Сүт құрамы

Пайдалы кеңестер /
Сүт ішуді әдетке айналдыру керек. Батыста бұған үлкен мән беріп, тексеріп, өткізіп ішеді. Сүттің табиғи ерекшеліктерін және азықтық құндылығын жоғалтпастан тұтынушыға ұсыну үшін пастеризация өңдеуінен өтуі және дұрыс түрде ыдысқа құйылуы керек. Құрамындағы кальций еттен 10 есе, наннан 5 есе, алмадан 15 есе, сәбізден 3 есе көп. Күнделікті ішіп тұрса іштің құрамын тазалайды. Сырқаттанған кезде де өте пайдалы. Тасты да тазалап түсіреді. Сүттің екі құрамы бар:

1. Пастерленген сүт: Сүттің 75 градус ыстықта 20 секунд ысытылғаннан кейін дереу 5 градуске дейін суытылған түрі. Адам денсаулығына зиянды бактериялар жойылады. Пастерленген сүттің ерекшелігі:
1. Құрамында қоспа болмайды.
2. Шыны ыдыстарда күнделікті сатылады.
3. Азықтық құндылығын 3 күн сақтайды.

2. Ультрапастерленген сүт: Сүттің 135 градус ыстықта 6 секунд ысытылып, 20 градусқа дейін суытылған түрі. Зиянды бактериялар және сүттің бұзылуына себеп болатын бактериялар жойылады. Үйде қайнатылғанда азықтық құндылығын жоғалтатын сүт осы жолдармен азықтық құндылығын жоғалтпастан тұтынушыға ұсынылады. Ультрапастерленген сүттің ерекшелігі:
1. Құрамында қоспа болмайды. Бірақ иісі болады. Дәмін беру үшін.
2. Картон ыдыстарда сатылады.
3 Ашылмаған жағдайда ерекшелігі мен азықтық құндылығы ең аз дегенде 4 ай сақтайды. Мерзімінен өтіп кетсе, түрі сарғылданып, дәмі қышқылданып, иістеніп кетеді.
3. Бөлме температурасының режимімен сақтауға да болады.

5 пікір

dimash
Осыған ұқсас жазба болып еді ғой, сондада артық емес мен үшін де.

Сүт көптеген ересек адамдарға жақпайды ғой, оның құрамындағы ферменттерді жас нәрестелер жақсы қорытады, ал үлкейе келе ол ферменттерді адам қорыта алмайды. Сондықтан үлкендер «сүт ішсем асқазаным ауырады» деп айтады. Бірақ бұл барлық адамдарда емес, себебі өзім сүтті шелектеп ішемін.
Айтпақшы, әлгі фермент деп отқаным лактоза ғой.

Kan
Пайдалы кеңесіңе рахмет! Әйтседе ешкімді таңқалдыра алмадың. сүттің пайдалы екенін баяғы ХХ ғасырдың өзінде жазылып кеткен. сондықтанда ерекше дүние жазсаңдар болар еді.
AKA
Керекті ақпарат, пайдасы зор сүттің. Жүйке тыныштандырады, зиянды, улы заттармен жұмыс жасайтындар сүт ішсе, кері әсерден құтыла алады. Түнде ұйықтар алдында ішсең де, жақсы ас қорытып, жайлы ұйықтауға себепкер болады. Ішінде кальций болғандықтан, тіске де пайдалы. Қыз балаларға да жиі сүт ішкен дұрыс.
ereke_enu
Пастерленгенді түсінбейтін едім, рахмет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.