Аптаны көңілді аяқтаймыз

Пайдалы кеңестер /
Жұмыс аптасының соңғы күні көпшілігімізге қиындау тиетіні жасырын емес. Алдағы демалысты ойлап, мыжылып отырғаның. Сондықтан, болар шетелде көптеген мекемелерде жұма күні еркіндеу өтеді. Соңғы кезде бұл үдіс біздің мекемелерде де пайда бола бастаған сияқты. Мысалы: Kaspi bank-те бұл күні «қызыл жұма» деп аталады. Әдетте банкте ресми стилдегі киім үлгісін киіп жүру қажет. Бірақ, бұл күні барлық қызметкерлер еркін үлгідегі киім киіп келе алады. Тек арасында қызылы болса болды. Мысалы: қызыл шалбар, қызыл аяқ киім. Өйткені қызыл түс банктің ресми түсі саналады.
Бұдан бөлек жақында тағы бір қызық нәрсе қосылды. Қызметкерлер жұмыс күнінің ортасында аяқ астынан музыка қосылады. Барлық қызметкерлер орындарынан тұрып билей бастайды. 3-5 минутқа созылатын биден соң, кәдімгідей сергіп қаласың. Жұмыс аптасы көңілді аяқталады. Айтпақшы биді ұйымдастырумен 1-2 адам айналысуы керек. Ішкі пошта арқылы барлық қызметкерлерге хат жолдап, музыка мен биді таңдап алады. Сурет пен видеоға түсіретін адамдарды дайындап қою керек. Әр аптада әртүрлі ұйымдастыруға болады. Мысалы: залға магнитофон көтерген бір адам кіріп билей бастайды. Оған барлығы қосылады. Немесе музыка аяқ асты қосылады. Барлығы тұрып билейді. Барлығы қызметкерлердің ой-қиялына байланысты. Жұмыс аптасы көңілді өтсін!

8 пікір

Jako
Онша жағымды әдеттер емес сияқты.
yesbolat83
Расында көңілді болары сөзсіз.
Жұмыс уақытында аяқ астынан әуен қосылып билеп кетсеңдер клиенттер қандай жағдайда болады екен? Мені сол қызықтырып отыр.
Маған ұнады. Қандай позитивті орта!
Erbol
yesbolat83, бұл банктің бас кеңсесі. Мұнда клиенттерге ызмет көрсетілмейді.
korwinin_kyzy
Каспий банк тұрғанда басқа банкті не қыласыз деп тұрсынго уахахах

Бұндай ұжымда Қайыр жоқ ағайын Бастарына кип алғандары анау Сиыр боп кеткен шеттеринен мүйіз тағып алып Нақұрыс жексұрын немелер
followme_alik
Кредитің бар-ау деймін? ))
followme_alik
өшіре алмай жүрген whahaha
korwinin_kyzy
Сондай өciм жегендер, (қабырларынан) жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады. Бұл олардың: “Сауда да бейне өciм” дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Алла сауданы халал, өciмді харам еткен. Сонда кім Раббынан насихат келгенде тыйылса өткені өтіп кетті. Оның ici Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, мінe солар тозақтық. Олар онда мәңгі қалады. (275)
Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әpi Алла барлық қарсы келуші күнәкарды жақсы көрмейді. (276)
Негізінен иман келтіріп iзгi ic iстегендер, намазды толық орындап, зекет бергендер, олар үшін Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларға қорқу жоқ әpi олар қайғырмайды. (277)
followme_alik
Жарайды енди, оларга да омир суру керек. Дин мен Компания жаргысы достаса алмайды бғат
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.