Менің атым Қожа...

Кино /
Бүгінде бұл киноны көрмеген бала жоқ шығар. Теледидардан көрсетілсе, үлкені де, кішісі де қайталап көруге қазырде дайын. Бұл фильмнің көрерменге жол тартқанына 50жылға таяған.
Балалар әдебиетінің классигі суретБердібек Соқпақбаев және Балалар киносының атасы атанған марқасқа режиссер А.Қарсақбаевтың атағын дүр сілкіндірген осы Менің атым Қожа фильмі. Екі алыптың жолдарының кездесуіне себепші болған Тахауи Ахтанов болды. Б.Соқпақбаев; «Жұмыс орнымда отыр едім.Біреу хабарласып, Тахауимен сөйлесті. ол болса, өзің келсең, мында өзі де отыр, не нәрсе болсада шешуге болады ғой деді де телефонды қоясалды. Бердібек сен осы балаларға арналған шығармаларыңды киноға дайындасаң қалай болады? Жаңа ғана Абдолла деген режиссерді шақырдым. Киноға келсек, ол үлкен талант. Нағыз таптырмайтын адам деп отыр еді, екі мұрты едірейіп, Абдолла да келді. Абдоллаға қарап; Мына кісінің үлкен жазушы екенін білесің ғой деді, ол ия деді. Сендер бірігіп жұмыс істесеңдер қайтеді деді, Абдолла; Бұл кісінің Қожасын өзім көптен күткен бері зерттеп жүр едім, енді өзі келіссе, деді, мен болсам; бұрынырақ сценарийді жазып көрмегенмін деп едім, Тахауи; Жазбасаң, жазасың. Алдыңдағы сценарийлерді қайсысы жақсы, қайсысы жаман екенін көріп отырған жоқсың ба? Мына Абдолладай тәжірбиесі мол адаммен бірігіп жасайтын болсаң, қадамдарың сәтсіз болмас. Әумин деді» Сонымен екі алыптың әңгімесінен кейін, Бердібектің өз өмірінен алынған Қожасы фильмге айналып кетті.

Қожа маған ерекше ыстық деген Режиссер
Талантты режиссер Абдолла Қарсақбаевтың түсірген фильмі осы фильм алғашқы көркем фильмі.Көрермен қауымды алғашқыдан бастап өзіне баурап алды.Шетелдіктердің өзі қайран қалып жатты. 1967ж Францияның Канн қаласында өткен халықаралық фестивальде режиссерлік шеберлігі үшін бәйге алды. Бұған дейін де, бұдан кейін де қазақ киногерлері мұндай үлкен бәйгеге ие болмаан. Фильм Орта Азия бойынша екінші дәрежелі дипломға ие болды. Журналистердің сұрағына; Өзіңізге ерекше ұнайтын туындыңыз дегенде, ол; Қожам деп айтқан екен.

Сұлтанның өмірі
Оқуын тастап, бұзақылық жасап жүргеніне қарамастан көрермен қауымның сүйіспеншілігіне бөленген Сұлтан рөлін ойнаған Марат Кәкенов. Фильмге түсерде денсаулығы нашарлап, Марат өмірден өтті.

Жұмағұл қойшының баласы Дәулет
Анасына ине әпергісі келіп, сол үшін Сұлтаннан ақша сұраған кішкентай Дәулет кино әлеміне кездейсоқкелген. Ұлты дүнген. Қазыр Дәулет- Юнос Шамусев дәрігер.

Қожаға ғашық болған Жанар
Озат, тәртіпті сүйкімді Қожа мен Жантасты ғашық еткен Жанар кейін кино өмірінен қол үзген. Жанар-Гүлнәр Құрабаева. Политехникалық институтты тәмамдап, инженер мамандығын алып, өз мамандығымен жұмыс істеуде. Г.Құрабаева; "Қожа екеуміз шахмат ойнап отырғанда, ашуланып шахматты шашып, жылау керек кезінде, жылай алмай күле бердім. Соған бола бес алты рет түсірдік.

Кененбай Қожабеков
Сабырлы, салиқалы ұзтаздың рөлін ойнаған атақты актер Кененбай Қожабеков. Абдолланың студент кезінен кезінен болған досы.Режиссер актер досына мүгедек болғанына қарамастан фильдерінен рөл беруге ат салысқан. Досының талантын көре алмаушылармен жаға жыртысуға дейін барған Абдолла актер досы Кененбайдың үйіне бара жатқанда көз жұмған.

Бақадан қорыққан Майқанова
Байсалды, байыпты, шыдамсыз сынып жетекшісі Майқанованың рөлін ойнаған, Ғабит Мүсіреповтың жары болған Рая Мұхамедьярова алып шықты. Біраз киноларда ойнаған актриса бүгінде зейнетте.

