Өзім көрген USB-модемдер: Шолу

Пайдалы кеңестер /
Алғаш рет «андай»… ну енді кеңселік трафикті санамайтын Интернетке алғаш рет осы USB-модем көмегімен қол жеткізген болатынмын. Асхат «aka Urimtal» Еркімбай ағай берген құрылғының көмегімен көзім ашылған-ды. Айтпақшы, әлі жатыр үйде:)

Кабельді Интернетті қонақта көргенім болмаса әлі күнге пайдаланған емеспін. Қашан қарасаң да сол… компьютердің USB-тесігін кергілеп жатамын. Осы бағытта қызмет түрін ұсынатын қазақстандық компаниялардың бәрімен істес болып шықтым. Сондықтан, тәжірибеммен бөліссем артық болмас.

Айтпақшы, бұл шолуда 3G байланысын ұсынатын негізгі үш оператордың айлық топтамалары туралы ғана жазамын. Әйтпесе, үйде Diji, Jet3g компанияларының модемдері жатыр, бірақ, неге екені ұзақ уақыт пайдалана алмадым, ерте айрылыстық. Айтпақшы, Digital TV да осы бағытта ұсынып еді-ау қызметтерін.

Сонымен, алфавиттік рет бойынша:

Пайдалы кеңестер: Өзім көрген USB-модемдер: ШолуBeeline
Бұл оператор USB-модем арқылы 3G Интернет тұтынамын дегендер үшін біршама тарифтік жоспар ұсынады екен. Алайда, жаңартылған сайттарына алғаш рет түскен соң біраз адасып қалдым, ақыры болмаған соң операторына хабарласуға тура келді.

Beeline ұсынатын ай сайынғы лимитсіздіктер (сайтта солай деп тұр):

  • Лимитсіз 1 ГБ – айына 990 теңге
  • Лимитсіз 2 ГБ – айына 1 490 теңге

  • Лимитсіз 6 ГБ – айына 2 290 теңге
  • Лимитсіз 12 ГБ – айына 3 390 теңге

Интернет жылдамдығы лимиттен ассаң 32 Кбит/сек-не дейін түсіп кетеді. Ал оған дейінгісі тұрған жерің мен USB-модемнің моделіне тікелей байланысты, әрине. Моделі демекші, модемнің өзі бөлек 1 000 теңге тұрады екен.

Абоненттік ақыны дер кезінде төлей алмасаң, әр Мб-ке 20,16 теңге төлейсің (стандартты тариф).

Beeline USB-модемін ұзақ пайдаландым. Кезінде, жеке өзім үшін таптырмас роутер болатын. Кейін, тарифтік жоспарларының басқалармен салыстырғанда қымбаттау шыққанына байланысты бас тартуға тура келді.

Пайдалы кеңестер: Өзім көрген USB-модемдер: ШолуKcell

Kcell Connect модемдері тұтынушыларына екі түрлі тарифтік топтама ұсынады. Құрылғыңыздағы номердің Kcell немесе Activ болуына байланысты төмендегі қызметтердің бірін таңдай аласыз:

  • Лимитсіз 1 ГБ – айына 990 теңге (Activ номерге мұндай жоқ, тек 1,5 ГБ деген бар, бағасы 1 200 теңге);
  • Лимитсіз 2 ГБ – айына 1 500 теңге (Activ номерге мұндай жоқ, тек 3 ГБ деген бар, бағасы 1 700 теңге);

  • Лимитсіз 4 ГБ – айына 1 990 теңге (Activ номерге мұндай жоқ);
  • Лимитсіз 6 ГБ – айына 2 500 теңге (Activ номерде де тура осындай);
  • Лимитсіз 10 ГБ – айына 3 990 теңге (Activ номерге мұндай жоқ, тек 12 ГБ деген бар, бағасы 4 500 теңге);
  • Лимитсіз 15 ГБ – айына 5 000 теңге (Activ номерге мұндай жоқ);

Менде үйде екі компанияның да (Kcell, Activ) номері қосылған модемдер жатыр. Біршама уақыт пайдаландым. Жалпы, дұрыс болғанымен (мысалы, бағасы жағынан кезінде көңілімнен шыққан осылар еді), лимиттен асқан соң жылдамдық күрт төмендеп кетіп жүрді. Өздері 64 Кбит/сек дейін түседі дейді, бірақ маған осы жағы ыңғайсыз болды, аяқ асты бітсе, тыпырлайсың да қаласың.

Пайдалы кеңестер: Өзім көрген USB-модемдер: ШолуTele2

Қазір іссапарда сөмкемнен шықпайтын USB-модем осы компаниянікі. "Баға+сапа" жағынан алып қарағанда ұсынып отырған тарифтік топтамалары ыңғайлы деп білемін.

Барлығы үш топтама:

5 ГБ – 1 990 теңге
10 ГБ – 2 990 теңге
12 ГБ – 3 490 теңге


Соңғы 12 гигабайттік жоспар бойынша «Түнгі драйв» қызметі де қатар қосылады, яғни 00.00-мен 09.00 аралығындағы тұтынған «ентерлетің» есептелмейді. Егер көрсетілген топтама көлемінен асып кетсең, жылдамдық төмендемейді, тек негізгі шотыңнан тарифтік жоспарыңа сәйкес бағамен ақы алынады (5 ГБ – әр Мб үшін 0,36 тг, 10 ГБ – әр Мб үшін 0,29 тг, 12 ГБ – әр Мб үшін 0,31 тг). Яғни, лимитсіз деп айтып, бірақ берген көлемінен асып кетсең, төмен жылдамдыққа салып қоятын өзге операторлардай емес, бәрі нақты және баға тұрғысынан арзан. Қазіргі қолымда жүргені USB-модемнің Huawei E3131s-2 моделі, жылдамдығы жап-жақсы, 20 Мбит/сек-нан асыра алады.

Қысқасы, дәл қазіргі жағдай бойынша сөз қорытындыласам, Tele2 ұсынатын тарифтік пакеттерді пайдалануға кеңес берер едім.

Ал сіз қандай Интернет тұтынасыз? USB-модемді айтамын:)

2 пікір

jurnal_still
Теле 2 -ні мен де қолданамын, ең сүйіктісі сол, мен үшін)
ulzhankzz
Менде де Кcell connect болған студент кезде, кейін beeline-ға көштім. Не себепт3 ауысқаным есімде жоқ. Кейін ешқайсысын қолданбайтын болдым. Үйде Wi Fi, жұмыста wi Fi. Көшеде немесе сыртқа жүргенде молбильный интернет.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.