Жақсылық жасау - адамның ең жақсы қасиеті.
Маңғыстау облысында «Мейірімді жүрекпен» қайырымдылық жобасы қарқынды жүргізіліп келеді
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері бас қосқан сайын маңызды жоспарлар құрады.
Жақында Ақтау қаласында жастар топ болып базар аралау жөнінде шешім қабылдаған болатын. «Мейірімді жүрекпен» қоғамдық қозғалысының мақсатын базардағы кәсіпкерлерге, сатушыларға түсіндіріп, оларданжаңа киімдер жинауға келісті. Мұндай сауапты іске кез-келген жас үлес қоса алады.
Келесі күні жастар 4 топқа бөлініп, базар аралады, сатушылармен танысты. «Мейірімді жүрекпен» қоғамдық қозғалысы аясында мұқтаж азаматтар мен ата–анасызөскен балалар үшін сатушылардан киім–кешектер мен басқа да керек-жарақтар жиналды. Жастар сатушыларға барып, өздерін таныстырды.Жүргізіліп жатқан қайырымдылық шарасы туралы ақпарат беріп, олардан үлес қосуын сұрады. Көптеген жанашыр азаматтар сатылымға шығарған тауарларының ішінен киімдершығарып, жастарға тапсырды. Кәсіпкерлер де жағдайы төмен отбасыларға жанашырлықпен қарап, жобаға қолдау көрсетті. Олар – Ақтау қаласындағы «Мағаш» базарының, «Әсем» базарының, «Рахат» базарының, «Олжа» сауда үйінің тауар сатумен айналысатын кәсіпкерлері. Кейбір азаматтар өздерінің байланыс нөмірлерін беріп, жиі келіп тұруын сұрады.
Қайырымды жандардың арқасында жолдары болып, көп киім жинаған жастар үшінші күні Ақтау қаласындағы облыстық отбасылық үлгідегі балалар үйіне барды.
«Дария, Нұртас, Наурыз, Руслан, Анастасия, Денис, Никита, Альмира тағы да басқа жасөспірімдер осы балалар ауылында тәрбиеленуде. Осы балаларға біздің мейірімді көзқарасымыз, достық қарым-қатынасымыз да жылылық сыйлай алады. Олар біз апарған киімдердің ішінен өздеріне ұнағанын таңдап алды. Біз олармен жақсы әңгімелестік. Әрине біз ата-ана жылуын сыйлай алмаймыз. Дегенмен жақын тартып, мейірімділік көрсетсек, балалар болашақ та қоғамдағы өз орындарын табады», — дейді жастар.
Міне, «Жас Отан» жастар қанатының жоспары айналасы үшкүннің ішінде орындалды.Жастар көмек көрсеткен барлық жанашыр азаматтарға шынайы алғыстарынайтуда. Олар жиналған киімдерді жоғарыда аталған санаттағы отбасылар мен балаларға таратуды жалғастырады.

0 пікір