НұрОтан паритясы туралы, алға!

Пайдалы кеңестер /
Күні кеше ХДП «НұрОтанның» жиналысында біршама актуалды тақырыптарда сөз қозғалды. Жиынға басшылық жасаған 50-60 жас шамасындағы әйел кісі басшылық етті, өзім бұрын-сонды көрмегендіктен, аты-жөніне көзім жетпегендіктен кім екенін тани алмадым.
Жас өспірімдер арасындағы қылмыс бойынша 2013 жылдың екі айындағы көрсеткіші, 2012 жылдың жылдық көрсеткішінен асып түсіп үлгеріпті. Бұл статистика бойынша, бірақ жеке көзқарасым бойынша қайта керісінше қазіргі жастар жан-жақты болуға ұмтылатын сияқты, ілесе алмай қаламын ба деп қаласын.
Бұл бір!

Екінші мәселе бойынша перзентханаларда еңгізілген жаңа стандартты талқылады. ДЖДСҰ бойынша бесікке жатқызуды «дұрыс емес» деп айтқаны сол еді, қызу пікірталас туындады. Қалалық перзентхананың бас дәрігері ДЖДСҰ-ның тұжырымын қолдайтының білдірсе, аудандық (әсіресе Жаңақорған, Сырдария аудандары) перзентхананың акушерлері қолдамайтындарын білдірді. Оладың айтуынша бесік ата-бабамыздан келе жатқан дүние, осы күнге дейін бесікке жатқан баладан жаман жағын көрмегендерін, сол бесікте өзінің ата-бабалары, өзі, балалары жатып, қазіргі күнде немерелері жатқаның баса айтты. Ал өз кезегінде қалалық перзентхананың бас дәрігері Гүлмира апай былай деді: "Қазіргі жастарға қарайықшы, көпшілігі ұян, жасқаншақтау. Қазірдің өзінде осында отырған жастардың біреуі де пікірталасқа араласып отырға жоқ" деп бастады. Әрине, сол кезде отырған көп жастың бірі болып менің де ойымда «мұншама депутаттар, халық қалаулары тұрғанда, бізге сөйлеу қайда» деп тыныш ғана тыңдаумен шектелдік. Сонда Гүлмира апайдың сөзі: «Мұның себебі, қазақ келіншектері, соның ішінде көбінесе оңтүстік өңірлерде баланы бесікке байлап қойып, бетін жауып, тек емізер кезде ғана сәл ашып, қайтадан жауып тірлігін атқарып жүре береді, содан бала сыртқы ортамен байланыс жасамайды, кеш жетіледі. Ал шет дамыған шет елдерде баланы алғаш УДЗ аппаратымен көргенде де экранды сүюге дейін барады. Ал біздің халыққа бұл „ерсі“ көрінеді» деп тоқталды. Екінші жақтағы акушер дәрігерлер «бұл қазақ менталитеті» деп, өзара келіспей, уақыт тапшылығына байланысты келесі тақырыпқа көшірілді.