Нұрлан Сегізбаев, Қожа рөлін ойнаған актер;
Кезінде Қожа болып жүрген кезіңізден қандай естеліктер айтып бересіз?
Мені алғаш көргенде, режиссер мені кргенде тілін жұтып қойғандай меңірейді де қалды.Шамасы көөңілінде жүрген баланың табылғанына қуанғаны шығар. Кейін Шәкен Айманов келіп; саған керек бала осы деп кетті. Мен актер емес ежім. Әр баланың бойында бір талант болады. Соның көзін аша білу керек. Фильмге түсу мен үшін оңай болмады. Сабағым да мәз емес еді. Киноға түсем деп кластан қалып қойдым. Қатты шаршайтынмын. Абдолла аға балалардың тілін қатты табатын. Сұлтан екеуміз төбелесіп қалатын жеріміз бар, сол кезде шын төбелесіп, оның мұрнын қанатып қойғанмын. Сұлтан маған фильмде темекі тартуды үйретсе, фильмнен кейін өмірде мен оған үйреткенмін. Қарап отырсам Бұл фильм қазақ киносының классикасына айналды. Киноға түсерде айына тоқсан сом алдым. Он айға тоғыз жүз сом. Ол ақша маған киімдер мен велосипед алып берді.Отбасымыз үлкен, әкем ғана жұмыс жасайды.1999ж анам қайтыс болды, кеңсайға жерледік. Анамды жерлеп жатқанда қарасам, таң қалдым. Тура жанына актриса Бикен Римова жерленген. Кинодағы менің анам. Сөйтіп өмірдегі, фильмдегі аналарым мәңгілік мекендерінде жатыр.

11 пікір

kz_aidar
Жақсы жазыпсың… Осындай кинолар неге түсірілмейді екен қазір? техниканыңда, киноныңда дамыған заманында осыдан асып түсер кино түсірілмегеніне қайран қалам…
m170785
Ол күннің бізге әлі туар Айдар. Бір режиссер оянар, әлі де күтейік, бірақ күтіп ақ шаршадық. Алпамыстай, Қожадай, Қожанасырдай кинолар бізге өте керек ақ. Бір алып Аймановтай, Қарсақбаевтай режиссерлар табылса шіркін
m170785
олар тапшы ғой
kz_aidar
Иә ол күнде алыс емес шығар… күтеміз…
kz_aidar
осындайларға ызаң келгенде өзіңнің кино түсіргің келіп кетеді екен. Бірақ қолдан келер іс емес… Бәрі қаржыға келіп тіреледі…
m170785
түсіріңіз, бүкіл айтаберліктер бұл істі қолыңызға бердік )))
kz_aidar
хехехе!!! сонда бүкіл айтаберліктер спонсор боламыз дейсізбе!!))
m170785
Қарасақалымыз бастайды, Саямыз оператор, Көркеміміз кастинг жариялайды, Жако ағамыз режиссер, Әлішеріміз продюссер, Қырмызымыз сценарист, Абылайымыз реквизит дайындаушы, Берікболымыз монтажшы, Аликонамыз қоштайды аяқтап. Міне дайын )), Акамыз, Париымыз, Әл Әстіріміз ), Ерболымыз, Күншуағымыз, Банзайкамыз бен басқалары актер
AKA
Пікіріңізге мені қоспай-ақ қойсаңыз да ренжімеймін.
kz_aidar
тұнып тұрған таланттар екен ғой бәрі!!!)))
berik_kaznai
біз де қазақ жастары дәл осылай болмаса да осы мәтінде қазақша тартымды да қызықты фильм түсіре аламыз. солай емес пе? бірақ менің айтайын дегенім бұл емес. бұл фильм бізге өте таныс. осыдан біршама уақыт бұрын осы фильм жайында үлкен бір дау туындады. мұндағы бар мәселе Қожаны көрген мектеп жасындағы бала бұзықтықтарға барады сондықтан көрсетілуге тыйым салынсын делінген. менің айтаын дегенім басқа шет елднрдің атыс шабыс, зорлық зомбылық фильмдерін көргеннен бұзылмаған бала Қожа фильміндегі сотқарлық пен қыздың шашынан тартқанына бұзақылыққа барады дегенге ешкім сене қоймас. сондықтан біз жастар осындай мәселелерді көтеріп қазақ киноларын яғни тың да керемет шедевр дүниелерімізді сақтап қалайық. қазіргі таңда қазақ киносының сапасы артып жақсарып келеді. шет елге еліктегенше өз қолда бар алтынымызды қадірлейік доастар!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.