Ринит

Пайдалы кеңестер /
Адамдардың көпшілігі ринит сырқатына мән бермей, өзі жазылады деген оймен, зияны кейінірек тиетіндігіне назар аудармай жүретіні бар. Кейде аурудың жеңіл түрі болғанда жазылып кетіп жатамыз. Дерт одан әрі асқыныпғ, ағзаға зияны тимес үшін оның не үшін болатындығын анықтаған дұрыс. Ринит деген қандай ауру? Не себептен пайда болады?..
Ринит мұрын қуысының шырышты қабығының қабынуы. Мұрын қуысына түскен микробтар мен вирустардың, аллергияның салдарынан пайда болады. Алғашқы кезеңінде мұрынның шырышты қабығы ісініп, тамағы қызарып, құрғайды, шөл басады. Ересек адамдардан гөрі кішкентай жас нәрестелер бұл дертпен ауырғанда өте ауыр өтеді. Мұрын бітелген кезде олардың мұрын қуыстары тар болғандықтан тыныс алуы ауырлап кетеді. Асқынған жағдайда көмейге, кеңірдекке, тіпті өкпеге дейін барып, таралады.Риниттің бірнеше түрі бар;
1.Аллергиялық ринит.
2.Жіті ринит.
3.Созылмалы ринит.
4.Вазомоторлық ринит.

1. Аллергиялық ринит. Өсідіктер мен шаң тозаңға, түтінге, ащы, жағымсыз иістерге аллергия болғаннан кейін пайда болады. Аллергиялық ринитпен көбінесе халық көп орналасқан, жиналған жердегі адамдар көп ауырады. Басты белгісі; бас алмай түшкіру, көзден жас ағу, көз қызару, мұрыннан су ағу, мұрынның бітелуі, мұрынның қышуы. Асқынып кетпес үшін белгілері көрінген кезде дәрігерлерге көрініп, ем қабылдау. Емдеу үшін алдымен ненің әсерінен пайда болғанын анықтап, сол нәрседен сақтанып, мұрынға тазыматын арнайы тамызықтарды пайдалану.

2. Жіті ринит.Қатты суықтаудың, мұрынның сілемейлі қабығына вирус немесе бактериалды инфекциялардың түсуінен, тұмау, тыныс алу мүшелері өткір ауруларының әсерінен болады. Дерттің белгілерін мұрын қуысының қышуынан, мұрыннан су ағу, ыстықтың көтерілінен білуге болады. Екі күндей өткен соң мұрын бітеліп, иіс сезбей, су ағып, бірнеше аптадан кейініріңді сұйықтық болып ағады. Ем қабылдаған дұрыс лезде. Төсек режимін қатаң түрде сақтап, мұрынға салмақ салмау керек жазылғанша. Ыстық бұлау жасап, тер шығаратын дәрілер қабылдап, ингаляция жасау керек. Мұрын қуысындағы кебуді жою вазелинмен немесе шабдалы майын жаққан дұрыс. Мұрын қуысындағы қан тамырларын тарылтатын ертінділер тамызып, бөлмені желдеткен дұрыс.

3. Созылмалы ринит. Жіті ринитті толығымен емдемеген жағдайдан және ағзадағы басқа аурулардың салдарынан пайда болады. Науқастан дертті мұрынның бітелуіне, қайта қайта түшкіруден, иіс сезбей қалудан, бас ауруынан, себепсіз шаршап қалу, мұрынның шырышты қабығы қалыңдауынан, мұрын қуысының қоймалжың, иісі жағымсыз сұйықтық ағуынан, тамақтың кебуін сезінуден, мұрынның қан ағуынан қарап білуге болады. Бұл ауруды емдеу үшін дерт қандай деңгейде екендігін анықтап, физиотерапия жүргізу немесе ультракүлгін сәулемен емдеу, магнит өрісімен процедурасы болуы мүмкін.

4. Вазомоторлық ринит. Бірнеше ауруларға және ауа райына жүйке механизміне әсерінен пайда болады. Түшкіру, мұрыннан су, қолмалжың сұйықтық ағу, мұрын бітелуі белгілері болады. Емдеу үшін қан тамырлары жұмысын жақсартатын дәрілер, жүйкені тыныштандыратын түрлі шөптерден жасалған шәй, қайнатпа, тұнбалар, дәрі керек.

Ауырған кезде, бітелгенде, сұйықтық бөлінген кезде мұрынды бірден қатты қарқынмен сіңбіруге болмайды. Себебі, өңез бен бактериялар қосалқы қуыстарға түсіп, кедергі келтіреді. Мұрын қуысын тазалағанда кезекпен, жәймен тазарту керек.

Емдеу амалдары;
1 ас қасық өсімдік майын су моншасында қайнатады. Сәбіз шырынының 1 ас қасығына, үстінен дайын болған өсімдік майы мен 3 тамшы сарымсақ шырынын қосып, араластырып мұрын қуысына 3 тамшы құяды.

Қызылша шырынын күніне 3 мезгілден мұрын қуысына 6 тамшыдан тамызып, асықпай, немесе қызылша қайнатпасымен күніге 2 мезгілден мұрынды шаю керек әрі пайдалы. Қызылшамен емдеудің тағы бір емі, қызылша шырынына мақтадан жасалған тампонды малып, мұрын қуысына 20 минуттан күніне 3 мезгіл құяды.

Қызылшаны үккіштен өткізіп, шырынын сығып алып, Жылы жерге бір тәулік қойып, кейін 3 тамшыдан мұрынға тамғызады. Кастрольге су құйып, қайнатып, 1 ас қасық ас содасын салып, басты түкті сүлгімен орап буымен дем алады. Ауызға балауызды салып 15 минут, шайнайды. жұтуға болмайды. Сосын 2 шәй қасық киікотын, 1 шәй қасық өгейшөпті, 1 шәй қасық қырмызы шөптерін шыны ыдысқа салып, үстінен қайнап тұрған судан 1 стақан құйып, 1 сағат жылы орап демдеп қояды. Сүзгіден өткізіп дайын болған тұнбаны ішеді.

60гр қызылша жапырағы, 20гр таңқурай жапырағы, 1 дана үкіштен өткізілген пиязды шыны ыдысқа салып, үстінен 1 л қайнаған су құйып, жылы сүлгімен орап 1 сағатқа демдеп қояды. Дайын болған тұнбаны сүзгіден өткізіп кешке дейін азда ішу. Алоэ шырынын сығып, күн сайын 5 мезгіл 3 тамшыдан мұрынға тамызып, екі қолдың сұқ саусақтарымен басып тұрып, массаж жасайды.

5 тіс сарымақты майда үккіштен өткізіп, 0,5л қайнаған суға салып, 12 сағатқа жылы орап қояды. Көрсетілген уақыт өткен соң, сүзгіден өткізіп 4 тамшыдан мұрын қуысына тамызады. 1 дана пиязды үккіштен өткізіп, ыдысқа салып, 0,5 стақан өсімдік майын су моншасында қайнатып, ыстық күйінше пияз үстіне құяды… 8 сағатқа сүлгімен орап, дайын болған да сүзгіден өткізіп, мұрынның шырышты қабығын шаяды.

Қырмызыдан қосып немесе өзінен ғана жасалған тұнбаларды жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.

1 пікір

Azamat
Осы ринит ауруы гайморит болып кетуі мүмкінбе? қаншалықты мүмкін?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.