"В клетке" қорқынышты киносына рецензия

Кино /
Ассалаумағалейкум Айтабер халқы!
Бүгін Рецензия блогына алғашқы жазбамды жазғалы отырмын.Осыдан 1-2 күн бұрын интернет арқылы «В клетке» атты қорқынышты(ужас) кино көргенмін.Сол кино туралы айта кетейін.Тек жүрегі нашарлар оқымаяқ қойсын!



Анықтама:
Атауы: В клетке
Шыққан уақыты: 2010
Жанры: ужас, триллер
Режиссері: Ян Гозлан
Рөлдерде: Зоэ Феликс, Эрик Савен, Ари Элмале, Иван Франек, Игорь Скреблин, Горан Костик, Саша Мийович

Тәәк, бастайын:)
Басты рөлде бір қыз екі жігіт ойнайды.Қыздың есімі-Кэрол.Кэрол-гуманитарлық экспедицияның қатысушысы.ОЛар үшеуі Шығыс Еуропаға көліктерімен жолға шығады.Экспедицияға.Кенет жолда келе жатырса, жолда әскерилер жолдың жабық екенін айтады.ОЛар кері қайтпай, орманның ішімен басқа жолмен өз жолдарын жалғастыруға бел буады.Жаңа әскерилер тұрған жолға дейін қыз Кэрол көлікті айдап келген болатын.Ал енді орман арқылы басқа жолмен көлікті Кэрол емес оның қасындағы жігіт жүргізеді.Сонымен олар жолдарын жалғастырады.Қыз құлағына наушник салып көліктің артына ұйықтап кетеді.Екі жігіт көліктің алдына отырады.Бір мезгілді гүбір-гүбір дыбыстар естіле бастайды.Қыз оянса беттеріне маска киген біреу автоматтың лазерін қыздың маңдайна тақап көліктен түсуді сұрайды.Сол жерде аласапыран басталып кетеді.Үшеуін бір көліктің артындағы торға қамап алып кетеді.Сосын, бір бөгде жерге әкеліп жердің астындағы торға, яғни түрме сияқты іші, сонда әкеліп қамайды.Сосын 1-2 күн өтеді.Аналар аң-таң не болғанын, неге әкелгенін түсінбейді.Оларға сес көрсетеді, бұларынан ештеңе шықпайды.Бір күні сол жатқан жерлерінің тордың ар жағында жарда бір телефон ілініп тұрады.Сол телефон түнде шырылдайды.Солардың адамдары дәрігер болатын.Сол тұтқаны алады.Айпақшы ұстап алғандардың тілдері мүлде басқаша.Сомен, ана дәрігерге телефон шалады.ОЛ ұстайды.Сөйлеседі.Тордың бер жағынан ана қыз не сөйлескенін біле алмайды.Өйткені тілдерін түсінбейді.Сөйлесіп болды дәрігер… Бір мезгілде қара майка киген екі жігіт аналар жатқан торға келеді де қыздың қасындағы жігітті алып кетеді.Қыз аң-таң болады да қалады тағы.Бір мезгілді бірнеше адам тордың қасымен очм ұзын дәлізғой соның бойымен ана жігітті населкеге салып апара жатады,Қыз үңіліп қараса жігітті сойып,ішкі-құрылысын шелекке салып алған.Қыз бақырып,құсып,қорқып қалады.Сосын қыз жатқан бөлмесінің тор терезесінен қараса, сыртта басқа біреулер ана жігіттің етін алғанын, ол баскесерлерге ақша бергенін өз көзімен көріп барлығын түсінеді.Түсінгені: Олар адамдарды ұстап әкеліп,қамап, телефонмен адам етіне тапсырыс берсе ақшаға адамдардың етін сатады екен.Көп соза бермей не болатынын айтайын.Бір күні кезек ана қызға келеді.Қызды соятын бөлмеге апарады.Жатқызады.ЕНді көзін ояйындеп жатқанда қыз қолын шешіп үлгеріп дәрігердің мойнына қайшыны сұғады.Дәрігер өледі.Қалған бір жігіт басқа торда жатады.Айтпақшы тағы бір торда кішкентай қыз жатады.Сол қызға сені құтқарам деп уәде етеді.Қысқасы жігіт пен қызды құтқарып қашады.Аналар итпен қуады.Ана жігіт аяғынан жарақат алған болатын, ол жүгіре алмай қалып қояды да, сендер жүре беріңдер деп,өзі иттерге таланады,ұсталады.Кэрол мен ана кішкентай қыз ұзын қамыстардың ішімен қашады.Ана қыз бірталайын өлтіріп соңында бір жігітті өлтіре алмай қалған болатын, сол жігіт мылтықпен қуады.Қамыстың ішіне оқ атады.Аналар жасырынып қалады.Сосын ана қыз ана жігітті қамыстың ішінен өлтіреді.Қыз екеуі тірі қалып,ұйықтап кетеді.Көзін ашса тағы біреу келіп тұұр, кім екен десе әскерилер екен.Сосын екеуі құтқарылады.Кино жақсы нәтижемен аяқталады.Бір өкініштісі қыз екі досынан айырлады.Есесіне қыз үлкеен ерлік жасап баскесерлердің қылмыстарын құрықтап басқалардың өмірін құтқарып қалды.


П\С: Бұл киноның астарында ащыы шындық жатыр.Қазіргі заманда да осылай адам етін сататындар бар.Бір дәлел:«Мүмкін емес» бағдарламасында адамжегіштер туралы айтқан болатын.Осыдан-ақ бар екенін білуге болады.

9 пікір

Ais_97
Негізінде ужс киноны анда-санда көретінім бар,қорқыныштығо негізі.Ең соңында қыздың ерлік жасағаны жақсы болыпты,өкініштісі шынымен екі досынан айырылған екен.Адамжегіштер негізінде бар, бірақ ол қараңғы жерлерде жүреді.

pari
қараңғы жерлерде жүреді.
олардың жүрмейтін жері жоқ
Мынау рецензия емес қой, жай мазмұнын айтып беру :)
Резенция қандай болады сонда?
Рецензия дегеніміз әдеби-публицистикалық жанр. Жай ғана мазмұнын айтып беру публицистикалық шығарма емес. Рецензияда фильмнің ерекшеліктері, көркемдік қырлары, актерлердің-кейіпкерлердің ойындары мен образдары талданады. Мысал ретінде "Киностан" порталында жазылып жүрген рецензияларға қарауға болады.
Jako
100 пайыз қосыламын.
енді түсіндім рахмет, жасап көрермін уақыты келсе
userr
Мынау дым рецензия емес.

Керектіктердің рецензияларын қара, оқы

Әсіресе Патиктің,Қисықтың, Асауботаның және т.басқа қолданушылардың жазғандары ұнайды…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.