Лимон 2 бөлім

Пайдалы кеңестер /
Лимонның отаны Үндістан, Үнді Қытай, Оңтүстік Қытай. Биіктігі 89 метрге жететін бұл өсімдіктің үйде өсірілетіні 2 метрге дейін жетеді. 60жыл жасайтын лимон ағашы үй жағдайында 40 жыл өмір сүреді. Оны бабын жасасаңыз әрине, одан ары тағы 10 жыл қосады.Ұрығын өсірсеңіз, өсіп, 40 күннен кейін көресіз. Алғашқы жемісін, 10 жыл, ұзақ күтуіңізге тура келеді, баяу өседі.
Жапырағы 3 не 4 болып өседі, ұзындығы 15 см болады.Қоректендіруді көктемде бастау керек. Минералды тыңайтқыштар өсімдікті өсуін жедел өсіреді. Тыңайтқыш үшін ағаш үгінділерімен, күлді пайдалануға болады. 15 күн қоректендіріп тұсаңыз да болады.
Гүлдеп тұрған кезінде, жапырағы түспес үшін, өліп қалмау үшін орнынан қозғауға болмайды. Жа лимонның топырағын көктемде ауырған жақсы. Бірден, солмауы үшін, үлкендеу ірі ыдысқа ауыртырған жақсы. Лимон ағашының әсемдігінен бөлек лимон жемісінің шипалық сипаттары бір бөлек. Лимон жапырақтарын сүртпей ғана, ысқыласаңыз әдемі иісі бөлменің ауасын жақсартып, адамды сергітеді.
Лимон қан қысымы жоғарылағанда, атеросклерозда, асқазан ауруында, өт жолында тас бар кезде, пайдалануға болады.

Пайдасы;
Лимон қосылған шәй тұмау тигенде, тыныс алу жолдары қабынғанда, өте жақсы көмек береді. Шөлді қандырады.Лимон шырыны жүйке жұмысын реттеп, қан қысымын төмендетіп, қан жоларын тазалап, ревматизмнен жазуға көмек береді.Тісті ағарту үшін тіс пастасына лимон шырынын 2 тамшысын қосып, қызыл иектің қанауын мен қабынуын төмендетеді.

Құрғақ әрі сезімтал теріні ылғалдандыру үшін 8 шәй қасық жоғары сұрыпты өсімдік майына 4 шәй қасық лимон шырынын мен 2 шәй қасық балды ыдысқа салып, араластырып жағады.Лимон терінің майлылығын азайтып, безеуден де арылтуға пайдалы. Бір жұмыртқаның ақуызы мен лимон шырынын араластырып 20 минуттан кейін жуып тастаса, тері тазаланады.Тері күйгенде лимоннаен компресс жасап, 1 күн байлап ұстаңыз. Жазылуды тездетеді.

Уланғанда шырынын жылы суға салып, ішсе, токсиндерді шығарады.Етеккір қатты келгенде әйелдерге лимон шырынын ішу пайдалы.Алма мен лимон шырыны араласқан шырын дизентерия кезінде ем.

Жүрек әлсіз болғанда, лимон қабығын шайнайды.Мұрыннан су аққанда, 4 тамшы шырынды мұрын қуысына күніне бірнеше рет тамызады.Мұрын қанағанда шырынға мақтаны батырып, қояды.Ангина кезінде 1 стақан жылы суға жемістің шырынын араластырып, тамақты шаяды.

Лимон дақты кетіреді. Былғары киіміңізге сия тамып кетсе, лимон шырынына батырылған шүберекпен сүртіңіз. Киімге фломастер не маркер тигізіп алсаңыз, аз ғана лимон шырыны мен тұз сеуіп тастаңыз. Кейін жуып тастаңыз. Металл ыдысты лимон қабығымен сүртсеңіз, жарқырап шығады.

Үйіңізге құмырсқа үйір болса, жүретін жолына лимон шырынын немесе 2 тілігін тастасаңыз, қайтып кетеді.Көкөніс салынған ыдыстың арасына 1 дана лимон салсаңыз, көкөністер ұзақ сақталады. Сарғайып кеткен киімді қайнаған суға лимон шырынын қосып жусаңыз, түсі орнына келеді. Микротолқынды пештің жағымсыз иісінен арылу үшін, суға бірнеше тамшы лимон шырынын қосып, суды кейін суытып, тоңазытқышқа салып қойыңыз. Иісін тез кетіреді.

5 пікір

yesbolat83
Керемет, лимонның осыншама көөөп пайдалары бар екенін білмеппін.
Yasin
керек мағлұматтар екен
korwinin_kyzy
ай Маке маке шаршаттынго сен мены сен мены Инфаркт кылытын щыгарсын
m170785
Қайта көршінің қызы Қайырбек, осындай пайдалы ларды жазу керек
qyrmyzy
limon men jumyrtkanyn belogyn betke jagu kerek eken. Limonnyn frewin iwip koru kerek edi
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.