Тіс дәрігерін таңдау жолы

Пайдалы кеңестер /
1. Ең жақсы Тіс дәрігері өзінің жұмыс орнын өте таза, жинақы ұстайды. Жұмысқа қажетті құрылғылар мен керекті заттар көз алдыңызда болуы керек. Және өз орнында болуы керек.

2. Емдеу кезінде орындықта қақиып отырмайды, креслода өзіне де, дәрігердің жұмыс істеуіне ыңғайлы күйде отыру керек. Жайсыз орындық емес, арнайы жылжымалы кресло болуы керек.

3. Қондырғылары заманауи қосалқы заттармен жабдықталған болуы керек.

4. Бөлмеде емделушіні ғана емес, дәрігердің өзін де түрлі жұқпалы инфекциялардан қорғайтын жүйе жұмысы жолға қойылған, жадықтар залалсыздандыратын заттар онында болуы керек.

5. Дәрігер мен оның көмекшісінің үстілерінде арнайы ақ халлатты киім мен қолғап болуы керек.

6. Барлық жұмысты асықпай, қарап, ауырған тісті дәрі егіп барып жасайды.

7. Бөлмеде сүйек тіндерінің, тіс тамырының ахуалын көрсететін, сәулелену деңгейі денсаулыққа зиян келтірмейтіндей шамадағы заманауи аппараттар мен қондырғылар болуы керек.

8. Емханада сізді мазалаған ауруды емдеуге рұқсат беретін лицеензиясы болуы керек, және де емхананың өзінің арнайы сертификат қағазы болуы керек.

9. Дәрігердің білімдік денгейі жоғары дипломы тұру керек, жоғары санатты дәрігер болса, ол да тұру керек.

10. Тіске пломба қойса, оның жарамдылық мерзімін көрсетіп тұратын қағазы болуы керек. Әрі кепілдік беретін амалы тұру керек. Егер пломбаға жарты жылға немесе бес жылға дейін кепілдік бере алатын айтса, есте сақтаңыз.

11. Әрі қызмет сапасына, аты жөнін, сертификат, диплом, кепілдік қағазын біле жүріңіз

Шипа газетінен

2 пікір

Kan
Мынаут посыңыз «жақсы дәрігер осылай болу керек» деп жарнама жасағандайсыңғой. егер осы қағидалары болмаса онда ол дәрігер болмайдығой. тым қарапайым әрі еш маңызы жоқ пост
m170785
жарнама жасағаным жоқ, түсінетін адам түсінер ағасы
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.