косметиканың денсаулыққа кері әсері

Пайдалы кеңестер /
Сұлу әрі жас көріну ежелден бері нәзік жандылардың қалауы.Сұлулық бет бейненің келістілігімен ғана шектелмейді.Сұлулықтың ең алғашқы сатысы — тазалық.Сұлулық,әдемілік,әсемдіктің бағалануы заман талабына сай өзгеріп отыратынын ескерсек те, табиғи сұлулық әрқашанда жасанды сұлулықтан алда екендігін ескергеніміз жөн.Соңғы кезде татуаж, жасанды кірпік қондыру, ерін көлемін үлкейту, беттегі артық теріні операциялық жолмен алдырту, жасанды шаш жалғату, тырнақ жалғату тағысын тағылар нәзік жандылардың құмарлығына айналды десек те болады.Осының нәтижесінде, терінің рак ауруы,әр түрлі тері аурулары, тері саңырауқұлақтары, т.б ауруларға шалдығу белең алуда.Басында әдемі көрінгенімен, соңынан жапа шегетінін біле тұра, сұлулық үшін жанын құрбандыққа шалатын әйел адамдары — косметикалық бояуларды пайдаланудан да денсаулықтарының нашарлау қаупі бар екенін біле берейді.Сақтықта қорлық жоқ деген.Сондықтан косметика таңдау барысында назар аударатын жайттарды ұсынбақпыз:

1.Косметика сатып алу барысында консервантсыз кометикаларды алғаныңыз жөн.Косметикадан(PARABEN FREE)жазуын іздеңіз, егер Paraben free жазуы болса консервантсыз деген сөз.Консервантты косметикалар аллергия, бөртпе тудырады.Кеуде рагын тудыру қаупі бар.

2.Шашқа арналған гель немесе әр түрлі сусабын, бальзамдардан силиконсыз түрін пайдалануға тырысыңыз (SILICONE FREE).

3.Пудра құрамында тальк болса сіздің денсаулығыңызға қауіпті.Себебі магнезия силикатынан өндірілген тальк, өкпенің рак ауруына апарып соқтырады.Егер(TALK FREE) жазбасы болса қауіпсіз болып саналады.

4.Жануарлар майы(Animal Fat).Майлы қарындаш, ерін далабы, т.б майлы бояулардың құрамында болады.жануарлар майы — бактериялардың көбеюіне себепші.Жұқпалы аурулар тудыру қаупі жоғары.

5.Косметикада MINERAL OIL жазбасы болса(тональный кремдерде), мұнайдан өңделген.Яғни теріде майлы пленка түзіп, тері клеткаларының бітелуіне акеліп соғады.Соның салдарынан бет терісінде бөрітпе,іріңді безеулер пайда болады.

6.Кірпік сүрмесін сатып аларда (FIBER FREE)жазбасы барын алғаныңыз дұрыс.Бұл силиконсыз әрі сапалы, көз жанарына зияндылығы төменірек.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.