↑ Жоғары шығу
31 қазан 2012

Жетістікке жеткендермен араласыңыз

Өзін сыйлай білмеу – бақытсыздық, өзіне шексіз риза болу – ақымақтық. Г. Мопассан
– Айналамыздағы адамдардың бізге тигізетін әсері бар ма?
Сіздің қалаған тұлғаға айналуыңызға ықпал ететін негізгі себептердің бірі – барынша ұғынықты болу.
Бізге айналамыздағылардың ықпалының күшті, нәзік те тұрақты болғаны соншалық, олардың бізге қаншалықты әсер ететінін көбіне біле бермейміз. Осы жайлы ойлап көріңіз. Егер Сіздің айналаңызда табыстарын ысырап жасап жүрген адамдар болса, онда Сіздің ысырапшыл адам болуыңызға керемет мүмкіндік туып тұр дей беріңіз. Егер Сіздің айналаңызда жиынға емес, күрес жарысына баруды жөн көретін адамдар болса, Сіздің де соларға қосылып кетуіңіз ықтимал. Айналадағылардың ықпал күші осындай.
Таныстарыңыздың әрбіріне жұмсалған уақытыңызға баға беріңіз. Ол пайдалы ма, толық па, жоқ әлде негізсіз бе, жартыкеш пе? Жауабыңызға сенімдісіз бе? Онда мына сауалдар төңірегінде ойланыңыз:
Олар Сізді не істеуге мәжбүрледі?
Олар Сізді не тыңдауға мәжбүрледі?
Олар Сізді не оқуға мәжбүрледі?
Олар Сізді қайда болуға мәжбүрледі?
Олар Сізді не жайында ойлауға мәжбүрледі?
Олар Сіздің сөйлеуіңізге қалай ықпал етті?
Олар Сіздің пікірлеріңізге қалай ықпал етті?
Ақырында, Сіз, шын мәнінде, осы сауалдар төңірегінде ойланған соң, өзіңізге-өзіңіз тағы бір мынандай: «Осы таныстарым менің таңдап, алдыма қойған мақсатым бойынша өсуіме көмектесе ме? » – деген соңғы сауал қойыңыз.
Егер сәті түсіп, Сіздің жауабыңыз «Иә» болса, мен Сіз үшін қуаныштымын. Ал егер, Сіз соншалық сенімді болмасаңыз, өміріңіздегі негізгі ойыншыларыңыздың кейбіреулерінің қарым-қатынасына баға берудің кезі келгені.
Ықпал жайлы бұл мәселені елемеу өте оңай. Қалыпты адам: «Мен осы ортада өмір сүріп жатырмын, бірақ мұның маңызы жоқ. Айналамдағы бұл адамдардың маған қатысы шамалы» – дейді. Ол қателесіп тұр. Бәрінің маңызы бар. Есте сақтау үшін: БӘРІНІҢ МАҢЫЗЫ БАР дейтін әдемі сөйлем бар.


Адам өз досының дүние таным, пиғылына қарай үйлесіп кетеді. Сондықтан кіммен достасуды алдын ала ойланып алған абзал. Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.)

Орташа деңгейдегі адам боп қалу оңай. Бұл үшін Сізге керектінің бәрі – болмашы адамдармен болмашы істерге негізгі уақытыңызды жұмсау.
п.с.Бұл – Сіздің өміріңіз. Сіз өз уақытыңызды кіммен өткізгіңіз келеді және қалай өткізгіңіз келеді – ерік өзіңізде.
?

