Несие картасы

Пайдалы кеңестер /
Көптеген адамдар несие картасы мен қарапайым несиенің айырмашылығын білмей шатастырып жатады. Сондықтан, kaspi bank-тің баспасөз қызметіне жиі келетін «кәдімгі несие мен несие картасының айырмашылығы неде? Неге несие картасында анықталған төлем кестесі жоқ», деген сұрақтарға жауап беруді жөн көрдім.
— Біріншіден несие картасы қолма-қол емес түрдегі төлемге арналған. Мысалы сіз тлем жасаған соң, сізге 55 күнге дейін пайызсыз қайтаруға мүмкіндік беріледі. Ал, әдеттегі несиеде ондай жеңілдік қарастырылмайды. Алған несиеңізді ай сайын белгіленген мерізімде қайтарасыз. Ақшалай несие – үлкен мөлшердегі қаражат, оны бір жылда немесе одан да көп мерізімде қайтаруға болады. Картада үлкен көлемдегі қаражат болмайды. Ондағы ақша тек дүкен, мейрамханада есеп айырысуға арналған. Егер картадағы 50 мың теңгемен есеп айырыссаңыз, оны 1 ай мөлшерінде картаға толықтыру қажет. Алайда көптеген клиенттер 1 айда қайтара алмайды. Нәтижесінде пайыз жүреді. Алайда мұны көптеген клиенттер түсінбегендіктен, несие картасындағы барлық сумманы банкоматтан алып, кәдімгі несие сияқты пайдаланғысы келеді. Несие картасын алып, үлкен мөлшердегі пайыз қайдан шықты деген сұрақтың туатыны осыдан. Сондықтан, несие картасының қызметі – тек дүкен, кафеде қолма-қол емес есеп айырысу үшін ғана жарайтынын, және оның ішіндегі сумманы 1 ай мөлшерінде орнына салсаңыз сізде несие каратсымен ешқандай проблема болмайтынын есте ұстағаныңыз жөн!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.