Келесі мәселе бойынша Арал ауданында болған жиында сөз сөйлеген ақсақал жайында болды. Ол кісі сол жиында ақсақал акушер дәрігерлерге «Сендер оңай жолын іздеп, қосымша қаражат алу мақсатында көптеген босанатын әйелдерді кесарева тілігі арқылы босндырып жатсындар, олардың болашағын ойламайсындар» деп ашық түрде айып тақты. Шындығында статистикаға көз жүгірткенде соңғы жылдары кесарева операциясы жиіліп кеткені байқалады. Оны акушерлер былай түсіндірді: «Біріншіден, кесарева операциясын жасағаны үшін ешкімге де үстемақы берілген емес, қайта дәріердің физикалық шаршауына әкеледі. Екіншіден, қазіргі жастар жамбас сүйегі дамып, жетіліп келе жатқан кезде қысып тұратын джинсовый шалбар киіп, ол „тар жамбасқа“ ұласып жатады. Ал акушерлік практикада баланың бас өлшемі мен жамбас өлшердері сәйкес келмесе әйел өздігінен босана алмайды. Содан кесарева операциясы арқылы ана мен бала денсаулығын сақтап қалуға тырысамыз. Статистикада көріп тұрғандарыңыздай, Қызылорда облысы бойынша соңғы үш жылда „Ана мен бала өлімі“ мүлдем тіркелмеді. Үшіншіден, Қазір жаңа технологияның дамып-жетілуіне байланысты физикалық күш жұмсайтын жұмыс қалмады. Ертеде жас қыздар киімді қолдап жуғанда 360 бұлшық етті қозғалтатын. Ал қазір киім жуу үшін бір ғана нүктені басса жеткілікті. Соның әсерінен, жас жүкті әйелдерде босану күші әлсіз болады. Қалыпты жағдайда алғаш босанытын әйелдің іші қаттылау келіп, босану күші де жақсы болуы керек. Тек 5-6 бала туғаннан кейін ғана босану күші әлсірей бастайды. Сондықтан ертеректе әйелдер босану күшінің мықтылығынан тіпті үй жағдайында да туған. Ал қазіргі кезде түрлі химикатпен өсірілген тағамдарды жеп өскен бой жеткен қыздарымызда мұндай босану күші сирек кездеседі. Босану күші әлсіз болған жағдайда әйелге кесарева операциясын жасауға мәжбүр боламыз. Олай болмаған жағдайда бала тұншығып, асфексия болады. Соңғы жылдары жастарда босану күшінің әліз болуы, тар жамбастың белең алуы және басқа да себептерге байланысты кесарева операциясы қолданылып келеді» — деп қалалық аурухананың бас дәрігерді Гүлмира апай сөзін аяқтады.

Төртінші мәселе бойынша Республика бойыннша анемия көрсеткіш бойынша Қызылорда облысы алдыңғы қатарда екені тұрғысында сөз қозғалды. Мұның себебі экологиялық аймақ болғанымен жылы бауып қоя салмац, басқа да себептерін, алдын алу және емдеу жалдарын қарастыру керектігі тілге тиек етілді. Соның ішінде, жүктілік кезіндегі анемияның қауіптілігі басты назарда болды. Себебі жүктілік кезіндегі анемия салдарынан іштегі ұрыққа қанмен бірге берілеті қоректік заттар жеткіліксіз барып, ұрықтың жетілмеуі, түрлі кемшіліктермен туылатыны айтылды.

Жиынның сонында осы жиынды ұйымдастырып, басшылық жасаған ХДП «НұрОтан» мүшесі сөз кезегі алды. Сөзінің басында жиналыс өз деңгейінде өткенін айтып, белсенділік танытып келген депутатар мен дәрігерлерге алғысын білдірді. Сөзінін қорытындылай барысында қалалық перзентхананың авариялық жағдайда екенін, бала санының артуына байланысты таршылық болып жатқанын айтты. Жаңа қалалың перзентхананың құрлысы 2009 жылы басталып, аяқсыз тоқтап қалғанын және жаңа облыс әкімнің басшылығымен құрлысы қайта жылдамдата жалғасатының айтып өтті.

П.С: Мен осы жазбаға міндетті түрде пікір жазуға уәде беремін.
Ал енді уәделерінде тұрындар :)

2 пікір

dimash
Бұлардан да басқа сөздер болған, ұмытқан жерлерім көп екен.
Бесік жайлы толықтыра кетсем, бесікке баланы тек ұйықтағанда бөлеген дұрыс, бала жылы әрі таза жатады. Ал оны күндіз түні бесіктен шығармай байлап қою дұрыс емес. Ұйқтағаннан басқа кезде нәрестенің аяқ қолы бос жатуы керек екен.
Аяқтың қисық болуына бесіктің еш қатысы жоқ, ол кальция жетіспегенен болады. Балаларда көп жағдайда сүйектерінің өсуіне байланысты кальция жетіспей жерде жатқан кесек, құмды ауыздарына сала бастайды.
didi0393
мааа недеген отчет)))
бесикте жатып оскен жасоспиримдердин кылмыс жасаганы тусиникти ягни бесиктин асери шгар деп ойлап койдым.
бесиктен бала жасканшак болады дегенге онша сене коймадым.
джинси шалбар ойландырып тастады.
казир жартысынан коби анемияго.
перзентхананыз облыс акиминин обещаю дегенинде кап коймасына сенемиз.
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.