Пікірлер:19

avatar
  • Delfina
  • 31 қазан 2012, 02:24
  • +1
1 емес екі рет оқып шығыңдари))
avatar
Очм, жетістіктегі адамның да ішінде нағыз жетістікке жеткен адамдар бар деп ойлаймын. Олар емн үшін ең бірінші, таза ғылыммен айналсысатын зиялы қауым.
көтерілетін жердің барлығын көтеріп қолдаймын мына сөзіңді:)
avatar
  • Delfina
  • 31 қазан 2012, 11:17
  • 0
Жетістік – бәрінен бұрын өміріңіздің қандай боларын өзіңіздің қалағаныңыздай етіп жасау мүмкіншілігі. Барлық мүмкіндіктерді ойластыра отыра, өзіңіз қызығатын басқа адамдардың барлық үлгі-өнегелерін қарастыру. Сіз өміріңізден нені қалайсыз? Бұл – маңызды сұрақ!
  • Dan4ik
  • 31 қазан 2012, 03:25
  • +1
жетістікке жетпегендерменше дос болуға бомайма нееее
avatar
Егер саған дұрыс жағынан әсер етсе және сені қатты мәжбүрлемесе болатын шығар ))
avatar
  • Delfina
  • 31 қазан 2012, 09:43
  • 0
п.с.Бұл – Сіздің өміріңіз. Сіз өз уақытыңызды кіммен өткізгіңіз келеді және қалай өткізгіңіз келеді – ерік өзіңізде.
avatar
  • Jako
  • 31 қазан 2012, 10:08
  • +1
Тамаша пост,әрқашанда адамды орта (среда) жетекке алады.Жетістіктерге жеткізуге де, төменге құлдилатуға да ортаның әсері жойқын, бірақ бұл жерде адамның өз ерік-жігерінің де алар орыны, атқарар қызметі аз емес.
avatar
  • Delfina
  • 31 қазан 2012, 11:26
  • 0
ой, Жездеке рахмет. Жетістік – өмірдің жеткілікті күшін сезінген жанға келетін табыс, сонымен бірге тұрмыс даналығы. Ол дегеніміз -материалдық та, рухани да, нағыз да, қарапайымда көрінетін болуы мүмкін. Сіз бұл жақтардан өткен адамсыз ғой ендігі. Ал мені қатты толғандырады.
  • Ademi
  • 31 қазан 2012, 10:05
  • 0
Олар мені жақсы көрмейтін жігітпен жүрмеуге мәжбүрлеген, жігіттердің сезімімен ойнамауды талап ететін! тағы жазармын
  • Ademi
  • 31 қазан 2012, 10:07
  • +1
Дельфи, мынадай пост оқымағалы біраз болыпты. Қатесіз, айтары бар, салмақты… РЕСПЕКТ! Жиі жазып тұрсаңшы, сағындырмай, көке!
avatar
  • Delfina
  • 31 қазан 2012, 11:29
  • 0
Жанымка, әрине жазып тұрамын. Бірақ ана көке дегенін қалай..? мен әкемнің інісін көке дим)))(
  • Ademi
  • 31 қазан 2012, 14:02
  • 0
көке деп еркелеткенім ғой, Дельфииииии:)
avatar
Сұрақтарды бір жерден оқыған сияқтымын.
avatar
  • Kan
  • 31 қазан 2012, 14:24
  • 0
Қазақтың «Жолдасына қарап кісіні таны» деген нақыл сөзі не тура келеді. Адам егер дарын болып, ақылы асып туса оғанда қарамауы мүмкін. Мұқағали ақынның қасында ешкім болмады. Бірақ ол өз жетістігін көрсетіп кетті. Абайда жолдассыз өткен өз ортасын сынап өткен дара боз ақын. Әйтседе ол ешкімге еліктемей өзіақ жетістікке жете білді. Шоқанда өзінің қоршаған ортасынан зәбір көрген адам. бірақ Шоқанда өзінің нашар ортасынан жақсы өмірге мәңгі есімін қалдырды. Сондықтанда сіздің кейбір сөздеріңізге бас изегеніммен. Жалпы түсінігіңізбен келіспеймін.
avatar
  • Jako
  • 31 қазан 2012, 19:06
  • +3
Кан мырза, Дельфидің айтайын дегені адамның кім болып қалыптасуы ортаға байланысты деген ұғым бар.Мүмкін ортаны өз дегенімен жүргізетін адамдар да бар шығар, бірақ олар бірен-сараң.Көпшілік адамдар ортаның ағысынан шыға алмайды.Мына жерде сіз мысал қылған Мұқағали ортасыз болды дегенге мен өз басым ешқашан сенбеймін.Сол кезде жазушылар одағындағы бар ақындармен жолдас болған, ал ол жердеТ.Айбергенов, Ф.Оңғасынова т.с.с. ақиық ақындар болған, осы орта емес пе? Абай неге жолдассыз болады, айналасы толаКәкітай, Шәкәрім, Қиясбай, Оспан сияқты інілері емес па еді?Абай неге ешкімге еліктемеді дейсің, егер еліктемесе, қызықпаса орыстың ақиық ақындары Пушкин, Лермонтовтарды аударар ма еді?
Ал Шоқанға келсек оныңда өзін қоршаған ортадан зәбір көрді дегенге еш келісе алмаймын.Шоқан хан ордасында туып, патша сарайы маңында өсті. Шоқанның Шоқан болуына өскен ортасы мен білім алған ортасы тікелей әсер етті. Егер Шоқан Ресейдің географиялық қоғамы, Потанин, Достоевский сияқты кісілермен араласпаса кім біледі саяхатшы, зтнограф ғалым болар ма еді жоқ әлде қарапайым тілмаш офицер болып қалар ма еді. Демек Шоқанға да араласқан ортасы тікелей әсер етті деген сөз. Ренжіп қалма пікірталас қой.
avatar
  • Delfina
  • 31 қазан 2012, 23:40
  • 0
Жауабыңызға шексіз риза болып отыр, балдызың))
avatar
  • Jako
  • 01 қараша 2012, 07:00
  • 0
Рахмет Дельфуша!
avatar
  • Jako
  • 31 қазан 2012, 19:07
  • 0
Байқауым да Дельфи ортаның адамға рухани емес материалдық әсерін айтып отырғандай. Ортада адамдар байып кетуі де мүмкін, керісінше сол ортаға жем болып кетуі де әбден мүмкін. Қазақта "Ұл тумайтын қатын жоқ тұрарын айт, мал таппайтын еркек жоқ құрарын айт"-деген тамаша мақал бар.Егер Алла берекесін берсе бақырдан ақ бай боласың, егер Алла қырын алса алтын ұстап отырып та құр қаласың.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.