Лимон

Пайдалы кеңестер /
Ағзаға өте пайдалы лимон құрамы дәрумендерге бай. Бактерияға, ауырсынуды басатын бұл жеміс, зәр, өт айдайтын әрі тыныштандыратын қасиеті бар. Тыныс жолдары қабынғанда, асқазан, жүрек қан тамырлар жүйесі, авитаминоз, туберкулез, ауыз қуыстары қабынғанда, терідегі жқпалы дерт, ревматизм сырқаттарына шипа. Жемістің мәйегі, шырыны, қабығы, дәнін қолданады.

1. Авитаминоз. К ептірілген 100гр итмұрын жемісін майдалап, үгітіп, 1литр қайнаған су құйып, 5 сағат тұндырған соң, сүзгіден өткізіп 1 лимонның шырынын және 50гр балды қосады. Барлығын жақсылап араластырып, қоспадан 100мл күніне 4 рет жарты сағат бұрын қолданады. 100мл алоэ шырыны, 500гр грек жаңғағының өзегі, 300гр бал мен 4 лимон шырынын араластырып, 1 шәй қасықтан күніне 3 рет ішеді.

2. Аритмия. 200мл лимон шырыны, 200 мл алма және сәбіз шырынын араластырып үстіне 300мл апельсин шырынын қосады. Дәрілік қоспаны тоңазытқышта сақтап, қоспадан 150 мл күніне 2 рет ішеді. 5 дана лимонды ортасынан бөліп, дәнінен тазалап, еттартқыштан өткізіп, дәнегі мен 400гр балды араластырады. Қоспаны бөлме температурасында 7 сағат қойып, тоңазытқышқа салады. 1 ай бойы таңертең және кешке 1 а қасықтан пайдаға жаратады.

3. Невроз. 50гр балғын қайың жапырағына 300мл қайнаған су құйып, тұнба 3 сағат тұрады. Сүзгіден өткізіліп, 50мл лимон шырынын қосып, 30 мл күніне 3 реттен 20 минут бұрын қабылданады. 30гр бөріқарақат тамыры мен қабығына 250мл қайнаған су құйып, баяу отта 15 минут қайнатады. Суыған соң, шырынды қосады. Бұл жүйке жүйесін тыныштандырып, 20 мл күніне 55 рет қолданады. 10гр түймедақ, 10гр тау жалбызы бір лимонның қабығын араластырып 600мл салқын су құяды.Баяу отта 5 минуттай қайнатады. 100мл-нан күніне3 рет тамақтанып болған соң, 1 сағаттан кейін ішеді

4. Атеросклероз. 50гр езілген сарымсақ, 3 дана лимонның шырынын араластырып, сығып, шыны банкаға құйып, бетін дәкемен жақсылап жабады, салқын жерде сақталады. Қоспаның 10мл-нан, 200мл жылы суға араласырып ішеді.

Жалғасы келесіде…

8 пікір

followme_alik
Лимон цедрасы қосылған салат, лимонмен қара шәй, лимон шырыны.. .+1
qyrmyzy
лимон қосылған су… лимоннан фреш...+10
korwinin_kyzy
ИӘ! сен осы постты жазбаганда Лимон туралы блмей жұр едык урра жаксы болды
qyrmyzy
korwinin_kyzy
ОДАНДА Бергамотпен шай іш дәмі жақсы лимонга қараганда
Ak123
мәә өлтіресіз уащеееееее
korwinin_kyzy
Чай с бергамотом обладает сильным тонизирующим свойством, стимулирует работу мозга. Также благотворно он влияет на кожу — тонизирует и сужает поры, способствует исчезновению пигментных пятен.
ПЫ/СЫ ГУГЫЛ аман болсын
didi0393
ou Limon, osy sitruska gawykpyn)))chai s limonom obezatel'no!)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.