Қан тобыңыз үйлесе ме?

Пайдалы кеңестер /
Өткен жылы елімізде 150 мыңға жуық адам заңды түрде некесін қиыпты. Статист мамандар шаңырақ көтерушілер жыл санап көбейіп келеді дейді. Ал жар іздеген жастар одан да көп көрінеді. Біз оларға еуропалықтардың мінез жарасымдылығына байланысты мына бір кеңесін ұсынбақпыз. Бір топ астрологтар мен психологтар және медицина мамандары көз жеткізген бұл тәсіл жұптық жарасымнан хабар береді.

Жігіттер үшін…

І топ. Қан тобы осыған сәйкес келетін қыз-ке­лін­шектер өте қызғаншақ келеді. Олар тез қимылдайды­, кесіп сөйлейді, тірлігіне тындырымды­. Төсекте де белсенді. Олар күші мығым, ерік-жігері мықты жігіттерді ұнатады. Ынжық, жалтақ, ­пікірін ашып айта алмайтын жігіттермен ұзақ тұра алмайды.­

ІІ топ. Бұлар сабырлы, нені болса да ой елегінен өткізіп, ақылмен шешеді. Қимылы баяулау, бірақ тірлігіне пысық. Отбасылық өмірде кез-келген ауыртпа­шылықты көтере біледі. Көнбістеу, алайда бір ашулан­са басылуы қиын. Өйткені жылдар бойы жинаған өкпесін бір-ақ күнде төгіп салып, жіпті шорт кесуі ықтимал.

ІІІ топ. Қимылы да, сөзі де жылдам, ойы да тез өзгеріп отырады. Ойынан шыққан адамынан өлсе де айырылмайды. Бірақ тез шешім қабылдап,­ тез айниды. Ол сөзге шешен. Сырттай өте пысық көрінгенмен, аңғалдығы мен жалқаулығы бар.

ІV топ. Өте сезімтал. Кез-келген адамның тілін тауып, шүйіркелесе кетеді. Бірақ өзінің сырын аш­пайды. Олар ықыласпен тыңдап, шерін тарқатуға таптырмайтын жан. Бірақ ренішті кешіре алмайды. Аса қатты да, жұмсақ та емес, беделді, айналасына сыйлы жандарды ұнатады.

Бойжеткендер үшін…

І топ. Қолынан келмейтін ісі жоқ. Бірақ өмірлік жарын жақсы көре тұрып, сұлуларға көз тігуін қой­майды. Бостандықты сүйеді. Сөйлесе дүйім жұртты ау­зына қаратады, көрікті болмаса да көптің ішінде ерекше көзге түсетін, өнерлі жан. Қыз-келін­шек­тердің жүрегіне жол таба біледі.

ІІ топ. Үлгілі отағасы бола біледі. Сүйгені үшін бәріне көнуге дайын. Тек қалаулысы жанында жүрсе болғаны. Белсенді болмағанмен өз ісіне тия­нақты, тындырымды. Сүйгенін қажетті дүниемен қамтамасыз ете алады. Бірақ кекшіл, қызғаншақ.

ІІІ топ. Өмірге жеңіл оймен қарайды. Қашанда қызық қуып, серілік жасағанды ұнатады. Сүйгенінің көңіліне қаяу салса кешірім сұрамайды, өйткені осы болмысымды қабылда деген менмен талап тұрады. Олар өзін күтетін, қылықты, кешірімді де пысық бойжеткендерді ұнатады. Ба­ла-шаға тәрбиесіне деген жауапкершілік міндеттер оған арналмаған.

ІV топ. Серігінің тілегін де, айтары мен ойындағысын да сезіп, түсініп, көңілінен шығып тұратын мұндай жігіттер кез-келгенді бақытты ете алады. Көпшіліктің көңілінен шығып, суырып салып өлең оқып, әу деп те қоятыны бар. Көңілі келсе азық-түлікті өзі көтеріп келіп, кір де жуа салады.

Копипас,қайдан жазып алғаным көрсетілмепті.

23 пікір

Aikona
2 мін, сондаймын))
Jako
Жоғарғы жазылғанмен қарасақ адамдардың тамаша тобына жатады екенсіз.
Korkem
ық-ық ят-ай, оңдырмапты мені))) қанымның тобын кеше барып біліп келдім
Jako
Осының бәрі келе береді дегенге өз басым сене бермеймін.
ereke_enu
Қан тобымды білмейді екем. Мыналарға қарасам, тобым бұ жерде жоқ секілді. Мүмкін, араласып кеткен 2 болар))
Jako
Негізі адам өз қан тобын біліп жүргені абзал, оның өзің үшін де,өзгелер үшінде өте қажет болып қалатын кездері болады, бірақ Алла одан сақтасын.
m170785
жако агам оте кызыкты екен )))
Jako
Өтірік-расын қайдам, Америкада адамдарды жұмысқа қабылдарда немесе басқа да сондай жағдайларда тест тапсыртумен қатар осы қан тобына да зор мән береді деп оқыған едім бір жерден.
m170785
ол рас аға, менім көршім неміс еді осы Алматының тумасы еді, көшіп кетіп туыстары шақырып, жұмысқа орналасып, қанын тапсырып, өткізіп, сақтап қояды екен, алда жалда бір нәрсе болған жағдайда, мәйіті табылса, тексеріп, жаңағы өткізген қанмен тексереді, отбасылары бәрі бірге өткізеді екен. Кейін қайтадан Алматыға көшіп келді, не болды десем, қатал заң, ананы тапсырасың, мынаны тарсырасың деп, бастысы өткізу сорақысы қан екен деп, Ауруханада сорақысы ең жаманы осы деді
Jako
«Естімеген елде көп, есек мінген сартта көп»-деген екен ілгергілер.
m170785
біз білмеген сырлар көп ақ
banzaika1990
Қан тобымды 11сыныпта «права» аларда анықтатқам. 4топ болып шықты. «Авто Делодан» беретін ағайымыз сенбей үш рет тапсыртқан, үш рет те 4топ болып шықты. Сосын «праваны» беріп жатып "Қызым-ау қан тобың сирек екен мүмкін машина айдамай-ақ қоярсың" дегені әлі есімде.
Негізі келетін сияқты маған
banzaika1990
Қыз бен жігіттің қан топтарының сәйкестігі туралы ақпарат болса тіпті қатып кетер еді. Кейбір қарама қарсы қан топтары болады деп жатады ғой
Jako
Осы кесте арқылы сәйкестендіруге болатын шығар.
Kan
Қызық екен. келетін сияқылды
seit_96
3 топ бірақ ұұяттау екен)))
Jako
Несі ұят, таза қазақтарға тән қанның тобы сияқты ғой,қайта.
Kinostrov
1 топ
Jako
Менікі де 1-ші топ, басқа топтың қандарымен сәйкестігі жоқ,қажет жағдайда қан табылу қиындау болады дейді елдер, Алла одан сақтасын.
SteVen_S_Sanzhar
Қанымның тобы 2, мінезімде дәл сондайй!!!
Zhanat
сұлуларға көз тігуін қой­майды. сұлуларға қарамау үшін соқыр болу керек қой)))) сұлуларға қыздардың өздері де қарайды
проценттік қатынасы қанща екен? мыс., 1 топ 20 пайыз, 2 топ 30 пайыз деген сияқты. мына жерд көбі 1 сияқты ғой
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.