Ас үй сөресіндегі косметика

Пайдалы кеңестер /
Көктем келе жатыр, КӨКТЕМ!


Көптеген қыз-келіншектерге күнделікті пайдаланып жүрген азық-түлігіміздің, әсіресе сүт тағамдары, көкөніс, түрлі жемістер мен сұйық майлардың косметикалық мақсатта қолданылатыны белгілі де болар. Әйтсе де олардың өзіне тән ерекшеліктері мен құрамын, пайдалану жолын білген жөн.

Бет терісі үшін масканың пайдасы ерекше. Маска қан айналысын жақсартып, тамырдың қызметін арттырады, теріні тазартады.
Егер сіз масканы үйде жасайтын болсаңыз, міндетті түрде тазалық сақтау қажет. Өзіңізге қажетті нәтижесін көру үшін масканы уақытында жасап отыру қажет-ақ.
Сонымен…

Жұмыртқа. Бет терісінің кеңіген саңылауларын тарылтып, нәрлендіреді, жұмсартады. Шикі жұмыртқаны жарып, әбден езген соң бет пен мойынға жағыңыз да 20 минут жата тұрыңыз. Сонан соң жылы сумен жуып тастаңыз. Мұны шаш күтіміне де пайдаланады.

Шәй. Шаршап, қабағыңыз ісіп жүрсе, салқын шәйға малынған мақта түйінін көзіңіздің үстіне қойып, 15 минут демалыңыз. Пайдаланылған сәмені төгіп тастамай, қайнап тұрған суға салып бірнеше минут қайнатып алыңыз. Жуылған басты сәмесі сүзілген осы шәй суымен шайсаңыз, шашыңызды жылтыратып тұратын қасиетін қалпына келтіреді.

Тұз. Аз ғана тұз салынған жылы сумен көзіңізді жусаңыз, жанарыңыз жалтырат шыға келеді. Ал осындай тұздалған жылы суға салынған мақтаны көзіңіздің үстіне қоя тұрсаңыз, қабақтағы ісікті басады. Тұзды ванна аяқ шаршағанда да жақсы көмектеседі.

Майсана майы. Майсана майымен шашты емдейді. Түнге қарай шашқа әбден сіңгенше жағып, ертеңіне жақсылап жуу керек. Майсана майын сондай-ақ кірпікке де жағуға болады. Сонда кірпік ұзарып, қоңырлау түс алады.

Бал. Бетке жаққанда тері жұмсарып, жібектей болады. Майлы бетке пайдаланғанда жұмыртқаның ағын (езгіленген) аралстырып, ал құрғақ бетке — сүт немесе кілегей қосады. Сондай-ақ ваннаға түскенде балл қоссаңыз — шаршағаныңызды тез басып, ұйқыны ретке келтіреді.

Қияр шырыны қиярдың бір тілімін пайдалануға болады) теріні тазартумен бірге қатайтады да. Бұл, әсіресе, майлы бетке пайдалы. Үккішпен үгілген қиярға сүт қосып маска жасауға болады. Мұндай маска бетті жасартады, әсіресе, күн астында (қыздырынғанда) көп жүретіндер үшін өте тиімді.

Картоп терінің кемшіліктерін жоюға көмектеседі. Әсіресе, экземаға пайдалы қасиеті бар. Картоп теріні тазартады, қатайтады, көз айналасындағы ісікті басады. Ол үшін картопты үккіштен өткізіп, суын бет пен қолға жағады. Қабаққа шикі картоптың бір тілігін немесе үкіштен өткізіп басса жақсы әсер етеді.

Капуста. Құрамы түрлі бағалы минералды заттарға бай капуста тері үшін нағыз нәрлендіргіш болып есептеледі. Капустаны аз ғана суға қайнатып, салқындаған соң оның суын жуынуға пайдаланыңыз.

Апельсин қабығын кептіріп, ұсақтап турап алыңыз да бетке арналған кез келген маскаға пйждаланыңыз.

Сәбіз құрғақ әрі сезімтал теріге жақсы әсер етеді. Ол үшін сәбізді пісіріп, салқындатқан соң үкішпен үгіп, бетке жағыңыз.

Айран теріні қалпында ұстауға қажетті түрлі ферменттерге бай. Теріні тазартуда өте тиімді, әсіресе майлы бет үшін таптырмайтын әдіс. Ваннадан соң айраннан маска жасап, 20 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.
Айранның шаштын түбін бекітуге де пайдасы зор. Ол үшін шаш жуар алдында шашқа сіңіре жағады.

Ал, енді қыздар көктемде байшешектей құлыпырып, жайнап жүрелік!!!
Алдағы күнда тағы да жылы жүзбен кездескенше!!!

18 пікір

pari
Қыздар үшін пайдалы кеңес, пайдалы пост екен!!! Көркем постыңа +1
qyrmyzy
смайлик қалай қояды???? Керемет, рахмет, айналайын, өркенің өссін!!!
Korkem
рахмет, әже!)))
Korkem
рахмет, жаным!!!
konvict
Потошоппен жасайсың ба
Korkem
Мынау сен ба? Көргеніме қуаныштымын!!!
AKA
«Сұлулық, әдемілік, АКА» деген ілмектерде мен няғып жүрм деп қоям. Жарайсың, ризамын ғой саған. :))
Korkem
иии заным, сені байқамай қалар ма екен, қайтер екен деп ем, ырзамын саған...))) +1
Ais_97
Көркем постыңа көп-көп рахмет +1!
Korkem
Рахмет, Айсара, ризамын ғой саған +1
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.