Нөміріңіз тіркелген бе?

Пайдалы кеңестер /
Екінші рет «өмірге келген» нөмірім

Осыдан бір ай бұрын нөмірімді жоғалтып алған едім. Бұл нөмерді ұстап жүргеніме біраз болған. Есімде, студент кезімде ақша жинап, өзім қалаған ұялы телефонды алғанымда сыйлыққа осы Теле2 нөмірін берген. Сыйлыққа берілген нөмір қайдан тіркелсін?!
Пайдалы кеңестер: Нөміріңіз тіркелген бе?

Тіркелмеген нөмір+жоғалтып алдым=қайта қалпына келтіру мүмкін емесшығар деп те ойладым. Себебі нөмірді қолданғанымды растайтын құжат жоқ. Өмірімде жоғалған нөмірді қайта жасатпағам ғой)). Бір жағынан екінші нөмірімді біраз ел білетін. Бірақ ең жақын құрбымның тойынан қалып қойған соң, ойланып қалдым.

Сөйтсем, жоғалған нөмірге «екінші өмір сыйлау» – түк те қиын емес екен. Қызмет көрсету орталығына бір апта күтенін шығармын деп барғам. Менеджер қыз бас-аяғы 15 минутта Теле2 SIM картамды қолыма ұстатты.

Сонымен, нөмірді қайта қалпына келтіру үшін:
• Ынта;
• 15 минут уақыт;
• Жеке күәлік қажет.

Қызмет көрсету орталығындағы менеджер қызға шаруамды айтқан соң, бір құжатты толтыруымды сұрады. Онда аты-жөніңізді, нөмірді қанша уақыттан бері пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Сосын белгілі бір уақыт аралығында жиі қоңырау шалған 5 нөмірді қоса жазасыз. Болды.

Пайдалы кеңестер: Нөміріңіз тіркелген бе?

Компьютерге салып, көрсеткен нөмірлермен неше рет сөйлескенімді анықтады-ау. Бір уақыт «Зухра деген кісіні танымайсыз ба?», – деді. Шамасы, бұрын менің нөмірім сол кісінің атына тіркелген-ау. Бірде urimtalағайдың жазбасынан осы туралы оқып едім.
Нөміріңіз тіркелген бе?

Негізі өзіміз тұтынатын компания жаңалықтарынан хабардар болып отыру керек. Осы аптада Теле2 фб-парақшасына 1-желтоқсаннан бастап тіркелмеген нөмірге қызмет көрсетілмейтінін жазыпты.

Менде тіркелмеген тек модем нөмірі қалды. Оны Теле2 сайтынан тіркемек болып ем, онда қоңырау шалынған нөмірді көрсету керек екен. Қызмет көрсету орталығына 1-желтоқсанған дейін баруға тура келеді.

Үйде отырып-ақ нөмірді тіркеуге болатынын білетін шығарсыз?

Егер сіздің нөміріңіз тіркелмеген болса, тездетіп тіркеңіз. Орталықтарға барудың қажеті жоқ. Теле2 абоненті болсаңыз, нөмірді сайттан тіркеуіңізге болады.

Тек өзіңізбен SIM карта нөмірі (картаның артындағы ұзақ сандар, суретте), ЖСН (ИИН), төлқұжат, төлқұжаттың сканері болуы керек. Нөмірді тіркеуге көп уақыт кетпейді.

Пайдалы кеңестер: Нөміріңіз тіркелген бе?

Байланысқа ақша үнемдейсіз бе?

Айналамдағылар соңғы кездері үнемдеу туралы көп айтатын болды.Ақша үнемдеудің ең қарапайымы – болмайтыншығындарды азайту керек дейді. Ойлап қарасам, байланысқа босқа ақша жұмсайды екем. Ыңғайлы, үнемді тариф іздедім. «Супер+» тарифі ұнап қалды.
Абоненттік төлем – айына 880 теңге. Ыңғайлысы – желі ішінде тегін сөйлеседі екем. Ал үнемділігі – басқа операторлармен және үй телефонымен 90 минут тегін сөйлесуге болады. Бастысы – 5 Гб интернеті де бар.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.