Суықтан қорғану немесе үсіктің алдын алу

Пайдалы кеңестер /
Ассалаумалейкум! Қалайсыздар достар? Өздеріңізге белгілі соңғы күндері күн тым суып кетті. Кейбір облыстарда мектептер 1 апта бойы жабылып қалды, сулар қатып жатқаны былай тұрсын, газ екеш газдың өзі қатып қалуда, жолда қалып қойып үсіп қалған адамдар… Үсіген жер некрозданып кетеді, оның емі жоқ, тек сол жердге имплантация (сол жерді кесіп тастау) жасаудан басқа амал жоқ… Менің осы постым суықтан қорғану және үсіктің алдын алу туралы өрбімек… Қолымнан келгенінше терминдерді аз қолданайын.

Адамдар де гүл секілді, бірі жылу сүйгіш болса бірі суыққа шыдамды келеді. Біздің терімізді суыққа және ыстыққа сезімтал рецепторлар қаптап жатады. Айырмашылығы тек суыққа сезімтал рецепторлар 15 есе көп және терінің беткі жағында орналасқан. Осының әсерінен адамдар ыстық сахарада бірнеше күн шыдай алса, ал қатты аязда бірнеше сағат ғана өмір сүре алады. Дегенімен бұдан да шығатын жолдар бар.

Бұл кезде біздің ағзамызға май тіндеріміз бен бұлшық еттеріміз көмекке келеді. Бұлшық ет арқылы адам жылу өндірсе, май тіндері өз кезегінде сол бөлінген жылуды сақтап қалады. Сондықтан ер адамдарда бұлшық ет жақсы дамығандықтан суыққа шыдамды келеді де әйел адамдар керісінше жылу өндіретін бұлшық еті жоқ, оны сақтайтын май тіндері жоқ болғандықтан жаурағыш келеді. Сондықтан қыс мезгілі диета ұстайтын уақыт емес. Ішкі темперетураның төмендеуі ол созылмалы әлсіздікке әкелуі мүмкін.

Бірден әсер еру қабылеті бар тағамдарға жуа, сарымсақ (чеснок), корица (қазақшасын білмейді екенмін) жатады. Ал кофе, спирттік сусын және темекі жылу өндіруге қатысатын көмірсу бөлмейді, олар керісінше қан айналуды баяулатқаннан адам біршама жылуынан айрылады. Оның орнына ыстық шоколад немесе какао ішіп, алма жеген дұрыс болады екен.

Тоңаған кезде ашу шақырмаңыз. Себебі адам ашуланған кезде адреналин гормоны көбейіп, қан айналысына кері әсерін тигізеді. Қатты тоңып оның үстіне ашулансаңыз үсікке біршама жақындайсыз.

Жылы киім,әрине, жылынудың таптырмас құралы іспеттес. Қазір ақылдысымақтар созылмалы тоңғақтарға арнап не шығармады десеңші… Грелка дан бастап компьютер алдында отырғанда киіп аладын электронды қолған пен шұлық, тіпті электронды жаялықтарға дейін шығарған. Жақсы ғой, тоңғанда электронды көрпені жамылып алып жылынасын да шығасың))
Әрине бұл екінің бірі пайдалана алатын зат емес. Өркениеттен тыс жерде жүрген адамдар тіпті пайдаланы алмайды. Бұл кезде «қырық қабат» әәдісін пайдаланудың қажеті жоқ. Бар болғаны қопиған куртка кисеңіз болады. Ең бірінші назар аударатын жайт, ол куртканың арасында ауаның болуын қадағалау керек. Тек сол ауа ғана денедегі жылуды сақтауға көмектеседі.

Және үсіп кетпеу үшін құшақтасу керек. Құшақтасуды былай қойғанда, сол туралы ойлау да (бұл жерде махаббат туралы) ағзаның жылу бөлуіне септігін тигізеді екен (ғылыми дәлелденген). Қатты тоңған кездері жалғыздық туралы ойлайтын кез емес, Барынша өзіңізді жоғары бағалаңыз, өз махаббатыңызды, достарыңыздың жағымды қылықтарын ойлаңыз.

Енді суыққа шығар алдындағы кеңесіме назар аударыңыздар. Тону ол ағзаға су жетіспеуінен де болуы мүмкін. Егер су жетіспесе онда біздің ағзамыз су қорын үнемдеуге энергия бөле бастайд, бұл сәйкесінше қан айналымының баяулауына әсер етеді. Сондықтан суық күндері мейлінше 2 литір су ішу керек. Су ол бүйрек қызметінің артуына көмектеседі де ағзда зат алмасу процесі тез жүреді. Бұны мен жылу шеңбері деп айтар едім. Қалай айтсам екен… Су көп ішсек, зат алмасу артады, зат алмасу артса қан айналу да жоғарылайды, қан айналу жоғарыласа бауырдың қызметі жақсарады. Бауыр ол адамның ішкі пеші іспеттес. Жылу жақсы бөлінсе судың ыдырауы да жақсарады, солай солай айналып келеді. Енді менің осы кеңестеріме назар аударсаңыз үсіп кетуден аман боласыз. Аса мейірімді Алла баршамыздың үйімізге жылу берсін. Димаш, арнайы «Айтабер» үшін деп қояйын соңында))). Зерттеп, ойланып жазған еңбегім бар ғой))))
Назарларыңызға РАХМЕТ!

3 пікір

Korkem
Бас дәрігер деген сендей-ақ болсын, врач! )) респект кетті ұшып.
dimash
амин, айтқаның келсін. тек арасында кетіп қалған қателерді айтпаса өз постым өзіме ұнап-ақ тұр)))
Togzhan
рахмет, Димаш! Жақсы жазылған, біраз нәрселерді оқып таңғалып отырмын:
ол куртканың арасында ауаның болуын қадағалау керек

бұндайдан суық тиеді деп ойласам...қанша дегенмен желдің аты жел. Сосын 2 л су…
суық күні су ішу онша тиімді емес сияқты…
dimash
)))кіші дәретке көп жүгіретіні болмаса, судың жылуға тигізетін пайдасын «жылу шеңбер» деп түсіндіргендей болып едім… әрине әркімнің өз ойы бар. рахмет
Togzhan
)))соны айтам…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.