Депрессия (Күйзеліс)

Пайдалы кеңестер /
Күйзеліс көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз, сары уайымнан миға бастау алатын түңілу, мен пессимизм арқылы бейнелетін көңіл күй жағдайы. Көбінесе ең алдымен қала тұрғындарына тән. Көптеген психолог мамандары депрессияның қалалы жерлерде басым екендігін айтады. Үлкен қаланың жақсылығы мен жамандығына қатар төзіп, күнелтуге мәжбүр. Нарықтық басты құндылығы ақша болғандықтан, ақша табу үшін жанталаса өмір сүру, сөйтіп әке шеше, туыстардан, құрбы дос жарандардан, алыстау арқылы өз өзінен тұйықталу адамның жүйкесін шаршатып, күйзеліске ұшыратады. Оның ойындағы, сан түрлі сұрақтар туып, пәтерақының уақыты жақындауы, жұмыстың жүрмеуі, үйдің тірлігі, ақшаның жоқтығы сұрақтар туындап, сары уайымға әкеліп күйзеледі. Нарықтық экономмкадағы халықтың кешкі тоғыз онға дейін жұмыс істеп, дұрыс демалмауы әсер етіп, күйзеліске ұшыратады. Уақыт тығыз болып, шаршап, ашуланып осылай күйзеліп сан сұрақтарға батады. Зерттеулерге қарағанда әлемдік жүрек ауруынан екінші орында күйзеліс сырқаты тұр. Адамзат жүйкесінің әлсіреуі жер бетіндегі барлық қоғамды қауіптендіруде. Күйзелістен арылудың жолдары;

1. Ұшыраған адам ештеңеге құлқы болмайды. Ауыр ойлар жүйкеңізді қажытып, ұйқыңызды қашырып, дөңбекшіп шығады. Ондай да жұмысты да қойып, ертеңгі күнді ойлап 4 не 5 күн жұмысқа бармағаныңыз жөн. Өзіңізге демалыс жариялаңыз.

2. Көңілді алдайтын, көңіліңізді аударар бір өте қызықты іспен шұғылданыңыз. Ғалымдар айтуы бойынша күйзелістен арылудың бір жолы техникалық, және әдеби аудармалар жасау. Қатты сырласып жүрген дос не құрбыларыңыз болса үйге шақырыңыз не өзіңіз жол тартыңыз. Мазаңызды алып жүрген бірқақпай адамдар болса бетін дөрекі айтпай түсіндіріп бетін қатарыңыз. Жеңілдеп қаласыз. Айғайлап, дөрекі сөйлеген жағдайда сары уайымға түсіп, күйзелістен шыға алмауыңыз мүмкін. Ондайда ұмытыңыз.

3.Хош иісті ванна қабылдаудың да сізге сергектік сыйлайды. Жеңіл, ырғақты әуен тыңдаудың да өзіндік тигізер септігі бар. Әсіресе мидың тынығуы, тек бәрін ұмыттыруға келетін әуен классикалық әуендер.

4. Көкейіңізде түйіткілді болып тшұрған мәселені ішіңізде сақтамаңыз. Барлық қадалып қалған, ойды қажап жүрген сан түрлі сұрақтардың күйзелісін дос құрбыларыңызға айтыңыз. Немесе қағаз бетіне түсіріңіз. Осы орайда нағыз күйзелістің қадалып қалған күйзелістің басты себебі махаббат жетіспеушілігі де болады. Отбасыңызға, туыстарыңызға, сүйіктіңізге керек адам екеніңді бағамдай білгізу жетістікке жеткізбек.

5 пікір

zhurttyn_balasy
Жеңіл ырғақты әуен асқындырып жібереді
baur79
қайдам!!! қазақ депресия болмайды гой
Ademi
Кейде ойыңды сөзбен жеткізе алмасаң үнсіздікпен айтуға, ал, бұл өмірде сенің өзіндік орның бар екенін білдіру үшін жоғалып кетуге тура келеді… ©
ereke_enu
Бір жолдасыма көңілімді айтып отырсам, «Наруто көру керек қой саған» деп кеңес беріп еді. Жарад))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.