"Жаужүрек мың бала" фильміне рецензия
Кино /
Мамыр айында Қазақфильмның аты шулы премьерасы — «Жау жүрек мың бала» жарияланды. Фильм алғашқы аптада ақ 1млн АҚШ долларынан көп пайда жинады. Қазір оны шет ел дистребьютерлары сұрап жүр деседі…
12 млн долларға түсірілген фильм өзіне кеткен қаржыны ақтамаса да, көрерменнің үмітін ақтайды дегенге толық сенемін. Фильм жанры: тарихи экшн. Сюжетыне келетін болсақ, жоңғар халқымен қазақ халқының соғысы жайлы. Бұл жерде жоңғарларды көрсеткені тарихқа жақын шығар. Себебі басқа киноларда жоңғарларды топас иттер сияқты көрсетеді. Сөз жоқ олар жауыз болған, бірақ олардың да өз саясаты болған.
Ал фильм сюжетіне келетін болсақ, қарапайым қазақ халқы, малын бағып, қыста қыстауға жазда жайлауға көшетін көшпелі, момын халықты оңай басып аламыз деген оймен жоңғарлар соғыс ашады. Адамдарды еш аяусыз өлтіріп, қырып, қазақтарды қаңғыртып жібермек болады. Кейбір сұлтандар жоңғарлар табанын жалап жүргенде, біздің кейіпкерлеріміз, ол Сартай, Таймас, Қорлан өз соғысын ашады. Бұлардың ауылдарын да кезінде ойраттар ойратып кеткен, Сартайдың ата анасын өлтіріп, Таймастың әкесін өлтірген кезде, бұларды Қорланның әкесі тәрбилеп өсіреді. Жеті жыл өткесін бұрынғы балалар, қазіргі батыр болу үшін жоңғарларды қыра бастайды. Жолында өздері сияқты жетім, қаңғырып жүрген жігіттерді кезіктіріп, өзіне қосып алады. Не керек, фильмге экшн мен сюжетты байыту үшін махаббат та, сатқыншылық та бар. Маған бүкіл киноны айтпау қиын болып тұр, бірақ сіздерге де интрига қалдырайын…
Менің фильмнен алған әсерім өте тамаша, сондай патриоттық сезімді оятады. Түсіру тобына,
сценаристтерге Мұхаммед Мамырбековпен Жайық Сыздықовтарға ерекше алғысымды білдіргім келіп отыр. Себебі кинодағы репликаларды естігенде, сөздері құлаққа емес жүрекке барады. Кинода біздің ақсақалдарымыз бен жастардың жинақы ойынын көрген мені өте қатты қуантты. Фильмге 10 балдық шкала бойынша 10!

26 пікір
Әлемдік деңгейде алатын болсақ, ТРОЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯ:)
орыстар не сын айтады екен, кемшіліксіз кино болмайды ғойТүсірушілерде мықты екен, тура Сартайлар етек деп түсіп жүретін жердегі жатқан қыстаулықты, асфальт жолдарды қайда жібергенін байқамай қалдым.Кинода тамаша, тарихтан айтып атқанда оұымай қоюшы ек, бір кинодан қаншама тарихты біліп алдық… Рахмет, жасай бер қазақ, жасай бер.!!!