"Блогшы болдым, мінекей". Блогшылар назарына
Cәлем, айтаберліктер!
Жазбаларда біраз қателер кетіп жатады. Оны біреулер байқаса, біреулер керісінше. Сондықтан бүгінгі жазбам кішігірім лекция сияқты болмақ. Түртіп алсаңыздар болады.
1-лекция
Тақырып:
Тақырыптан кейін нүкте болмайды/смайлик те;
Тақырыбыңыз тартымды болсын;
Ұзақ емес, алайда түсінікті етіп жазыңыз;
Жазба:
Оқырмандарыңызға түсінікті болу үшін, Алдымен жазбаңыз жайлы түсініктеме беріп кетіңіз;
Жазба тез, жеңіл оқылуы үшін абзацтарға бөлгеніңіз жөн;
Жазбада «cut» функциясын қолдануды ұмытпаңыз;
Маңызды сөйлемдерді бояңыз, астын сызыңыз;
Жазбаны өзіңіз жазғаныңыз дұрыс;
Тың дүние жазуға машықтаныңыз;
Оқырманыңыз жазбаңыздан бірдеңе алатын болсын;
Төл сөз бен төлеу сөз
Төл сөз:
«Блогқұрылтайға баратын блогшылар, жолдарыңыз болсын», — деді Аbylai
Төлеу сөз:
Абылай блогқұрылтайға баратын блогшыларға ақ жол тіледі.
Қалай жасалатынын, нүкте, үтір, тырнақша қайда қойылатынын қарап алыңыздар.
Қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді қолдану
Қаратпа сөз:
Айтаберліктер, күнде бір жазба салып тұрыңыздаршы.
Немесе:
Кема, нан жайлы жазбаң қайда?
Фотошоп жайлы, Абылай, қашан жазасың?
Пунктуацияға назар аударыңыздар!
Қыстырма:
Меніңше, мына жазбаны басқа блогқа салу керек.
Мына пікір, біріншіден, флуд!
Одағай:
Әттеген-ай, алдымды орап кетті!
Мына пікірде қате кетті, қап!
ӨТІНІШ:
+ ты үндемей қойыңыздаршы…
Өзіңіз жазба жазбайтын болсаңыз, біреудің жазбасын сынамаңыз!
Егер жазба ұнамаса минус (-) қойып кете беріңіздер!
Оқыған жазбаңызға пікір қалдырыңыз, жазба иесіне деген құрметіңіз болсын.
Есте сақтаңыздар:
Нүкте, үтірден кейін бос орын (пробел) қалдыру керек.
Ілмектер жазбаңыздың мазмұнына сәйкес болсын.
Жазбаларыңызды әлеуметтік желілер арқылы таратып отырыңыздар. Сонда сіз жазған тақырып, мейлінше, көп оқылатын болады.
Сурет, видео, әндердерді қайдан алғаныңызды міндетті түрде көрсетіңіз. Өзіңіздің қауіпсіздігіңіз үшін.
ПЫСЫ: енді жазбаларда қате кететін болса, минустайтынымды ескертемін! Ренжіп жүрмеңіздер.
Сурет svojodelo.com сайтынан алынды.
68 пікір
Осы сөздеріңнен кейін, ойыма бір ой(идея) түсті…
Таныстыруға қатысты ролик не ереже т.с.с. керек екен, бірәқ ол пост ретінде жазылмауы тиіс…
Men jazba jazgym kelmei kaldy osydan kein))) Kop kate jibere berem. Kansha okysamda ylgyi kate jazyp koiam.Маған жіберсең, қатесін түзеп беремӘрине, айып емес, бірақ пайдасы тимесе, айтары жоқ болса, минусталады.
Мысалы, видео гитарада айтылатын ән жайлы делік, оны көрген Ангелито гитарада ойнауды үйренгісі келу керек.
Немесе, адамның санасын түртіп жіберетін болу керек. О
л жағы түсінікті шығармысалыңа мысалмен жауап.
деп ойлаймын.бірақ қатал болатын шығармынютубтан видеоларды әкеп қоюдың қажеті жоқ,-деп жазыпсың.Сонда Ютуб қызықтары деген блогты өшіру керек пе?мына менің +1 деп жазарыма шектеу қойма, өзіме ұнайды. Өзгелер еліктемей-ақ қойсын маған!өзі ұрысыспаған адамың қалмапты ғой, маған да келіп жетіпсіңбылайша айтқанда, сыбайлас жемқорлық сияқты болып көрінеді… жұрт та сенімен бірдей, егер сен жазсаң, олардың да жазуына құқығы бар…
мидың шегі бар ма еді?
пікіріңе айтқан пікірім
түсіндірейінөйткені әр бір қазақ тілді сайттарда кездесе бермейтін блог немесе идея ғой. Ал оған сілтеме қоюдың қажеті жоқ, оған түрсең болғаны шыққан тегі өзі-ақ шығады. Негізі қызықтың көкесі осы ютуб видеоларында жатыр емес пе… Тек ол қызықтарды ең күштілерін көру үшін жүз көз болуы керек, ал мында сол жүз көздеріміз көрген қызықтарын осында салып қоя беретін болса, онда ең қызықтысын /уақытты текке құртпай/ көріп үлгереміз деген сөзШото көп жазып қойдым ғой деймін =))) P S Ал былай, қалған ақылдарыңызға келісемін
Қазақ тілін қайталап шыққандай болдым-ау, бұрындары пунктуация ережелерін сақтап жазатын едім, басқалар «очм», «шо то», «айтавер», «нестевацн» деген сияқтыларды көрген сон "безразница" екен де мен де солай қалыптасып кетіппін. Енді қарасам, шынында, КӨПШІЛІГІМІЗ әріптен де, тыныс белгісінен де қателіктеге бой алдырады екенбіз.
Сосын
деген жерді қалай ұғайық? Егер айтқыңыз келгені тек қана минус қойып, ұнамаған жерін айтпай, үнсіз кету болса, автор өз қатесін қалай білмек, қалай түземек деп сұрағым келген.
дейсіз де соңына
дейсіз, екіншісі бірінші шартты бұзып тұр ғой. Міне вытыфы.
Екіншіде сұрағым келгені, Егер жазба ұнамаса минус (-) қойып кете беріңіздер! дегенді түрлі мағынада түсінуге болады екен, менің қабылдағаным дұрыс па соны анықтап және солай болып шықса, өз ойымды да қоса салайын дегем. Енді ұқтыңыз ба?
жазбаңызға ұолданып отырған сурет, ән, видеоны қайдан алғаныңызды көрсетесіз (хотя видеоларда сайт сілтемесі тұрады)
Ұнамады деп жазғанша, минус қойың!
Сұраған себебім, онша келіспейді екенмін: жаңадан жазып бастап келеміз, қай жерде қандай қате кеткенін білмей, тек сол минустарды көзіміз банкі болып қарап отыра бергеннен қалай дамимыз?