен аяқталады.

Бұл жазбаны эстафета ретінде жалғастырып, әр адам өзі оқыған қызықты кітаптырмен бөліссе, нұр үстіне нұр болар еді.
Жаңа, ерекше кітаптар оқығым келіп жүр…
Сурет: ark-aktura.blog.ru, spletnik.ru

9 пікір

Ais_97
Керемет менде кітап оқығанды ұнатамын!+1 сізге жарайсыз!
ereke_enu
Меніңше, кино көргеннен кітап оқу әлдеқайда пайдалырақ
ereke_enu
Жалпы блогыңыз ұнады, қазіргі заманғы авторлардың жақсы шығармалары болса, жаза түссеңіз… Қай тілде болсын бәрібір
Togzhan
Блогты мен ашқан жоқпын, тек осы жазбаны жаздым. Жаңа кітаптар тізімін келесі жазбалардан аламыз деп ойлаймын!
qyrmyzy
Жоғарыдағы үш кітапты да оқымаппын. Рахмет! Оқу керек кітаптардың қатарына қосып қойдым. Таяқшаны біреуге ұстата салыңыз:)
Togzhan
Онда таяқшаны сізге берелік!
qyrmyzy
Маған бер деп айтпап едім… Рахмет! Жазып көрейін
Korkem
Тамаша бастама! Мәдес!
Togzhan
Рахмееет :)!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.