Несиені сақтандыру не үшін керек?

Пайдалы кеңестер /

Несие рәсімдеу кезінде неге сақтандыру үшін төлеуге мәжбүрлейді? Бұл не үшін керектігін түсіндіріңізші. Осы тақырыптағы хаттар Kaspi bank-ке жиі келеді. Сондықтан, несие алу кезіндегі сақтандыру туралы түсіндіргенді жөн көрдік.



Несие рәсімдеу кезінде сақтандыру – сізді және банкті өмірдің түрлі келеңсіздіктерінен сақтандыруға бағытталады. Біздің ешқайсымызда аяқ асты жағдайлар болып қалатыны немесе жұмыстан шығарып жіберемейтініне кепілдігіміз жоқ. Көпшілігіміз ондай жағдайлардың болып қалатыны туралы ешқашан ойламаймыз. Ал, банкте барлық тәуекел қатаң ескерілетіндіктен, тауарды несиеге сатып алу кезінде клиентке сақтандырудың бірнеше түрі ұсынылады. Мысалы: тауарды сақтандыру (өрт болған жағдайда), клиенттің өмірі мен денсаулығын сақтандыру (жол апаты және адамның мүмкіндіктерін шектеуге әкеп соғатын басқа да жағдайлар).

Егер несие сақтандырылып, аяқ асты жағдайлар болғанда сақтандыру компаниясы клиентке сақтандыру сомасын төлейді. Бұл арқылы клиент мұндай жағдайлардан өзін сақтандырады және төлемді қайтару сақтандыру компаниясының мойнына жүктеледі. Бұл ретте банк клиентке берген ақшасын несие компаниясынан алады, ал, клиент оң несие тарихын сақтап қала алады.

Мысал үшін айтып көрсек. Клиент несиеге телевизор сатып алды. Оған кешенді сақтандыру (жұмыстан босап қалу, мүлкінің бүлінуі немесе оқыс оқиғалар салдарынан зардап шегу) жасады. Сақтандыру сомасы күніне 44 теңге, немесе айына 1300 теңге делік. Жалпы сақтандыру сомасы 133689 теңге болды. Бір айдан соң тауарды несиеге алған соң, клиент жол апатына түсіп, 1 топ мүгедегі болып қалды. (Ондай жағдайдан сақтасын) Бұдан соң, клиент сақтандыру компаниясына жол апаты туралы өтініш жазуы қажет. Ал, сақтандыру компаниясы сақтандыру сомасын 100 пайыз төлеп, клиенттің несиесін банкке қайтарады. Бұл ретте клиент өз несиесі мен несие тарихы туралы ойламаса да болады. Сақтандырудың пайдасы осы.

3 пікір

Jako
Ал несиесін мерзіміне жеткізбей төлеп тастаса не болады, сақтандыру сомасы босқа кете бере ма?
Erbol
Несиесін жеткізбей төлеп тастаса немесе ешқандай проблемасыз, мерзімінде төлеп бітсе, сақтандыру сомасын кері қайтарып алуға болады.
Delfina
Осы халық банкінде несие сақтандыру жоқ па?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.